Қазақ тілінен сабақ жоспары: 5-сабақ Ғарышты игеру жетістіктері (8 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 5-сабақ Ғарышты игеру жетістіктері (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Сабақтың таұқырыбы: 5-сабақ Ғарышты игеру жетістіктері
Оқу бағдарламасына сілтеме: Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу;
Оқу мақсаттары:
8.3.5.1 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Қызығушылықты ояту
«Қызық екен!» әдісі
Оқушылар ай фазалары жазылған қиындылар арқылы топқа бөлінеді. Өз тобына қатысты мәліметті оқып, қызық болған тұстарын « қызық екен, бізге қызық болды, қосымша қызық мәлімет бар» деген тіркестерді қолданып айтады.
Ай фазалары арқылы топты бөлу.
Жаңа Ай
Жаңа Ай- бұл айдың мүлдем көрінбей қалатын кезеңі, бұл кезде кемуші айдан өсуші айға ауысым процесі өтеді. Біраз жылдық тәжірибе бойынша бұл кезеңде адам бойында энергия таусылып, потенциал жоғарылайды.
Толған Ай
Толған Ай- бұл айдың дөңгелек шар тәрізді пішіндес тиолықтай жарқырауы, бұл кезде өсуші айдан кемуші айға ауысым процесі өтеді. Біраз жылдық тәжірибе бойынша бұл кезеңде адам бойында энергия біршама көтеріліп, керісінше потенциал азаяды.
Өсуші Ай
Біраз жылдық тәжірибе бойынша бұл кезеңде адам бойында энергия толып, астралдық информация көбейеді. Бұл кез жақсылықтың бастауы болып табылады.
Кемуші Ай
Бұл кезең ғалымдардың айтуы бойынша адам бойындағы энергия толықтай таусылып, дем алуға жақындауы болып табылады.
Оқушылар өз пікірлерін білдіргеннен кейін, сабақтың тақырыбын болжайды
- Сонымен, сабақтың тақырыбы не жайлы болмақ?
Оқу мақсатымен таныстыру.
Оқушылар 1минут топта оқу мақсатын талқылайды.
Оқушылардың жауабы тыңдалады. Оқу мақсатын түсіну үшін бір-біріне көмектеседі.
Бағалау критерийімен таныстыру, сыныппен бірге талқылау.
Мағынаны ажырату
Ойқозғау.
Жазылым алды тапсырмасы
Тапсырманы флипчартқа немесе А3 парағына орындайды.
Оқушылар топта үйден қарап келген ақпараттарын қолданып, «Жинақы мәтін деген не? Оны қалай жазамыз?» сұрағына жауап әзірлейді, таныстырады, «Анықтама бұрышына» апарып іледі.
1-топ
Жинақы мәтіннің негізгі талаптары:
1.
2.
3.
4.
2-топ
Жинақы мәтінді жазудың тәсілдері.
1.
2.
3-топ
Жинақы мәтін жазуда қолданылатын тілдік құралдар:
Ауыстыру:
1.
2.
3.
4.
5.
Алып тастау:
Біріктіру:
4-топ.
Аннотация дегеніміз...
Аннотация қалай жазылады?
Тезис дегеніміз...
Тезис қалай жазылады
Бағалау критерийі;
1. Жинақы мәтін жазудың талаптарын біледі
2. Жинақы мәтін жазудың тәсілдерін ұсынады
3. Жинақы мәтін жазуда қолданылатын тілдік құралдарды көрсетеді
4. Аннотация, тезистің жазылу талаптарын біледі

Топаралық бағалау. «Смайлик» әдісі.
Әр топтағы оқушылар «анықтама бұрышына» жапсырған тапсырмалардың ішінен өзіне ұнаған жұмысқа смайлик жапсырады.
Кері байланыс. Смайликтің санына қарай топтарды шапалақ арқылы марапаттау.
Ойды жинақтау .
1. Жинақы мәтін жазудың қандай талаптары бар?
2. Жинақы мәтін жазуда қандай тәсілдерді қолданамыз?
3. Жинақы мәтін жазуда қандай тілдік құралдарды қолданамыз?
4. Аннотация мен тезис қалай жазылады?
Жазылым тапсырмасы.
ҚБ
ЖЖ/Ж
Оқушылар тапсырманы жұпта, сосын жеке орындайды. Жұптар «жұп», «тақ» деп екіге бөлінеді. «Жұп» сөзін алған жұптар аннотация жазады, «тақ» деген жазуды алғандар тезис жазады. Оқушыларға оқылым мәтіні беріледі, мәтін мазмұнымен танысып, аннотация, тезисті қалай жазуға болатынын, мәтінді қалай қысқартуға болатынын жұпта талқылайды, «Анықтама бұрышындағы» мәліметтерді қайта қарауға болады, сосын тапсырманы жеке орындайды.
«Жұп» сөзін алған жұптар С.Биржанованың
« Ғарыштағы Әсет пен Саят» тақырыбындағ жазған әңгімесінің негізіг ойларын сақтай отырып, жинақы мәтін (аннотациясын) жазады.
«Тақ» сөзін алған жұптар «Алаш айнасында» жарияланған «Айдағы қызықтар» тақырыбындағы мақаланың негізгі ойларын сақтап, жинақы мәтін (тезисін) жазады
Тапсырма.
1. Мәтінді оқып, танысыңыз
2. Азат жолдардағы негізгі ойды білдіретін сөздерді, ойларды қалдырып, қалғанын алып тастаңыз.
3. Бірдей фактілерді жинақтап, оларды бір оймен беретін тіл құралдарын таңдап, жаңа мәтін құраңыз
4. Автордың негізгі ойларын, оқиғалардың логикалық реттілігіне назар аударыңыз, ойлардың арасында алшақтық болмау керек екенін ескеріңіз.
5. Жанрына сай жинақы мәтін жазыңыз.
Бағалау критерийі:
1. Мәтіннен негізгі ақпаратты анықтайды
2. Мәтіннің баяндау желісін сақтайды
3. Жинақы мәтін жазуда тілдік қолданыстарды орынды қолданады
4. Логикалық жағынан байланысы бар
5. Жанрына сай (аннотация, тезис),жинақы мәтін жазады
Жазылымнан кейінгі тапсырма
«Шеңбер бойымен» әдісі
Бағалау. Жұмыстарын шеңбер бойымен жылжыта отырып, дайын бағалау критерийі бойынша бағалап шығады. Ұсыныстарын білдіреді.
Кері байланыс.
Мұғалім оқушыларға кері байланыс беру үшін «Түртіп алу» әдісін қолданады.Сыныпты аралап жүріп, оқушы жұмыстарының жақсы және жетілдіру тұстарын жазып алады. Әр оқушыға жеке тоқталып кері байланыс береді.
Кері байланыс үшін
1. «Жақсы, тамаша» сөздері жазылған стикер беру арқылы оқушыны бағалап, мақтауға болады.
2. «Ұсынысым бар» сөзі бар ұсыныс жазылған стикерді беру арқылы диалогқа түсуге болады.
3. Тапсырманы орындауда қателік көп жіберегн оқушының жақсы тұстарын айтып,сыныптан көмек сұрап, «Қолдау көрсетейік!» деп, сол оқушыға көмектесудің жолдарын сынып болып шешуге болады.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ғарышты игеру жетістіктері (8 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мен қалай әртіс болдым? (8 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Араб әлеміндегі ең үлкен кітапхана Ұлттық академиялық кітапхана (6 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы көрікті жерлер (Бекет Ата жерасты мешіті Ақмешіт үңгірі) (6 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жазудың маңызы мен қызметі (8 сынып, I тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары 5-сабақ Ғарышты игеру жетістіктері 8 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, 5-сабақ Ғарышты игеру жетістіктері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]