Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тастарға тіл бітірген (8 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тастарға тіл бітірген (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім тақырыбы: Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы
Сабақтың тақырыбы: Тастарға тіл бітірген
Оқу мақсаттары: Т/А 8.1.1.1 - мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау;
Ж8.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
• мәтіндегі көтерілген мәселені болжайды;
• жинақы мәтін құрастырады;
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту:
«Саяхаттаушы ақпараттар» әдісі.
Сыныптың әр бұрышына мұғалім сөйлем немесе сөздерді (бүгінгі сабақ тақырыбына қатысты, мысалы дарынды түркітанушы, ата-баба жазуының этногенезі
т.б. ) ақ параққа жазып іліп қояды. Оқушылардың қолдарына сол сөз немесе сөйлемдердің жауабын немесе сұрағын карточкаға жазып береді. Оқушылар сыныпты айналып жүріп, өзінің қолындағы тапсырмаға қатысты парақты табады. Барлығы тауып болған соң бірлесе жүріп әр парақтың жанына барады. Өз парағының жанына келгенде, сол оқушы өзіне қатысты оқу материалын түсіндіреді
1-тапсырма.
Алдымен, оқушылар тыңдалатын мәтіннен берілген үзіндіге болжам жасайды.
А.С.Аманжоловтың еңбегі туралы мәтінді толық тыңдайды:
..Түркілік деп танылатын жазудың қыр-сырын таныған қазақ ғалымының жүрегі осылайша елжірей соғып, тарихтың қатпар-қатпар көне шежіресінен қазақ жазуының да өзіндік сілем-ізін іздеп, заманалар шаңы басса да, тот баспас сары алтындай сақталған жазудың ізін қалың соқпақ жолдардың арасынан сарыла жүріп, тауыпты. Талас, Іле, Сыр, Ертіс өзендері бойынан табылған біршама көне руникалық жазудың бар екені анықталған тұста, соны оқып, сырын ашқан бірден-бір ғалым Алтай Сәрсенұлы екенін ел біледі, мойындайды. Айталық, Іле өзенінің Кетмен тау жотасының қия жартасына қашалған руникалық жазуды үш жерден тауып, суретін түсіріп, оқыған, Есік қаласының іргесінен ашылған сақ дәуіріне жататын үлкен қорғаннан табылған күміс тостағанның сыртқы түбіне ойылып жазылған жазуды оқып тиянақтаған, Сыр бойындағы Шардарадан табылған ескі қорғаннан шыққан алқадағы жазуды оқыған, Павлодар облысынан табылған қорымның сақ дәуіріне жататынын дәлелдеген, Марқакөлден табылған қола айнадағы руникалық жазуды оқыған көне түркілік жазба мұрағаттар тілін зерттеуші профессор А.Аманжолов болатын....
Мәтінді тыңдағаннан кейін, мәтіннен негізгі идеясын анықтау мақсатында сұрақтар құрастырады.
2-тапсырма.
Оқушылар 1-тапсырманы орындағаннан кейін, негізгі ақпараттарды басшылыққа алып жинақы мәтін құрастырады.
Жинақы мәтін – бастапқы мәтіндегі негізгі идеялар мен ақпараттарды сақтай отырып, мәтін көлемін ықшамдау және өңдеу.
Оқушылар жинақы мәтін жазуда төмендегі мазмұндық өңдеуді басшылыққа алады:
 Мәтінді мұқият оқу және негізгі, қосымша ақпараттарды анықтау; қосымша ақпараттарды сызып тастау.
 Негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгілеу.
 Автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдау.
 Мәтін түпнұсқасының сілтемесін көрсету. Мысалы: Автор айтқандай..., ғылымның арқасында ..., Мәтінде «.....» берілген, т.б.
Жинақы мәтін жазуға үлгі
Түпнұсқа мәтін
Жинақы мәтін
Тастарға тіл бітірген
Алтай Сәрсенұлының тағы бір қайсарлығы түркі тіліндегі лексикалық бірліктерді шумерлік жазулармен салыстырып, Орталық Қазақстандағы Кеңгір өзенінің атын Шумер (Кеңгер) жерінің атымен үндес келуі тегін емес деуімен де байланыстырар едік. “Түркі тілі жөніндегі ең алғашқы мәлімет Месопотамияның оңтүстігінен (Шумерден) табылған біздің дәуірімізге дейінгі ІҮ-ІІІ мың жылдықтарды меңзейтін идеографиялық жазба ескерткіштерінен байқалатынын” нақты мысалдар арқылы дәлелдеген.
Алтай Сәрсенұлы т.ркі тіліндегі лексикалық бірліктерді ғылыми тұрғыдан нақты дәйектермен дәлелдеген.
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі № тапсыр
ма Дескриптор Балл
Білім алушы:
тыңдалым материалы бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін жазу 1 мәтін бөлігіндегі ақпараттардан жинақы мәтін құрастырады
сөз тіркесінің түрлерін орынды қолданады
Барлығы 7
Дифференциация:
Барлық оқушылар қабілетті болады:
• Диалогте ғылыми терминді орынды қолданады;
Көптеген оқушылар қабілетті болады:
• ақпараттық мәтіннен қажетті мәліметті тауып, таалдайды;
• Кейбір оқушылар қабілетті болады:
стиль түрлерін анықтап, тілдік құралдарын талдайды.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Тастарға тіл бітірген 8 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Тастарға тіл бітірген

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]