Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ғаламдық климаттық проблема (7 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ғаламдық климаттық проблема  (7 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Ауа райы және климаттық өзгерістер.
Сабақтың тақырыбы: Ғаламдық климаттық проблема
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.Ж6. Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп түзету, редакциялау
7.ӘТН3. Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөз, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу 7.ӘТН3.Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөз, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу
Сабақтың мақсаты: Бұл сабақта оқушылар орфографиялық және пунктуациялық қателерді анықтап, түзетіп, редакциялайды. Сонымен қатар лексикалық бірліктерді ажыратып, анықтай алады.
Сабақ барысы: Оқушылармен сәлемдесу. Кезекшімен сұхбат.
Оқушыларды сандар жұптарға бөлу.
Қызығушылықты ояту.
«Климат өмірімізді өзгерте алады ма?» тақырыбында бейнематериал көріп, тақырыпты болжайды.
Бейнематериалға қатысты сұрақтар қойылады.
7.Ж6.
Ғаламдық жылыну проблемасы
Күн райы қырық құбылатын болды. Бүгiн-ақ сұп-суық жел есiп, жаңбыр жауса, ертесiне күн қызып, жер бетiн 39-40 градус қайнаған ыстыққа орай салады. Әсiресе, соңғы жылдардағы ауа райының өзгеруi адамдарды таңқалдырып отыр. Неге? Себеп көп. Әлем ғалымдары бас шайқап мұның себебiн ғаламдық жылыну салдарынан iздейдi. БҰҰ жанын-дағы Әлемдiк метеорология ұйымының мәлiмдеуiнше, биылғы мамыр айы ауа райының тым құбылмалылық танытқан айы боп, рекорд жасалды. Бiр қызығы мұндай өзгерiстер маусым, шiлде айларында да орын алды.
Ғалымдардың пiкiрiнше, ауа райының бұлайша өзгеруi климаттағы құбылыстың әсерiнен. Яки, олардың тiлiмен айтсақ, бұл — ғаламдық жылыну.
Климаттың өзгеруi — ядролық қаруды қолдану немесе соғыстар емес. Ол одан да алапат қауiп. Мұндайда қазақ «Алла зiлзаладан, топан судан сақтасын» дейдi. Бiрақ осы өзгерiстердiң ауқымы мен олардың салдарлары қалай болатынын әлi күнге дейiн дәлме-дәл тап басып айту қиын. Температураның өзгеруi — бұл жаңалық емес, осы өзгерiстiң жылдамдығы қандай болмақ? Мiне, жаңалық осы. Қазiр жер шары бұрынғыға қарағанда 1,1 градусқа жылыған.
Егер жер шары 3-4 градусқа қызса, онда апат болатынын, мамандар шiмiрiкпей-ақ айтып жүр. Шынында да алдағы жүзжылдықта адам баласының салғырттығынан жердегi тiршiлiк иелерiнiң жартысы жойылып кетпек пе? Әлемдiк экологияның өзгеруiне бiрден-бiр себеп — мұздықтардың еруi. Жер шарының екi полюсi де мұздықтарға оранып жатқанымен, табиғаттың бұл тылсымдығы бұзылудың аз-ақ алдында тұр.
Тапсырма.
1.Мәтінмен мұқият оқып шығады.
2.Жұпта мәтін идеясын талқылайды.
3.Мәтіндегі емлелік және пунктуациялық қателерді анықтайды.
Бағалау критерийлері:
1.Пунктуациялық қателерді анықтайды;
2.Емлелік қателерді табады;
3.Септік жалғауларының орнын анықтайды.
7.ӘТН3.
Оқушыларды лексика саласы туралы анықтамамен таныстыру.
Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөз түсіну және, табу сөздердің қолданыс аясын ажырата білуге дағдыландыру.
Сөздер Көнер-ген сөз эвфемизм дисфемизм, неоло-гизм диалект сөз термин жаргон сөз
Қоспай айтыңыз
проза
Жасақшы
Циклон
Батырақ
Шылапшын
Былжырама/жүгірмек
Базар жоқ
Инет
Сөзуарлау
Осы сөздерді пайдаланып, мәтін құрыңыз.
Бағалау критерийлері:
-сөздердің қолданыс аясын ажырата алады;
-мәтін құруда сөздерді орынды қолднанады;.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Ғаламдық климаттық проблема 7 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Ғаламдық климаттық проблема

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]