Қазақ тілінен сабақ жоспары: Экотурист үшін ақпарат (8 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Экотурист үшін ақпарат (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы туризм және экотуризм
Сабақтың тақырыбы: Экотурист үшін ақпарат
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану, коментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу
Сабақтың мақсаттары: Тақырыпқа сәйкес берілген мәтінді оқып түсіну әр түрлі тәсілдерді қолдану.
Сабақ барысы: Психологиялық көңіл-күй туғызу
Мұғалім «Гүлмен тілек» тәсілі арқылы оқушылармен сергіту жасайды және топқа біріктіреді. Оқушылар алдын ала дайындалып әкелінген түймедағы гүлін алақандарына салып тұрып, бір-біріне бір сөзбен ғана тілек айтады. Гүлдің астына жазылған «турист», «эко», «табиғат», «Қазақстан» сөздері арқылы төрт топқа бөлінеді.
Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды, соған сәйкес сабақ мақсатын таныстырады. Оқушылармен бірге бүгінгі сабақта экотуризм туралы тақырыпты меңгеру үшін оқылым дағдыларына негізделген тапсырмаларды қалай орындаймыз, не үйренеміз, қалай үйрнеміз деген сұрақтарға жауап бере отырып, бағалау критерийлерін талқылайды.
Оқылым алды тапсырма
«Миға шабуыл»
Мұғалім оқушылардан экотуризм жайындағы ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін ортаға ауызша айтуларын сұрайды. Оқушыға сұрақ қою арқылы ойын еркін жеткізуге мүмкіндік бере отырып, талқылау жүргізіледі.
«Миға шабуыл» сұрақтары:
- Экотуризм деген не?
- Экотуризм мен басқа туризмдердің қандай айырмашылығы бар?
- Сендер жазғы каникулда жайлауда тұратын ата-әжеңе бардың, киіз үйде болдың, жылқыға, түйеге міндің, қымыз іштің делік. Мұны экотуризм деп айта аламыз ба?
- Экотуризмге барған туристің міндеті қандай болуы мүмкін?
- Қазақстанда экотуризм бар ма?
Оқылым тапсырмасы
«ДЖИГСО» (Элиот Аронсон бойынша) әдісі
«Экотурист үшін ақпарат» тақырыбындағы мәтінді топ ішінде оқып талқылайды. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз тобының жұмысы туралы сол топта талқылау жасайды, идеялармен бөліседі.
Мұғалім «Экотурист үшін ақпарат» тақырыбындағы мәтінді төрт бөлікке бөледі. Оқушылар төрт адамдық шағын топтарға сабақ басында бөлінеді («бастапқы топ»), топ мүшелері 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әрқайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы құрылады, сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің № 1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа, т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді.
Оқылымнан кейінгі тапсырма
«Өрмекші торы» әдісі
Оқушылар постерге өрмекшінің сұлбасын сала отырып, басына экотуризм тақырыбын, денесіне мәтіндегі өзекті ойларды, аяқтарына мәтін идеясын ашатын тірек сөздер арқылы шешу жолдарын жазып, өз ойларын тиянақтап пысықтайды.
Дескриптор
- сұрақтарға жауап беріп, талқылауға қатысады;
- мәтінді оқып, түсінгенін басқа топқа түсіндіреді;
- мәтіннен тірек сөздерді айқындайды, мәселенің шешу жолын ұсынады.
Мұғалімнің бағалау
Мұғалім «Температураны өлшеу» әдісі бойынша оқушыларға «Біз не істеп жатырмыз?» деп сұрақ қойып, тапсырманы қаншалықты түсінгендіктерін, жұмыс бағытын бағдарлайды. Мұғалім оқушыларды оқуға бағыттау және оларға мүмкіндік беру үшін оларға сындарлы кері байланыс береді.
- Ұтымды шыққан жауаптар...
- Тапсырма шартына сай, бірақ шығармашылықты қажет ететін ...
- Әлі де жетілдіре түсетін жауаптар...
- Креативті жауаптар ..., бірақ ... жетіспейді.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Экотурист үшін ақпарат 8 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Экотурист үшін ақпарат

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]