Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Атымтай Жомарт» әңгімесінің құндылығы (5 сынып, II тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Атымтай Жомарт» әңгімесінің құндылығы (5 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиет
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тәрбиенің қайнар бұлағы»
Сабақтың тақырыбы: «Атымтай Жомарт» әңгімесінің құндылығы
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) А/И3. Көркем шығарманың тілі.
Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы.
А/И4. Шығармашылық жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
5.А/И3.Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау.
Б/С1.Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау.
5.А/И4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту. Мінез, ерекше қасиеттеріне сай ат қою.
Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелері айқындалады.
Мағынаны тану.
Ой шақыру. Сөз бен мағына ұғымдарын қалай түсінесіздер? Сөз құдыреті дегенді қалай түсіндірер едіңіз?
Тапсырма. СЖ.
Қыпшақ Сейітқұл», «Атымтай Жомарт», әңгімелері І жақтан баяндала ма әлде ІІІ жақтан мазмұндала ма? Олардағы автор бейнесін қалай танимыз?» - деген сұрақтарға топ болып жауап іздейді.
Талқылау.
Тапсырма. Топтық жұмыс. «Джигсо» әдісі бойынша.
1) СӨЗ бен МАҒЫНА бағанасын жасайды. Бейнелі сөздерді теріп жазады, түсінік береді.
2)Кейіпкер сөзі, ішкі толғаныстары, /монологі/, ой-пікірін табады, түсіндіреді.
3)Шығармадан құндылықтардың суреттелген тұсын тауып баға береді. (өз көзқарастарын білдіреді).
Талқылау. Топтық бағалау.
Жетістік критерийі:
1.Сөз бен мағынаға талдау жасайды;
2.Шығармадағы кейіпкерлер сөзін табады, түсіндіреді;
3.Шығармадағы құндылықтарды табады.
Тапсырма. Жеке жұмыс. «Шағын әңгімелерден алған әсерім»
Өз ойын өлеңмен не хат түрінде жеткізеді.
Жетістік критерийі:
1.Жазылым жұмысының талабын сақтайды;
2.Өз пікірін дәлелді жеткізеді.
Кері байланыс. ПОПС формуласы
«Менің ойымша, бұл...»
«Себебі, мен оны былай түсіндірер едім...»
«Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын...»
«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»
Бағалау. Мұғалімнің пікірі......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Атымтай Жомарт қандай кейіпкер? (5 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі 2-сабақ (5 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ы Алтынсарин «Атымтай Жомарт» әңгімесі (5 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ы Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі 1-сабақ (5 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі 2-сабақ (5 сынып, I тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары «Атымтай Жомарт» әңгімесінің құндылығы 5 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, «Атымтай Жомарт» әңгімесінің құндылығы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]