Қазақ тілінен сабақ жоспары: Биоалуантүрлілік мәселесі (8 сынып, III тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Биоалуантүрлілік мәселесі  (8 сынып, III тоқсан )

ПӘН: ҚАЗАҚ ТІЛІ
Бөлім атауы: Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер
Сабақ тақырыбы: Биоалуантүрлілік мәселесі
Сабақ қамтитын оқу мақсаттары: 8.2.4.1 - тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау;
8.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала құрастырып жазу
Сабақ мақсаты:
Ғылыми стиль ерекшелігін түсінеді;
Публицистикалық стиль ерекшелігін түсінеді;
Сабақ барысы: Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушылары түгенделеді. Сабақ мақсаты хабарланады.
1-тапсырма
Берілген сөздерді стильдік ерекшелігіне қарай ажырат:
Экология, табиғатты аялау, табиғат перзенті, экожүйе, биоалуантүрлілік, орман дақылы, генетикалық жағынан ұқсас.
Дескриптор
Берілген сөздердің стильдік ерекшелігін анықтайды;
Ғылыми стильге тән термин сөздерді ажыратады;
Сөйлем құрастырады.
2-тапсырма.
Құрастырған сөйлемдердің тұрлаулы мүшелерін анықта, олардың алдында тұрған сөздердің сөйлемдегі қызметін анықта.
Б. Мұғалімнің бағалауы
3-тапсырма
Екі мәтінді салыстыра отырып, стильге тән ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазады.
Арал мәселесі қалай шешілуде?
Жүргізуші. Қызылорда облысы Арал аймағы секторын тұрақты сумен қамтамасыз ету тәжірибесінің жетістіктері туралы айтсаңыз.
Т. Кертешев (БҰҰ-ның даму жөніндегі бағдарламасы биоалуантүрлілікті сақтау саласындағы жобалардың менеджері). Арал мәселесі Сырдария суының 60%-ы егістік үшін пайдаланудан болып отыр. Екінші мәселе – Арал теңізі түбінің құрғауы. Аралдан бөлінген тұз Антарктидаға дейін жетеді. Бұл экожүйенің бұзылуына алып келеді. Сол себепті, Арал теңізінің түбінде орман дақылдары мен өсімдіктер егуді дұрыс деп таптық.
Жүргізуші. Сонда бұрын Арал теңізі болған жерде қазір орман телімдері егіліп жатыр ма?
Т. Кертешев. Иә, орман ағаштары мен өсімдіктері.
Жүргізуші. Әлемде бұрын осындай тәжірибе болған ба?
Т. Кертешев. Жоқ, болмаған. Барлық ғалымдар осы тақырыпты зерттеп жатыр.
Жүргізуші. Ал жануарлар әлемін қорғалуы туралы не айтасыз?
Т. Кертешев. Қазақстан территориясында қорықтарда мекендейтін жануар түрлері қорғалады.
Биоалуантүрлілік туралы
Табиғаттағы барлық биологиялық процестер биосфера мен экожүйелерден тыс жүрмейді. Осыдан биоалуантүрліліктің үш үлкен бұтағы тарайды. Әрбір бұтағы деңгейлерге бөлінеді. Биоалуантүрліліктің әр деңгейі бөлімдерге бөлінеді.
Биоалуантүрліліктің жоғары деңгейде көптеген әртүрлі экожүйелер және ландшафтар орналасады. Табиғатта біртекті мекен орталары болмайды. Кез келген түр дараларды құрады. Генетикалық жағынан бір-біріне өте жақын келеді. Олар еркін шағылысады және өсімтал ұрпақ береді.
Экожүйелердің кедейленуі техносфераның биосфераға жасайтын қысымынан пайда болады. Яғни, ол биоалуантүрліліктің кемуіне әкеледі.
Биоалуантүрлілік тек маңызды шаруашылық ресурсы ғана емес, ол биосфераның тіршілік етуінің шарты болып табылады.
1.Стильдерді ажыратып жазу.
2.Нақты белгілерінен мысал келтіру.
3.Мәтіннен нақты дәлелдер келтіру.
1-мәтін:
1.Стилі: (1 сөйлем) ________________________
2.Мысалы: (1 сөйлем)_______________________
3.Мәтіннен дәлелдер: (2 сөйлем)_____________
2-мәтін:
1.Стилі: (1 сөйлем) _________________________
2.Мысалы: (1 сөйлем)_______________________
3.Мәтіннен дәлелдер: (2 сөйлем)_____________
Дескриптор
1. Мәтін тақырыбын, мәселесін анықтайды.
2. Стильдерді ажырата алады;
3. Стиль белгілерін таба алады;
4. Мәтіннен дәлелдер келтіре алады;
5.Тұрлаулы мүшелерді анықтайды.
4 тапсырма
«Микрофон» деген айдармен өз жазғандарын оқиды. . ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Биоалуантүрлілік мәселесі 8 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Биоалуантүрлілік мәселесі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]