Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бала құқығы (8 сынып, III тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Жасөспірім және заң
Сабақтың тақырыбы: Бала құқығы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу
8.3.1.1 тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құру
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар оқылым стратегияларын қолданып үйрену керек.
Тизистік жоспар құрастыру керек.
Сабақ барысы: Оқушылармен бірге сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылау.
Бүгінгі сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлері түсіндіріледі.
Оқылым алдындағы тапсырма.
Оқушыларға Баланың негізгі құқықтары туралы презентация ұсынылады. Оқушылар әрқайсына түсінік беріп, өз өмірімен байланыстып айтады.
Оқылым тапсырмасы.
Мұғалім оқушыларға «Бала құқықтары туралы заңнан» үзінді мәтінді ұсынады. Оқушылар баптарды оқып, әр бапты жұпта талқылап, бір сөйлеммен тақырыпша қою арқылы оқиды. Кейін жұптар бір-бірінің тақырыпшаларын топта талқылайды.
Мемлекеттің ертеңгі мықты тұғыры – жас ұрпақ. Өскелең ұрпақ қамын ойлау, балалық шақтың басымдығын мойындататын терең моральдық құндылық екені де сөзсіз. Отанымыз алғашқы қадамынан бастап-ақ бала құқықтары туралы әлемдік конвенцияға ерекше мән беріп, соның талаптарының аясында жұмыс жүргізумен келеді. Бұл халықаралық келелі құжаттың елімізде жүйелі жүргізілуі жөніндегі Жарлыққа Елбасы 1994 жылы қол қойған болатын. Сонымен қатар Президент өзінің бағдарламалық сөздерінде бала құқығын қорғау ісіне, жетім және ата-анасының қарауынсыз қалғандардың құқықтарын қорғауға мән беріп, басым шараларды нақтылап берді. Әсіресе балалар үйінде тәрбиеленушілер санын мүмкіндігінше қысқарту, ондағы жұмысты тиімді ұйымдастыру, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ұлттық деректер қорын құру жөнінде де нақты тапсырмалар жүктеді. Бүгінгі таңда республикамызда 6 миллионға жуық бала бар десек, оның 27 274-і жетім және ата-анасының қарауынсыз қалғандар. Екінші деректегі, яғни балаларды отбасыларға орналастыру бойынша қазір жүйелі жұмыстар жүргізіліп, бұл оң өзгеріске бастап, көптеген өңірлерде жетім балалар азая бастады. Бұған нақты мысалдар келтірер болсам, осы санаттағы балалардың, яғни 20841 (76 пайыз) ұл мен қызды мейірімі мол, алақаны аялы азаматтар өз отбасыларына алып, өнегелі тәрбие беріп келеді. Тек 6223 (22 пайыз) жетім және ата-анасының қамқорлығына зәру бала 132 білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау мекемелерінің қамқорлығында екенін еске сала кетелік. Оның ішінде бір мыңнан астам ғана бала тұл жетім, қалған 83 пайызы әлеуметтік жетімдер санатына жатады. Олар ата-аналарының кері кетуінен жетім қалған балалар. Мына жайды да жұртшылықтың назарына салар болсам, 2017 жылдан бастап, тағдырлы балаларды ниет білдірген отбасыларына беру мәселесі заңнамалық тұрғыда реттелді. Баланы қамқорлығына алған отбасыларды мемлекет қаржылай қолдап отыруға кепілдік берді. Бала асырап алушыларды да материалдық жағынан ынталандыру ісі өз шешімін тапты. Айталық, жаны жомарт азаматтарға 75 айлық көрсеткіш көлемінде төлемақы беру көзделген. 2015 жылдан бүгінге дейін 1239 бала қамқоршысын тапса, оларға Үкімет есебінен 174 миллион теңгеге жуық жәрдемақы төленді. Бұл шаралар балалар үйлерінің азаюына әкелуде. Соңғы 5 жыл шамасында балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілер саны 40 пайызға азайып, 10 мыңнан 6 мыңға төмендеді. Ал 4445 бала өздерінің туған отбасына оралды. Осыған байланысты елімізде 50 балалар үйі қайта ұйымдастырылып, біразы жабылды. Қазіргі уақытта елімізде отбасылық типтегі үш SOS балалар ауылы жұмыс істейді. Әлемде мұндай балалар ауылының жұмыс істей бастағанына 60 жыл болды. Ол балалар мүддесін, құқықтарын қорғайтын, қажеттілігін өтейтін әлеуметтік ұйым болып саналады. Осындай ауылдардың біздегі ұзын санына келсек, 9 мемлекеттік, 4 үкіметтік емес балалар және отбасы үлгісіндегі үйлер жұмыс істейді. Оның негізгі міндеті – ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды жасытпай, замандастарының қатарында қоғам дамуына сай бейімдеу, бұған қоса ертеңгі болашағын анықтауға көмектесу. Өмірлік дағды ұстанымдарын орнықтыруға жәрдемдесу, отбасылық, моральдық-рухани құндылықтарды танып, білуге дағдыландыру. Бұған қоса отбасылық үлгідегі 26 балалар үйіне қамқор бола отырып, орайы келсе туыстарын табуға сеп болу. Ондай үйлерде қазір 118 бала тәрбиеленіп жатыр. Балалар үйінің тәрбиеленушілерін әлеуметтендіру мақсатында мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде 2014 жылдан бастап балалар үйінің әрбір тәрбиеленушісіне жоғары оқу орнында, колледждерде мамандық алуына мүмкіндік жасау мақсатында арнайы есепшоттар ашылған. Бұл жұмыстың аясында 7779 тәрбиеленушіге 5 миллиард теңгеден астам сомаға қайырымдылық көмек көрсетілді. Бүгінгі таңда ЖОО мен колледждерде ақылы негізде 245 түлек білім алуда. Оларды әлеуметтік жағынан бейімдеу және өз бетінше өмір сүруге дайындау үшін жастар үйлері де ашыла бастады. Онда ЖОО және колледждерде білім алу барысында талаптанып жүрген 16-23 жас аралығындағы балалар үйінің түлектері тұрады. 2013 жылдан бастап осы санаттағы балалардың баспана алу құқығы бірінші кезекке шығып, олардың арасында заңды тұлғалардың баспанасын сақтап қалу жауапкершілігі де заңмен бекітілді. Балалар үйлерінің түлектері үшін ЖОО және колледждерге түсу кезінде мемлекеттік білім беру грантының 1 пайызы қарастырылғаны белгілі. Олардың білім алу барысында тегін баспанамен, тамақ, киіммен, медициналық көмек, оқулықтармен қамту, стипендия алу бойынша да көп жағдай қарастырылған. Осы санаттағы балалар асыраушысынан айырылғандығы, мүгедектігі дәйектелсе, жәрдемақы алуға құқысы бар. Жетімін жылатпаған халқымыздың шапағатты азаматтары, бүгінгі тілмен айтсақ, меценаттары да қол ұшын беруде. Бұл бойынша еліміздің барлық аймағында кәсіпкерлер, ірі мекемелер, бизнес құрылымдар қызметкерлері жанашырлығымен жетім балаларға қолдау көрсету ісінде кешенді жоспар жүзеге асырылуда. Осының шеңберінде білім алған жастар жұмысқа орналасып, баспанаға қол жеткізіп, ел дамуына өз үлестерін қосуда.
Оқылым мәтіні бойынша орындалатын тапсырма:
1. Мәтін тақырыбын анықта.
2. Мәтін идеясы қандай?
3. Мәтіндегі негізгі ақпарат пен қосымша ақпаратты түрлі-түсті қарындашпен бояп, ажыратып қой.
Жазылым тапсырмасы.
Балаларға заң түсінікті болуы үшін оқушылар өздері баптарға қойған тақырыпшаларға қысқаша тезис құрайды. Мұғалім тезисті жоспар құрау үшін баптарды жұптарға бөліп береді. Кейін барлық тезистерді жинақтап, бір шағын кітапша құрастыруға болады. .....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тәж-Махал – өлмес махабаттың символы (6 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жаңа заманның байланыс құралдары (6 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сандық технологияны меңгерту курстары (6 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Нағыз дос (7 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Экотурист үшін ақпарат (8 сынып, IV тоқсан )

Іздеп көріңіз: