Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жасөспірім және заң (8 сынып, III тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Жасөспірім және заң
Оқыту мақсаттары: 8.1.2.1 - әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдау.
8.2.6.1 - оқылым стратегияларын қолдану:комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту кезеңі
Мұғалім тақырыпқа көшпес бұрын мына сөздерге оқушылардың назарын аударады:
“Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі”.
Ж. Аймауытов
-Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек, не болар еді?
Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайды. Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды. Ал тәртіп пен заң біздің қалыпты тірлігіміз үшін қажет. “Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды” деген Б.Момышұлының сөзін естен шығармайық.
Мағынаны тану кезеңі.
-Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болмақ?
Ж.Аймауытовтың осы сөздерін қалай түсінесіңдер?
- Бүгінгі жаңа бөлімнің тақырыбы- Жасөспірім және заң .
Баланың қылмыстық жолға түспеуіне бірінші жауапты- отбасы. Сондықтан Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде жасөспірімдер арасындағы тәртіпті күшейтіп, олар үшін мәдени шараларды кең деңгейде өткізу олардың болашағына жағдай жасауды қолға алып отыр. “Жаңа әлемде жаңа Қазақстан” атты жолдауында Н.Ә. Назарбаев жастар болашағына үлкен сенім артатынын атап көрсетті.
Сынып оқушыларын 3 топқа бөлінеді.
Тапсырма:
Топтарға тыңдалым монолог, полилог, диалог типіндегі мәтіндер беріледі.
Оқушылар тыңдалым мәтіндерді мұқият оқып, танысады, топта талқылайды, мәтіннің тақырыбы мен идеясын анықтайды, мәселенің өзектілігін шынайы өмірмен байланыстырып ой бөліседі. Мәтіннің типін анықтай алады.
Дескриптор:
1. Мәтіннің тақырыбы мен идеясын түсінеді.
2. Мәтіннің негізгі ойын түсінеді.
3. Автор көзқарасын білдіруде экспрессивті-эмоционалды сөздердің рөлін түсінеді;
4. Мәтіннің типін анықтай алады.
Оқушылар топтарда дескриптор бойынша мәтінге талдау жасап, қорғайды. Өзге топтар бағалап отырады.
Бағалау парағы.
Оқу мақсаты Тапсырма
8.1.2.1 - әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдау.
8.2.6.1 -оқылым стратегияларын қолдану:
комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу. 1. Оқылым материалын түсінеді.
2. Негізгі ақпаратты ажыратады, автор көзқарасын түсінеді.
3.Экспрессивті-эмоционалды сөздерді таба алады.
4. Автор көзқарасын түсінеді.
5. Ойларына дәлелдер келтіреді.
Дағды
Дескриптор Ж Т
Болжау жасай алады.
Негізгі ойды анықтайды.
Негізгі ойға дәлелдер келтіреді.
Сөйлеу кезінде интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолданады.
Сергіту сәті.
«Қызыл, сары, көк ауыл» ойыны
Жер енді ғана жаратылған, адамдар бір бірімен дос, бауыр болыпты, бір-бірінен еш нәрсені аямапты. Бір. күні аспаннан әр түрлі ленталар түсіпті де адамдар үлгергенінше бірі қызылын, бірі көгін, енді бірі сарысын алыпты Күндердің күнінде қатты жел тұрыпты да қызыл лента алғандар қызыл, көк лента алғандары көк ауыл болып бөлініпті. Әр ауыл бөлек-бөлек қорған тұрғызыпты. Біраз уақыттан соң әр ауыл достықты ұмытады. Көк ауылда су бар, азық жоқ, қызыл ауылда азық бар, су жоқ, Сары ауылда азық та, суда бар, от жоқ. Енді қалай өмір сүруге болады, не істейсіңдер?
Оқушылар өз ойларымен бөліседі.
2-тапсырма. Мәтінді оқып отырып, оқылым стратегияларын қолдану:комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу.
КӨРГЕНІ ЖАМАН БОЛҒАСЫН
Жасөспірімдер арасында жантүршігер оқиғалар жиілеп барады. Оған бұрынғы адамдар айтып отыратын «көргені жаман ғой көргенсіздің» деген сөзі келетіндей…
Иә, бала көргенін қайталайды. Ал, олардың сыртқа шықпай-ақ, үйде отырып та теледидар мен интернеттен оңған дүние көрмейтініне кімнің дауы бар?..
«Тас түскен жеріне ауыр» болатынын ата-аналар дер кезінде ойлай бермейді. Көбі «жұмыс, жұмыс, күнкөрістің қамы» деп шаршаулы. Мектептердің тәрбие жұмыстары жүйесіз. Ұлттық сипаты жүйке жұқартарлық. Сондықтан қараусыз, тыйымсыз, имансыз, еліктегіш жастағы ұл мен қыз бойындағы бұла күшті қайда, қалай жұмсарын білмей, отқа түскен көбелектей жанбай жатып сөнуге бой ұруда.
Бізге, қазаққа жетпейтіні, елдік деген ұғымды естен шығарғандық. Жастарымыздың досқа күлкі, дұшпанға таба болуы, қор болуы – бір отбасының, бір рудың, бір жердің ғана емес, тұтас елдің, ұлттың бетіне жағылған күйе. Оны ойлап жатқан кім бар? Елдік деген үлкен ұғым. Оны ел болып қорғау намысы оянбай, көрешегімізді көрмей өлмейміз.
Сөзім – өзімдікі. Елдік еңсесін көтеруі үшін ер азаматтар тез есін жиюы керек. Өзін-өзі сыйлататын бедел алуға қаракет етуді қолға алғаны жөн. Сонда олардың қас-қабағына қарауды үйренген отбасы қоғамдағы ер тұлғаның естілік деңгейі қайтсе заманды алға сүйрер еді.
Қазір сақалды басымен, ағарған шашымен жастар жасаған жаншошырлық оқиғаларды жай бір жаңалықтай әңгіме қылатын кәрілер көбейіп кетті. Әр аудан, әр ауыл, әр көшеде басы сыйлы бір үлкен жоқ дегенге кім сенеді? Тек солардың бағасын біліп, елдікке қызмет етуге ұйымдастыратын әкім-қараларда жетелі сана, рухты өре аздау емес пе?!.
Мұхтар Әуезовтің: «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы?» деген сөзі ешқашан ескірмесі анық. Әдебиетпен арын тазартпайтындарға, кітап оқымайтындарға, адал еңбекке араласпайтындарға түрлі қылмысқа бару түкке де тұрмайды. Жастар тәрбиесін есейгенде емес, сәби кезінен қалыптастыруға жаңаша, жанашар жүйеге көшпей, қатыгездік, қанішерлік, қаныпезерлік жойылады деу – жай сөз.
Гүлмира САДЫҚ
«Қазақ үні» газеті
Тапсырма:
1.Мәтінге тақырып қой.Оны өзің 2-3 сөйлеммен дәлелдеп түсіндіріп өтіңіз.________________
2. "Қылмыс жасайтындардың көбі отбасы тәрбиесінің дұрыс еместігінен",- дейді автор.Осы айтылған ой қаншалықты шындықпен жанасады? Ойыңды зерделей отырып жазып көр.___________________________________
3.Автор қозғаған ойға нақты комментарий жазыңыз.Айтар ойыңызды мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай жай сөйлемдермен жазылуына мән беріңіз.
____________________________
Ой толғаныс кезеңі. «Синквейн»әдісі арқылы ой қорытыңыз.....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жасөспірімдер арасындағы қылмысқа қарсы күрес (8 сынып, III тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мәдени мұра әлем назарында (8 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ұлттық тәрбие (8 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қоршаған орта Биоалуантүрлілік (8 сынып, III тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қыз баланың қайырымдылығы (8 сынып, III тоқсан )

Іздеп көріңіз: