Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Бауыр» әңгімесіндегі кейіпкерлер әңгімесі (5 сынып, III тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Бауыр» әңгімесіндегі кейіпкерлер әңгімесі (5 сынып, III тоқсан )

САБАҚ: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Адамгершілік - асыл қасиет
Сабақтың тақырыбы: «Бауыр» әңгімесіндегі кейіпкерлер әңгімесі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 5.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу;
Б/С2.5. Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау.
Сабақтың мақсаттары:
- Сұрақтарға нақты жауап беру;
- Шығарма желісімен байланыстыру;
- Кейіпкерлерге портреттік мінездеме беру;
- «FILA толтыру» әдісі бойынша тапсырманы орындау.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды тексеру, назарын сабаққа аудару. Қызығушылық ояту. Үй тапсырмасын тексеру.
Әңгімені толық оқыған не оқымағанын тексеру мақсатында «Дұрыс-бұрыс» ойыны ойнатылады. Оқушылар қағаздың екі жағына дұрыс/бұрыс деп жазады. Мұғалім сұрақтарды рет-ретімен оқиды, қай сұрақтың жауабы дұрыс болса, оқушылар парақтың дұрыс деген жазуын, ал жауап қате болса, бұрыс деген жазуын көтереді.
1. Қалидың ағасы – Манап. - дұрыс
2. Директордың аты-жөні - Эльжбета Сергеевна. - бұрыс
3. Қалидың фамилиясы – Төрекелдиев. – дұрыс
4. Қали ән айтып, би билегенді ұнатады. – бұрыс.
5. «Ойнайтын да, қайнайтын да спорт залымыз осы. Балалар қазір жаттығып жатыр. Орындыққа тізе бүгіп, тоса тұрыңыз. Мен Қалиды ертіп шығайын». Виктория Ивановнаның сөзі. – бұрыс.
6. «Тығыз қара шашы ұсақ-ұсақ бұйра, қол-аяғы таралып қалған, кең иықты болмаса да ешкімнен қарызға жауырын сұрай қоймайтын кішірек көзді ақ сұр бала». Манаптың портреті. – бұрыс.
7. «Түу, Эльжбета Сергеевна, терді жаңа ғана үгіп, тырыс-бырысты жаза бастағанымыз сол еді. Басқа қолайлы уақыт табылмады ма?». Қалидың сөзі. – дұрыс.
8. Қали жетінші сыныпта оқиды. – бұрыс.
9. Балалар үйі Өскеменде орналасқан. – дұрыс.
10. Әңгімеде «Жетім көрсең, жебей жүр» мақалы кездеседі. – бұрыс.
Сабақтың тақырыбы, мақсаттары, ЖК таныстырылады. .....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі 5-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулат Исабеков «Әпке» драмасы 3-сабақ (8 сынып, III тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Қобыланды батыр» жыры (5 сынып, I тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 3-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Атымтай Жомарт қандай кейіпкер? (5 сынып, II тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары «Бауыр» әңгімесіндегі кейіпкерлер әңгімесі 5 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, «Бауыр» әңгімесіндегі кейіпкерлер әңгімесі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]