Қазақ тілінен сабақ жоспары: Адам құқығы (8 сынып, III тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Адам құқығы (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Жасөспірім және заң
Сабақтың тақырыбы: Адам құқығы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу
8.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу(аргументативті эссе)
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар өз ойларын дәлелді, жүйелі жеткізеді.
Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, аргументативті эссе жазады.
Сабақ барысы: Оқушылармен бірге сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылау.
Тыңдалым алдындағы тапсырма.
Оқушылар «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында бір-бірінен интервью алады. Жауаптарды саралай келе, қорытынды шығарады.
- Сен өз құқығыңды білесің бе?
- Сенің құқығың үнемі сақталады деп ойлайсың ба?
- Сен өз құқығыңды қалай қорғайсың?
Тыңдалым тапсырмасы.
Оқушылар «Адам құқығы» туралы тыңдалымды тыңдайды. Тыңдалымдағы мәселені талқылап, диалогқа түседі. Диалогта оқушылар заң терминдерін орынды қолдануы керек. Мұғалім терминдерді алдын ала беріп қояды.
- Жапондықтар ар-намыс мәселесін қандай орынға қояды?
- Самурайлар қандай тәртіпке бағынады?
- Бір қылмыс үшін кім жазалануы мүмкін?
- Үнді халқының жастары қандай?
- Үнді халқы өз қалауларымен отбасын құра алады ма?
- Үнді халқының қандай құқығы жоқ?
- Азия елдеріне қандай ортақ құқық бар?
- Әйел құқығы деген не?
- Нидарланды әйелдері туралы қандай пікірлер бар?
Ж. Жазылым тапсырмасы.
Оқушылар бейнематериалдағы ақпараттарды қолданып, «Әлем елдеріндегі адам құқықтарының сақталуы » тақырыбында эссе жазады.
Жазылымда оқушылар әр елдің адам құқықтарын сақтауына байланысты артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырып, өз ойларын нақты дәлелдер келтіріп жазады.
Мұғалім оқушыларға қосымша деректерді ізденіп, пайдалануына жағдай жасайды. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дүниежүзілік жануарларды қорғау күні (8 сынып, III тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Роботтар мұғалімдерді ауыстыруы мүмкін бе? (8 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қоршаған орта Айтылым сабағы (8 сынып, III тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстанда экотуризмді дамыту үшін қолайлы ресурстар жеткілікті (8 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: 1мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні (7 сынып, III тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Адам құқығы 8 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Адам құқығы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]