Қазақ тілінен сабақ жоспары: Театр – өнер айнасы (8 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Театр – өнер айнасы (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім тақырыбы: Театр өнері мен мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: Театр – өнер айнасы
Оқу мақсаттары: Т/А8.1.2.1 -әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдау;
ӘТН 8.4.4.4 –жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
• автор көзқарасын анықтап, экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдайды;
• жай сөйлемдерді айтылу мақсатын түсініп, құрылымдық ерекшелігін анықтайды.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту:
«Менің пікірім» әдісі.
«Біз театр сөзін көбіне, «Театр – өнер айнасы», «Ойын - сауық», «Мәдени ошақ» т.б. деп айта береміз. Бұл тіркестерге құлақтың үйренгені соншалық сана да, мәдениет те, салт та, дәстүр де бір мағынада айтылатын синоним сөздер сияты естілетін болып кетті...»
Оқушылар топта ұсынылған үзіндіні талқылайды, өз пікірлерін білдіреді. «Театр», «Мәдениет», «Өнер» сөздеріне түсінік береді.
Сұрақтар:
1. Берілген үзіндідегі ойға өз пікірлеріңізді білдіріңіздер.
2. Мәдени ошақ деген не?
3. Неліктен театр өнер айнасы болып табылады?
4. Өнерге байланысты қандай мақал-мәтел не қанатты сөздер білесіздер?
Сіз айтқан мақал-мәтелдің не тұрақты тіркестің мағынасын түсіндіріп көріңіз.
1-тапсырма.
Оқушылар мәдени-тарихи тақырыптағы «Театр – өмір айнасы» мәтінін тыңдайды және автордың көзқарасын анықтайды:
Театр – шын мәнінде өмір айнасы. Ол алдымен адамның өз-өзін реттеуіне, күнделікті мән бермей жүрген нәрселерін айнаға қарағандай өзінен табуға жәрдемдеседі. Қай жаста болмасын театрға келуі арқылы әр адам өзін басқа бір қырынан тануға, өмірден оқшау еместігін, оның біртұтастығын түсінуге, қоғамның бір бөлшегі екенін ұғынуға мүмкіндік алады….
Автордың көзқарасын анықтау мақсатында төмендегі сұрақтарға жауап береді:
1. Автор неліктен адамның өз-өзін реттеуіне театрдың әсері бар дейді?
2. Автордың ойынша көркем әсер адамға қалай әсер етеді?
2-тапсырма.
Автор көзқарасы мен экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдайды.

«Алматы ақшамы» газетінің Бас редакторы Қали Сәрсенбайдың берген жауабы бойынша көп нүктенің орнына сұрақ дайындап, өзара сұхбаттасады. ...........................................................................................................? - Біз театрмен есейдік. Студенттік жылдары осы театрға келіп, корифейлердің ойынын көріп, сұхбат құрып, мақала жазуды бақыт санадық.
- ...........................................................................................................? - Біздің қанатымызды қатайтқан, ойымызды, көзқарасымызды қалыптастырған – театр. Қарашаңырақ арқылы ұлттық мәдениетіміздің, тарихымыздың, болмысымыздың қайнар көзін сездік. - ...........................................................................................................? - Әлі де орайы келсе, жаңа қойылымдардан қалмауға тырысамын. Әр спектакль – жаңа таным, жаңа резонанс.
- ...........................................................................................................? - Мұнда еңбек ететін әр адамның өнер жайлы түсінігі, өмір жайындағы түйсігі өзгелерден биіктеу боларына сенімдімін.
- ...........................................................................................................? - Театр туралы жиі жазу, актерлермен, суретшілермен, драматургтермен жиі әңгімелесу журналистерді өсіреді. «Алматы ақшамы» газеті театрдың әр жаңалығына атсалысып, жариялап тұрады.
- ...........................................................................................................? - Бүгінгі театр – дамуды, шығармашылық тұрғыдан өсуді мақсат тұтқан ұжым.
Дифференциация:
Оқушылар өз қабілеттеріне қарай топта зерттеуші, саяхатшы, тілші мамандықтарының бірін таңдайды.
Міндеттері:
- зерттеуші өз жұмыстары немесе «ашқан жаңалықтары» бойынша есеп дайындайды.
- Саяхатшы театрдағы қызықты оқиға жайлы күнделік жазады.
- Тілші өнер қайраткерімен сұхбаттасады.
Грамматикалық тапсырма.
Оқушыларға жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігі түсіндіріледі.
Хабарлы сөйлем Негізгі белгілері
Белгілі бір оқиға, құбылыс, іс-әрекет туралы хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлем хабарлы сөйлем деп аталады.
Мысалы, Қойылымдағы бір адамның өмір жолынан өзінің өмірін көруі әбден мүмкін. хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылады
белгілі бір шаққа қатысты болады (өткен шақ, осы шақ, келер шақ)
айтушының іс-әрекетке көзқарасын, ой-пікірін білдіреді
хабарлы сөйлемде дауыс ырғағы бірте-бірте көтеріліп, соңына қарай бәсеңдейді
хабарлы сөйлемнен соң нүкте қойылад
Сұраулы сөйлем Негізгі белгілері
Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлем сұраулы сөйлем деп аталады.
Мысалы, Қойылымдағы бір адамның өмір жолынан өзінің өмірін көруі мүмкі бе? бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылады
сұрау есімдіктерінен және ма, ме, ба, бе, па, пе, ше (мы, мі, бы, бі, пы, пі, ші) сұраулық демеулік шылауларының қатысуымен жасалады
сұраулы сөйлемнің өзіне тән интонациясы болады: бас жағы көтеріңкі айтылып, соңғы жағы бәсеңдемей, көтеріңкі қалыппен аяқталады
сұраулы сөйлемнен соң сұрау белгісі қойылады
Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақ, жетек сұрақ, анықтауыш сұрақ болып бөлінеді.
Негізгі сұрақты сұраулы сөйлем – бір нәрсе, оқиға, іс туралы мәлімет алу үшін қойылған бастапқы сұрақты сөйлем. Мысалы: Бізбен бірге театрға барасың ба? Қазақтың қандай ұлттық аспаптарын білесің? «Астана Балет» театры қашан ашылды?
Негізгі сұрақ сұрау есімдіктерінен және ма, ме, ба, бе, па, пе, ше шылауларының қатысуымен жасалады.
Жетек сұрақты сұраулы сөйлем – негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша туған ойға байланысты сөйлем. Мысалы:
– Гастрольдік сапарға кімдер барады?
– Жас қызметкерлер барады.
– Біздер ше?
Жетек сұрақты сөйлем толымсыз болып құралады, көбіне тек сұрақ мағыналы сөзден ғана тұрады. Жетек сұрақ ше шылауының қатысуымен жасалады.Интонацияның ролі зор.
Анықтауыш сұрақты сөйлем – екінші жақтың сөзін анықтап алу үшін қойылған сұрақты сөйлем. Мысалы:
– Бұл рөлді кім ойнайды?
– Айбар ойнайды.
– Айбар?
– Иә, Тілек.
Лепті сөйлем Негізгі белгілері
Айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатында айтылған сөйлем лепті сөйлем деп аталады.
Мысалы,
Шіркін, Абай ролін сомдасам ғой!
айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатында айтылады: күйіну, таңдану, өкіну, сұқтану, сүйсіну, қорқу, қуану, қапалану, наразылық білдіргенде, т. б.
лепті сөйлем ерекше эмоциямен, сезіммен айтылады.
Лепті сөйлемнің жасалу жолдары:
1) сөйлемнің етістік формалары арқылы. Мысалы: Көзі мұндай өткір болар ма!
2) сөйлемге -ақ, -ау, ғой, -ай шылауларының қатысуымен жасалады. Мысалы: Балам, қонақтарға бір күй тартып бере ғой! Қарағым-ай, қатты толқып тұрсың-ау!
3) көңіл күйді білдіретін одағай сөздердің қатысуымен жасалады. Мысалы: Пай-пай, дауыс деп осыны айт! Уһ, жеттім ғой ақыры!
4) Лепті сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады
Бұйрықты сөйлем Негізгі белгілері
Біреуге бұйыру не талап ету мақсатында айтылған сөйлем бұйрықты сөйлем деп аталады.
Мысалы, Шуламай, көңіл қойып тыңдаңдар! біреуге бұйыру, талап ету мақсатында айтылады
бұйрықты сөйлем етістіктің бұйрық райының 2, 3-жағында айтылады
бұйрық не шартты райға -шы, -ші жұрнағының жалғануы арқылы жасалады
бұйрықты сөйлемнен соң нүкте немесе леп белгісі қойылады
Жұптық тапсырма ретінде тыңдалым материалынан (аудиомәтін) сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай ажыратады және негізгі белгілерін анықтайды.
Мысалы,
1. Театрға барғысы келген адам ең алдымен нені білуі тиіс?
2. Ол адам ең бірінші театрдың жалпы репертуарымен таныс болуы керек....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Театр – өнер айнасы 8 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Театр – өнер айнасы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]