Қазақ тілінен сабақ жоспары: Шумер жазуы (8 сынып, I тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Бөлім тақырыбы: Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы
Сабақтың тақырыбы: Шумер жазуы
Оқу мақсаттары: Ж8.3.5.1 -оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін жазу
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
• мәтіннің негізгі идеясын сақтап, жинақы мәтін құрастырады .
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту:
Сыныптың әр бұрышына мұғалім «Шумер жазуына» қатысты сөйлем немесе сөздерді ақ параққа жазып іліп қояды. Оқушылардың қолдарына сол сөз немесе сөйлемдердің жауабын немесе сұрағын карточкаға жазып береді (мысалы,1. Шумер жазуы қашан пайда болған? Жауабы: б.з.б. 4 – 3-мыңжылдықтарда Алдыңғы Азияда кең тараған көне жазу түрі.
2. . Шумерлердің 4-мыңжылдықтың 1-жартысынан 3-мыңжылдықтың басына дейін қайда мекендеген? Жауабы: Тигр мен Евфрат өзендері бойын мекендеген т.б.). Оқушылар сыныпты айналып жүріп, өзінің қолындағы тапсырмаға қатысты парақты табады. Барлығы тауып болған соң, бірлесе жүріп әр парақтың жанына барады. Өз парағының жанына келгенде, сол оқушы өзіне қатысты оқу материалын түсіндіреді. Бұл тапсырма жұпта орындалады.
Мәтінмен жұмыс кезеңі.
1-тапсырма.
Алдымен, оқушылар «Шумер жазуы» тақырыбындағы мәтінді мұқият оқып, негізгі ақпаратты табады және сұрақтар құрастырып, топтық тапсырма орындайды.
... Ежелгі адамдардың алғашқы қонысы Африка, алғашқы өркениет ошағы Шумер мемлекеті болып табылады. Мемлекеттік құрылым, жазу-сызу, білім-ғылым, мәдениет-өнер – осының бәрі Шумерде бастау алып, өркендеген. Шумер мемлекетін құрғандардың этникалық негізі, олардың жазу-сызуының тілдік негізі, наным-сенімдерінің түбірі, батыстық зерттеулер үшін әлі күнге құпиясын ашпай келеді...
2-тапсырма.
«Кереге диктанты» әдісі.
Сынып оқушылары 4-6 топқа бөлінеді. Әр топқа мәтіні бар түрлі-түсті парақ беріледі. Парақтарды оқушылар отырған жерден аулағырақ қабырғаға ілесіз. Оқушылар қабырғадағы мәтіндерді (Сына тәріздес сызықшалардың үйлесімді жиынтығы болып табылатын шумер жазуларына қатысты деректер мен сандық ақпараттарды т.б.) мейілінше жылдам өз дәптерлеріне түсіреді. Әр топтан бір адам мәтіндеріне барып, оның бір сөйлемін оқып, есіне сақтап, содан кері өз тобына келіп, басқаларға оқып беруі тиіс.
Топтың басқа мүшелері оған кез-келген сұрақ қоя алатынын ескертіңіз. Оқушылар кезекпен керегедегі парақта жазылған мәтіннің бір сөйлемін тобына есіне сақтап әкеліп жазғызады. Бір оқушы қайтып оралып әкелген ақпаратын айтып жатқанда, келесі оқушы қабырғадағы мәтінге бет алуы керек. Оқушылардың жазбаларында кемістік болуы қорқынышты емес. Олар қалдырып кеткен жерлерді артынан түпнұсқа мәтінмен салыстыра отырып толықтыра алады.
3-тапсырма. Жаңа білімді игеру
Бұл тапсырманы орындауда мұғалім әрекеті басым болады, себебі оқушыларға жинақы мәтін туралы жан-жақты түсіндірілуі қажет.
Мысалы,
Жинақы мәтін құрастыру жолдары:
• мәтінді мұқият оқу және негізгі, қосымша ақпараттарды анықтау; қосымша ақпараттарды сызып тастау;
• негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгілеу;
• автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдау;
• мәтін түпнұсқасының сілтемесін көрсету. Мысалы: А.Байтұрсынов айтқандай..., «Қазақ» газетінде ..., Мақалада «.....» берілген, т.б;
• алынған ақпаратты барынша қысқа беру үшін лексикалық, грамматикалық бірліктерді дұрыс таңдау білу. Мысалы:
қайталауларды жалпылауыш сөздермен алмастыру;
сөздерді синонимдермен алмастыру;
бірнеше жай сөйлемді бір құрмалас сөйлемге немесе құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдыру.
4-тапсырма.
Оқушылар 1-тапсырмадағы «Шумер жазуы» мәтінінен алынған негізгі ақпаратты басшылыққа алып, мәтін көлемін барынша қысқартып жинақы мәтін құрастырады және өзара бағалайды.
Үлгі
Түпнұсқа мәтін Жинақы мәтін
Шумерлер мен түркілер параллелі
Шумерлердің ата жұртының Шығыстық тегі ғалымдары одан әрі шығысқа сүйреп Алтайға жақындатқан сайын ғылыми әдебиетте шумерлер мен түркілер тілін салыстыра қарастырудың алғашқы әрекеттері қалыптаса бастады. Солардың бірі, Ф. Хоммель, шумерлер текстеріндегі түркі тілімен сәйкес келетін 200 сөзді атап көрсетті, сол үшін әжуалау мен масқаралауға ұшыраған болатын . ХХ ғ. 60-шы жылдары неміс ғалымы Курт Вальтер Керам: «Шумерлер тілі көне түркі тіліне ұқсас» деп кесіп айтқан еді.
Ғалымдар шумерлер мен түркі тілін салыстыра талдап, біршама сәйкестікті анықтаған.
Жұптық бағалау: жинақы мәтінді төмендегі критериймен бағаланады.
Бағалау критерийі № тапсыр
ма Дескриптор Балл
Білім алушы:
Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін жазу 1 мәтін бөлігіндегі ақпараттардан жинақы мәтін құрастырады
құрастырған мәтіннің идеясын түсіндіру
• Дифференциация
Шумер жазуы туралы ақпараттармен танысып, зерттеу......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мен қалай әртіс болдым? (8 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тастарға тіл бітірген (8 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жазудың маңызы мен қызметі (8 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ғарышты игеру жетістіктері (8 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өнер белестері (8 сынып, IV тоқсан )

Іздеп көріңіз: