Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Д Бабатайұлы «О Ақтан жас Ақтан жас» (5 сынып, II тоқсан )
Пән: Қазақ әдебиет
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тәрбиенің қайнар бұлағы»
Сабақтың тақырыбы: Д. Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас»
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) А/И3. Көркем шығарманың тілі
Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау.
Сабақ барысы:
Оқушылар осы суреттер арқылы төрт топқа бөлінеді.
Шет елдегі қазақ балалары туралы бейнематериалдың алғашқы 5 минуты көрсетіледі.
Сабақтың мақсаты, күтілетін нәтижелер таныстырылады. Тілдік құралдар туралы жазылған қағаздар таратылады.
Теңеу (сравнение) – заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу. Оның жасалу жолдары: -дай, ¬-дей жұрнақтары арқылы, «секілді, сияқты» деген шылаулармен, «ұқсап, құсап» деген сөздер арқылы жасалады. Мысалы:
Келеді желдей зуылдап,
Жеткізбейді Шұбар ат.
Атқан оқтай зырылдап,
Жал-құйрығы суылдап.
(«Алпамыс батыр» жырынан)
Эпитет (грек. epіtheton – қосымша) – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз. Мысалы, қазақ поэзиясында “алтын” сөзі эпитет ретінде көп қолданылады.
Алтын күнді, қара жерді сағындым,
Жан-жолдасым – жүйрік желді сағындым.
(М.Жұмабаев, «Сағындым)
Қайталау, қайталама ұйқас – сөз әсерін, айтар ойды күшейте түсу үшін бір сөзді немесе сөз тіркесін бірнеше мәрте қайталап қолдану тәсілі.
Қайталаудың екі түрі болады:
1. Жай қайталау.
Мен, мен едім, мен едім,
Мен Нарында жүргенде,
Еңіреп жүрген ер едім.
(Махамбет)
2. Еспе қайталау.
Сарыарқаның бір тауы бар,
Бір тауы бар сымбатты.
Сол таудан сен сыр тауып ал,
Сыр тауып ал, қымбаттым.
(С.Сейфуллин)
Ұйқас – өлең тармақтарындағы сөз аяқтарының үндестігі, өзара ұқсас, дыбыстас естілуі. Ұйқас өлең сөздің ырғағын күшейтуге себін тигізеді, өлеңнің әуезділігін арттырады. Ұйқас – ұйқас үшін тұрмауы керек, яғни ұйқас өлеңнің пішініне ғана емес, мазмұнына қызмет етуі шарт.
1) қара өлең ұйқасы (ааба),
2) шұбыртпалы ұйқас (аааа),
3) ерікті ұйқас (абвгб),
4) кезекті ұйқас (абвб),
5) шалыс ұйқас (абаб),
6) егіз ұйқас (аабб),
7) аралас ұйқас (аабвбвббб),
8) осы күнгі ерікті ұйқастар (абабвгд).
Қазақ тіліндегі өлеңдерде жиі кездесетіндері – қара өлең ұйқасы, кезекті ұйқас және шалыс ұйқастар.
Әр топ берілген тілдік құралдар туралы мәтіндермен танысып шығады. Мұғалім сыныпқа тілдік құралдар туралы түсінік береді.
1-топқа тапсырма:
«О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңінен теңеуді табыңыздар.
2-топқа тапсырма:
«О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңінен эпитетті тауып көріңіздер.
3-топқа тапсырма:
«О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңіндегі қайталауды тауып, түрін анықтаңыздар.
4-топқа тапсырма:
«О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңіндегі ұйқас итүрлерін анықтаңыздар.
Барлық топтарға НҰСҚАУ:
«Пирамидалық талқылау»
Тік төртбұрыштың сыртқы бөлігіне топтың әр мүшесі өз жауабын жазады, ал ішкі төртбұрышқа төрт пікірге ортақ түйінді ой жазылады.
«О, Ақтан жас, Ақтан жас»
О, Ақтан жас, Ақтан жас,
Сенде жетер ме екенсің?
Жетімдіктің белінен
Асып өтер ме екенсің?
Жарық сәуле көре алмай,
Ел шаңына ере алмай,
Сол бойы кетер ме екенсің?
Жапанға біткен жапырақ
Жамылсан тонар ма екенсің?
Жазғы шыққан бүлдірген
Сұғыңсаң тояр ма екенсің?
Күрек тісін қасқайтып
Сұлу сүйер ме екенсің?
Бадана көз, тоғыз тор
Сауыт киер ме екенсің?
Білтеліні тұтатып,
Түтінін үзбей оқ атып,
Жау қашырар ма екенсің?
Тұлпар атты жаратып,
Құйрық - жалын таратып,
Бежін ерді ерлетіп,
Жорыққа жортып, терлетіп
Сырты қырлы, жүзі алмас,
Салған дағы жоғалмас
Сапы асынар ма екенсің?
Босағасын борлатқан,
Таңдайға дәмі татымас
Керегесін торлатқан,
Тегерішің манаттан,
Жібектен ызып бау таққан
Үйге кірер ме екенсің?
Тең құрбыңмен теңеліп,
Шаруа жиып кенеліп,
Бала сүйіп, мал жиып,
Керсеніңе бал құйып,
Өмір де сүрер ме екенсің?
Жетімдіктен өтерсің,
Шаң бермей әлі кетерсің.
Қажыма, Ақтан, қажыма,
Жетерсің, әлі жетерсің......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Д Бабатайұлы «О Ақтан жас Ақтан жас» 2-сабақ (5 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Атымтай Жомарт» әңгімесінің құндылығы (5 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі 2-сабақ (5 сынып, I тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Қобыланды батыр» жыры 2-сабақ (5 сынып, I тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ы Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі 1-сабақ (5 сынып, II тоқсан )

Іздеп көріңіз: