Қазақ тілінен сабақ жоспары: Болашақ мамандықтары (8 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Болашақ мамандықтары (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары
Сабақтың тақырыбы: Болашақ мамандықтары
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) О5 Перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
• Мәтіндегі ақпараттарды перифраза тәсілі арқылы өзгертеді;
• жуан және жіңішке сұрақтар құрайды;
• сұрақтарды құрауда перифраза тәсілін қолданады.
Сабақ барысы: Болжап көріңіз.
Оқушыларға болашақтың мамандықтары тізіміне енген мамандық атауы ұсынылады. Оқушылар осы мамандықтардың немен айналысатындығына болжам жасайды.
• Виртуалды әлем дизайнері
• Робоэтикалық адвокат
• Сандық мәдениет шолушысы
• Биохакер
• Адам денесінің дизайнері
• Ғарыштық гид
• Тұлға кураторы
Оқылым алдындағы тапсырма.
Мұғалім оқушыларға перифраз жасаудың жолдарын еске түсіреді. Оқушыларға талқылау сұрақтарын қояды.
• Перифраза дегеніміз не?
• Перифразаны жасаудың қандай жолдарын білесіз?
• Перифраза жасау не үшін керек?
Анықтама.
Перифраз (гр. periphrasis — айналым) — құбылыстар мен заттардың атын атап, түсін түстемей, айрықша белгі-қасиеттеріне негіздей отырып ауыстыру тәсілі. Перифраз мәтіннің идеялық-эстетикалық және көркемдік байлығын арттырады. Мағыналық реңк пен оның әсерін күшейтеді. Мысалы, орман патшасы (арыстан дегеннің орнына), дала кемесі (комбайн), қара алтын (көмір).
Сөйлемге тілдік өзгерістер жасай отырып, белгілі бір ойды басқа сөзбен жеткізу.
(Уикипедия)
Оқылым тапсырмасы.
Жеке жұмыс.
• Оқушылар «Ғарыштық гид және болашақтың мамандықтары» тақырыбындағы мәтінмен танысады.
• Болашақта пайда болуы мүмкін мамандықтар атауын, анықтамасын менталды картаға жазады.
• Анықтамасын сөздердің синонимін қолдана отырып перефразалайды.
1-тапсырма:
• Мәтінді мұқият оқыңыз.
• Мәтіндегі ақпаратты менталды картаға түсіріңіз.
• Мамандықтарға берілген анықтамаларды синонимдермен алмастырып, перефразалаңыз.
Дескриптор:
1. Мәтіннен мамандықтардың ерекшелігін анықтайтын сөз тіркестерін таба алады.
2. Сөз тіркестерін синонимдермен алмастырып, анықтаманы перефразалайды.
2-тапсырма:
Перефразаланған анықтамалардың негізінде жіңішке және жуан сұрақ құрастырыңыз.
Дескриптор:
1. Перефразаланған анықтама мәліметін қолдана отырып, нақты жауапты қажет ететін сұрақ құрастыра алады.
2. Перефразаланған анықтама мәліметін қолдана отырып, дәлелді жауапты қажет ететін жоғары деңгейлі сұрақ құрастыра алады.
Оқушылар жұптасады. Бір-бірінің сұрақтарымен танысады.
Дескриптор арқылы бағалайды, жұбына кері байланыс береді.
Оқылымнан кейінгі тапсырма.
«Сұрақтар қоржыны» стратегиясы.
Оқушылар өз сұрақтарын қоржынға салады. Сыныптан бір оқушы шығып, қоржындағы екі сұраққа жауап береді......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Болашақ мамандықтары 8 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Болашақ мамандықтары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]