Қазақ тілінен сабақ жоспары: 1мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні (7 сынып, III тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 1мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні (7 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Қазақстандағы халықтар достығы
Сабақтың тақырыбы: 1мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні
Жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж4.Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: Тыңдалым материалы бойынша өз ойларын айтады.
Көптеген оқушылар: Тақырыпқа байланысты берілген мәселеге өз көзқарасын білдіріп, эссе жазады.
Кейбір оқушылар: Жазылған эссені талдауға белсенді қатысады, өз пікірін білдіреді.
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру.
Оқушылар тыңдалым материалы арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.
Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылып, талданады.
Эссе жазуға дайындық жұмысы бейнематериал негізінде ұйымдастырылады.
1-тапсырма.
Бейнематериалды тамашаланып, жұптық талқылау жұмысы өтеді. Оқушылар сыртқы және ішкі шеңбер құрып, бір-біріне тыңдаған материалдары бойынша сұрақтар қояды.
2-тапсырма.
«1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күнін біреулер ұлттар арасындағы достықты нығайтады десе, енді біреулер достықты нығайтуға соншалықты әсері жоқ деген пікір айтады. Осы пікірлерді саралай келіп, өз ойыңызды дискуссивті эссе түрінде жазыңыз.
Оқушыларға эссе жазуға көмек ретінде қолдануға болатын тірек сөздер ұсынылады. Оқушылар ұсынылған ақпараттардан өзіне қажеттісін іріктеп, мәселені шешудің жолдарын көрсетіп, өз көзқарасын дәлелдеп жазады.
Қажетті сөз тіркестері:
Қазақ халқы кеңпейілді, қонақжай халық, этномәдени орталықтар, Қазақстан Халықтары Ассамблеясы.
Қолдануға болатын мақалдар:
Саусақ бірікпей,
Ине ілікпейді.
Ырыс алды ынтымақ.
Бірлік болмай тірлік болмас.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
Оқушылар жазған эсселерін сынып қабырғаларына іліп, кезекпен оқып шығады.
ҚБ. Оқушылар мен мұғалімнің кері байланыстары беріледі......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстан жері – ұлттар достығы мекені (5 сынып, IV тоқсан, 1 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Адам құқығы (8 сынып, III тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дүниежүзілік жануарларды қорғау күні (8 сынып, III тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Роботтар мұғалімдерді ауыстыруы мүмкін бе? (8 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жасөспірімдер арасындағы қылмысқа қарсы күрес (8 сынып, III тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары 1мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні 7 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, 1мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]