Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дүниежүзілік жануарларды қорғау күні (8 сынып, III тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дүниежүзілік жануарларды қорғау күні (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Қоршаған орта.
Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзілік жануарларды қорғау күні.
Жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу
(аргументативті эссе)
Сабақ мақсаты: Жануарларды қорғау тақырыбы бойынша эссе жазады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту. Оқушыларға «Қазақстан қорықтары» тарауы бойынша өткен материалдардан сұрақтар қойылады:
1) Қорықтардың маңызы қандай?
2) Қазақстанда қандай қорықтар бар?
3) Жануарлардың қандай түрлері азайып жатыр?
4) Өсімдіктер мен жануарлардың азаюына не себеп?
5) Жануарлар мен өсімдіктерді сақтап қалу үшін не істеу керек?
Жазылымалды тапсырма.
Оқушылар бірнеше топқа бөлінеді. Эссе тақырыбы ұсынылады: «Жануарлар мен өсімдіктерді қалай сақтап қаламыз? Мысалдар мен деректер келтіре отырып, өз ойыңды жаз»
А) Жоспарлау кезеңі.
Оқушылар топта ұсынылған тақырып бойынша не жазатындарын топта талқылап жоспарлайды:
1) Кіріспе.
2) Негізгі бөлім (2 абзац)
3) Қорытынды бөлім.
Ә) Деректер жинау кезеңі.
Оқушылар топта жоспарларына сәйкес, өткен сабақтарда берілген мәтіндерді, не оқулықты, не ғаламтор материалдарын пайдалана отырып, өздеріне қажетті мәліметтерді жинайды.
Жазылым тапсырмасы.
Әр оқушы жеке өздері құрған жоспар бойынша деректерді пайдалана отырып, эссе жазады. Эссенің сөз санын мұғалім өзі таңдайды. 80-100 сөз аралығы жеткілікті.
Бағалау критерийі Дескрипторлары
Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу Эссе желісін сақтау үшін жоспар құрады.
Мазмұнын ашу үшін деректер қолданады.
Қорықтардың артықшылығы мен кемшілігін көрсетеді.
Жазылымнан кейінгі тапсырма.
Оқушылар топта сағат тілі бойынша жазған эсселерін бір-біріне ұсынады және берілген бағалау дискрипторына сәйкес бір-біріне кері байланыс береді. Мұғалім де осы кезде сыныпты аралап, өз кері байланысын айтып, көмектеседі.
Кері байланыс «2 жұлдыз, 1 тілек» тәсілі бойынша ұсынылады.
Мәтіннен кейінгі тапсырма кезеңі.
Рефлексия
Сен бүгінгі сабақта не істей алдың?
Саған не қиын болды?
Сенің қандай сұрағың бар?....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Адам құқығы (8 сынып, III тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстан жерінде өсетін пайдалы өсімдіктер (5 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Роботтар мұғалімдерді ауыстыруы мүмкін бе? (8 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: 1мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні (7 сынып, III тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстанда экотуризмді дамыту үшін қолайлы ресурстар жеткілікті (8 сынып, IV тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Дүниежүзілік жануарларды қорғау күні 8 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Дүниежүзілік жануарларды қорғау күні

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]