Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жұмыспен қамту бағдарламасы (8 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жұмыспен қамту бағдарламасы (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары
Сабақтың тақырыбы: Жұмыспен қамту бағдарламасы
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.3.3.1. Мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі(кесте, диаграмма) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
• Графиктік мәтіндегі ақпараттарды түсінеді;
• маңызды тұстарды анықтай алады;
• деректерді негізгі ала отырып, мәтін құрайды.
Сабақ барысы: Мұғалім тақырыпқа қатысты бірнеше графиктік мәтіндерді сынып бөлмесіне іледі. Оқушылар 1 минут ішінде танысады және төмендегі сұраққа жауап береді.
Сынып қабырғасындағы суреттерді не біріктіреді?
Қабырғадағы парақтан қандай ақпарат алдыңыз?
Оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды.
Мұғалім оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды.
Жазылымға дайындық.
Мұғалім оқушыларға «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы туралы кесте және суретті ұсынады. Оқушылар графиктік мәтінмен танысып, төмендегі сұрақтарды жұпта талқылайды.
Тапсырма.
Төмендегі кесте және суретпен мұқият танысыңыз. Төмендегі сұрақтарды жұпта талқылап, жауап беріңіз.
• Бағдарламаның мақсаты қандай?
• Бұл бағдарлама кімнің бастауымен жасалған?
• Осы бағдарлама арқылы қандай міндеттерді шешу көзделіп отыр?
• Осы бағдарлама аясында қандай көмектер көрсетіледі?
• Бағдарлама қатысушысы болу үшін қандай қадамдарды орындау керек?
• Бұл бағдарлама пайдалы деп ойлайсың ба?
• Қандай артықшылықтары бар?
• Сенің ойыңша, нені жетілдіру керек?
Жазылым тапсырмасы.
Талқылаудан соң, оқушылар жазылым тапсырмасын орындайды. Оқушылар графиктік мәтіндегі ақпараттарды толық түсіндіретін, тұтас мәтін құрайды. Жеке көзқарасын білдіре жазады.
Жұмыссыз адамдарға «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын таныстырып, бағдарламаға жеке көзқарасыңды білдіріп мәтін құраңыз. Мәтінде маңызды тұстарды анықтап жазыңыз.
Мәтін құрауда төмендегі қадамдарды орындаңыз.
Кіріспе бөлімде:
• Кімдерге бағытталғанын жазыңыз.
• Оқырманның назарын аударыңыз. (суреттегі риторикалық сұрақтардан бастауға болады.)
Негізгі бөлімде:
• Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне тоқталыңыз.
• Бағдарламадан күтілетін нәтижеге тоқталыңыз.
Қорытынды бөлімде:
• Өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
• Қорытынды жасаңыз.
Дескриптор:
• Мәтін құрап жазады;
• мәтін құрылымын сақтайды;
• графиктік мәтіндердегі деректердің маңызды тұстарын анықтап жазады.
• өз көзқарасын білдіреді;
• байланыстырушы сөздерді орынды қолданады.
Оқушылар мәтіндерімен жұпта ауысады. Оқушылар жұпта бірін-бірі дескрипторға сай бағалайды......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Жұмыспен қамту бағдарламасы 8 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Жұмыспен қамту бағдарламасы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]