Қазақ тілінен сабақ жоспары: Құндылықтың адам өміріндегі рөлі (8 сынып, I тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика.
Сабақтың тақырыбы: Құндылықтың адам өміріндегі рөлі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Оқушылар құндылықтар туралы екітүрлі стильде жазылған мәтіндерді оқиды. Мәтіндердің стильдік әрі жанрлық ерекшеліктерін таба алады.
Сабақтың мақсаттары:
8.2.4.1. – тақыры ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) құрылымын салыстыра талдау.
Сабақ барысы: Сабақтың басында оқушыларға оқу мақсаты таныстырылады. Оқу мақсатына жету үшін бағалау критерийлері де айтылады.
Оқылымалды кезеңі.
1-тапсырма: Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді:
- Қазақ тілінде неше стиль бар?
- Әр стильге қысқаша анықтама беріңдер.
- Берілген суреттерде адамдар қандай стильде сөйлесіп жатыр деп ойлайсыңдар?
Оқушыларға мәтінді талдау жолдары түсіндіріледі:
Оқылым кезеңі.
2-тапсырма. Оқушылар А және Ә мәтіндерімен танысады.
А мәтіні
Жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыруда өзін-өзі тану пәнінің рөлі
Мақала авторы: Жанибек Раушан Жанибеккызы
Тұлға мәдениетінің негізі оның жалпыадамзаттық құндылықтарының негізінде көрінеді. «Құндылық» термині болмыстың белгілі құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мән-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Адам өмірінің өзегі-құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана. Осы қағидаға сүйенсек, қоғамның жаңару кезіндегі жаңаша көзқарастардың бірі — құндылық бағдар.
Құндылықтарды зерттейтін ғылым «аксиология» деп аталады. Аксиология (грек, axios — құңды, logos — ілім) — құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне баға беруден тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар мен нормалар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Құндылықтар — қасиеттер. Олар бізге бала кезден,ана сүтімен бірге, ана тілі арқылы өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады. Құндылықтар әр адам үшін әрт түрлі болады. Реттілігіне қарай, маңыздылығына қарай өзгеріп отырады. Жалпыадамзаттық құндылықтар — уақытқа бағынбайтын, өзгермейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор мәңгілік құндылықтар. Жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойында тумысынан болады. Әр адамда рух бар. Рух болмаса, дене жоқ. Рух дегеніміз жалпыадамзаттық құндылықтардың жиынтығы. Негізгі бес жалпыадамзаттық құндылықтарды атап айтар болсақ: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау.
Ә мәтіні
Адам құндылықтары
Әдетте құндылық деген сөзді естігенде ойыңызға не келеді? Құнды заттар, құнды ақпарат, басқа адамның құнды қасиеттері. Әр нәрсенің өз құндылығын білгенмен, біз өз құндылықтарымызға назар аудара бермейміз - жан-дүниеміздің құндылықтарына. Ойланып көріңізші, сіздің қандай құндылықтарыңыз бар? Сіз өзіңізді ақылды, инабатты, тәрбиелі, парасатты, адамгершілігі, түсінігі мол және т.б. керемет қасиеттерге ие адаммын деп ойлауыңыз мүмкін. Бұның бәрі құнды қасиеттерге жатады. Сіз ата-анаңызды, туыстарыңызды, достарыңызды, туған жеріңізді, еліңізді, ұлтыңызды шексіз сүюіңіз мүмкін. Бұл да адамның ерекше жақсы көретін құндылықтары. Сіздің үйіңіз, материалды жағдайыңыз, жұмысыңыз, айналысатын ісіңіз, хоббиіңіз, шығармашылығыңыз да құндылықтар қатарында. Болмысыңыз бен пішініңіз, сұлулығыңыз, сымбаттылығыңыз - құндылықтың бір түрі. Сонымен қатар, іске аспай жатқан құндылықтар да болады: үйлену, тұрмыс құру, ата-ана болу, өмірде өз орныңды табу, сыйлы адам болу, тұлға ретінде мойындалу да құндылықтар. Аналар үшін баласы үлкен құндылық. Сол себепті баласы жайлы жаман сөз естісе, ескерту алса, анасының жүрегі жараланады, ашуға салынады, айтқан адамға өмір бойы ренжіп, ашуланып, тіпті төбелесуге дейін баратындар бар. Ал енді сол реніш пен ашуға келдік, негізінде осы эмоциялар басқаның біздің құндылықтарымызға тіл тигізгенінен болады екен. Мұны біз ешқашан ойланбаймыз. Адам сенің ашуыңа тиді, ренжітті, аяғында ұрсып тыңдыңдар. Ал негізі ойлана келсек, ол сіздің қандай да бір құндылығыңызды жалмап өтуі мүмкін. Әр адам өз құндылығын анықтап алған кезде реніштің қайдан шығатыны анықтала бастайды. Сол кезде адамды кешіру де жеңілдейді. Мысалы, сіз бір адамның шығармашылығын сынға алдыңыз. Ол азар да безер болып, сізге ренжіді. Неге? Өйткені, ол үшін оның шығармасы оның құндылығы. Ол оған жанын салды. Ал сізге бұл тіптен құндылық болмауы мүмкін. Егер ол адам сізді кешіргісі келсе, ол сол құндылығына тағы бір назар аударып, оны жақсарту үшін тағы жұмыс істеу керектігін түсінуі керек. Бұл өмірде болатын т.б. реніштер мен ашуларға да байланысты. Адам бойында мыңдаған құндылық бар. Бірақ біреу менің құндылығыма тиісті деп ренжіп жүре беруге болмайды. Құндылығыңыздың кем-кетік тұстарын анықтаңыз, ол әлі де жөндеуді талап ететін шығар, немесе құндылығыңыздың кішкене бағасын түсіріп, адамды кешіріңіз. Солай, достар...
Әр мәтінді мұқият оқып, төмендегі кестені толтырады:
Бағалау критерийі Дескриптор
Білім алушы:
Ғылыми стильдегі мәтіннің жанрлық ерекшеліктерін ажырата алады;
Публицистикалық стильдегі мәтіннің жанрлық ерекшеліктерін ажырата алады. Ғылыми стильдің стильдік белгілерін тани алады.
Публицистикалық стильдің стильдік белгілерін тани алады.
Екі мәтіннің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін таба алады......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Рухани адамгершілік құндылықтар (8 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дала сахнасы (8 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кітапхана мен кітап маңызы (8 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Киелі сахна (8 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Рақмет саған анашым! (8 сынып, I тоқсан )

Іздеп көріңіз: