Қазақ тілінен сабақ жоспары: Үй телефоны мен ұялы телефон (6 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Үй телефоны мен ұялы телефон (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Ғылым мен технология жетістіктері
Сабақтың тақырыбы: Үй телефоны мен ұялы телефон
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.2.2.1.ауызекі сөйлеу мен көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
Мәтін мазмұнын түсінеді.
Тілдік құралдарды талдайды.
Стильдік ерекшелігін анықтайды.
Сабақ барысы: Телефон нөмірі.
Тақтаға үй телефоны мен ұялы телефон суреті ілінеді. Мұғалім оқушыларға жиі қоңырау шалатын үй телефоны мен ұялы телефон нөмірлерін стикерге жазуын өтінеді. Оқушылар мүмкіндігінше жазады да тақтадағы суреттің жанына іледі.
Кейін мұғалім қай телефон нөмірінің көбірек ілінгеніне назар аударады да, оқушыларға шағын топта не себепті екенін талқылауды өтінеді. Бірнеше себептерін анықтап айтады.
Кейін мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.Оқушылармен бірге талқылайды.
Оқылым алдындағы тапсырма.
Мұғалім сынып қабырғасына 4 сұрақты іледі, оқушыларды шағын 4 топқа біріктіреді.Төрт, бес оқушыдан біріккен топтар сұрақтарға тоқталып, бірлесе талқылайды. Мұғалім «Стоп кадр» сөзін айтқанда қай сұрақтың жанына тоқталса, оқушылар сол сұраққа жауап береді.
1-сұрақ.
Сізде үй телефоны/ұялы телефон бар ма?
Үй телефоны/ұялы телефон аптасына неше рет шырылдайды?
Жиі/сирек шырылдауының себебі?
2-сұрақ.
Үй телефоны/ұялы телефон шырылын естігенде қандай сезімде боласыз?
(қалыпты күйде, таңырқаймын, қобалжимын, еш эмоциясыз)
Осындай сезімнің туындау себебі?
3-сұрақ.
Үй телефоны/ұялы телефон сізге қажет пе?
Себебін түсіндіріңіз
4-сұрақ.
Сымды байланысты сызсыз байланыс ығыстыруы мүмкін бе?
Себебін түсіндіріңіз.
Оқылым тапсырмасы.
Ж. Мәтінді жеке түсініп оқиды.
Автордың айтпақ ойын болжайды.
Жаһандану белгілерін, үй телефонының ығысқандығының белгілерін мәтіннен табады.
Эмоционалды-экспересивті сөздерді тауып, автордың қандай мақсатта қолданғанын талдайды.
Тілдік құралдарды талқылау арқылы мәтіннің стилін анықтайды.
Дескриптор:
• Жаһандану белгілерін мен үй телефонының ығысқандығының белгілерін мәтіннен табады.
• Эмоционалды-экспересивті сөздерді табады
• Автордың қандай мақсатта қолданғанын түсіндіреді.
• Стилін анықтап, дәлел келтіреді.
Оқылымнан кейінгі тапсырма.
Оқушылар жұпта жұмыс жасайды. Ауызекі сөйлеу стиліне сай, үй телефонының монологын құрайды.
Монологтарын диктофонға жазады.
Оқушыларға экспрессивті-эмоционалды сөздерді ұсынады.
Елең ету, шыр-шыр, безек қағу, дір ету, сүп-сүйкімді т.с.с
Дескриптор:
• Оқылымның мәтінін негізге алады;
• Жазушының әңгімесін үй телефоны тұрғысынан баяндайды;
• Ұсынылған эмоционалды-экспрессивті сөздерді орынды қолданады;
• Орфоэпиялық нормаға сай сауатты сөйлейді. ...

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Үй телефоны мен ұялы телефон 6 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Үй телефоны мен ұялы телефон

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]