Қазақ тілінен сабақ жоспары: 2-сабақ Сүйіспеншілік пен достық (7 сынып, II тоқсан )
Пәні: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Сүйіспеншілік пен достық
Сабақтың тақырыбы: 2-сабақ Сүйіспеншілік пен достық
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.О3; Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату.
Хроника, хабар, очерктердің және кеңсе құжаттарының, қызметтік жазбалардың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.
7.ӘТН1. Орфографиялық норма. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу
Сабақтың мақсаты: Кеңсе құжаттарының құрылымы мен ресімделуін анықтап, ұсыныс хат жазады.
Сабақ барысы: Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлері таныстырылады.
Қызығушылықты ояту. Оқушыларға достық, жолдастық, дос туралы мақал-мәтелдердің бірінші бөлігі оқылады, екінші бөлігін оқушылар тауып жалғастыруы керек.
1.Дос — ажарың, жолдас — базарың.
2.Азаматпен дос бол, қадіріңді біледі.
3. Дәмді болса - достық қымбат,
Мәнді болса - жастық қымбат.
4. Дос егіз, дұшпан сегіз.
5. Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады.
Мұғалім оқушыларды ұсыныс хатты жазудың үлгісімен таныстырады.
Ұсыныс хат мазмұны не туралы
Кімге: Жұмыс орны, лауазымы,
аты-жөні+ барыс септігі (А.Б. Жумановқа)
Кімнен: Жұмыс орны, лауазымы,
аты-жөні+ шығыс септігі (А.Б. Қадыровадан)
Ұсыныс хат
Мәселе, оның себептері
Ұсыныс негіздемесі (мәселенің шешу жолдары)
Дәлелдеме ( мәтіннен ақпаратты қолдану, өз пікірімен байланыстыру)
Нақты ұсыныс
Күні Қолы
Тапсырма. Мектебімізде оқушылар арасындағы достық, жолдастық қарым-қатынасты нығайтатын іс-шаралар өткізілмейді. Осы мәселені көтеріп, мәтіндегі деректерді қолдана отыра, мектеп әкімшілігіне ұсыныс хат жазыңыз. Көлемі шамамен 120-150 сөз.
Достық туралы ойлар
Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс.
Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар, ол жалған достық – бірде бар, бірде жоқ.
«Достық» туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген. Күнделікті өмірде көңіліңе шапа¬ғат сәулесін шашып, сенің төрт құбы¬лаң¬ды тең ететін айналаңдағы доста¬рың¬ның басы бұзылмағаны қандай жақсы. Парсы жазушысы Кабустың әйгілі «Қабуснама» кітабында былай делінген екен: «Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» – деп сұрапты. Данышпан «Дос жақсы»,- депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем-сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі, әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын болады». Және халықта «Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос» деген мақал бар. Достық – бұл өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық.
Дос табу оңай, ал оны сақтау қиын. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Күнделікті өмірде көңіліңе шапа¬ғат сәулесін шашып, сенің төрт құбы¬лаң¬ды тең ететін айналаңдағы доста¬рың¬ның басы бұзылмағаны қандай жақсы.
Дескрипторлар
Оқу мақсаты Дескрипторлар
7.О3; Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату.
Хроника, хабар, очерктердің және кеңсе құжаттарының, қызметтік жазбалардың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату. -Ұсыныс хаттың құрылымын сақтады;
-Мәтінде берілген ақпаратты пайдаланды;
-Мәселе мен оның себептерін анықтады;
-Мәселенің шешу жолдарын көрсетті;
-Нақты ұсыныс жасады.
7.ӘТН1. Орфографиялық норма. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу - Шылау мен жалғау қызметін түсінді.
-шылау мен жалғауды орынды қолданды.
Бағалау. Оқушылар бір-бірін жұпта критерийлер арқылы бағалайды......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: 6-сабақ ЖЕҢІС КҮНІ ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ (7 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тіл үйренейік (5 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: 5- сабақ ЖЕҢІС КҮНІ ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ (7 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Досымның сүйікті тамағы… (7 сынып, III тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дос - ажарың жолдас - базарың (7 сынып, II тоқсан )

Іздеп көріңіз: