Қазақ тілінен сабақ жоспары: Оқушылардың ғылыми жетістіктері (6 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Оқушылардың ғылыми жетістіктері (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Ғылым мен технология жетістіктері
Сабақтың тақырыбы: Оқушылардың ғылыми жетістіктері
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.4.5.1.қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін түсіну(даралаушы), дұрыс қолдану.
6.2.5.1. мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақылау сұрақтарын құрастыру
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
Нүкте, сұрақ белгісінің қойылу орнын біледі.
Дұрыс қойып жазады.
Сабақ барысы: Мұғалім сабақтың тақырыбымен, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстырады.
Мұғалім оқушыларға даралаушы қызмет атқаратын сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілері (нүкте, сұрау белгісі) туралы қысқаша түсінік береді.
Оқушыларды жұпқа бөліп, 1-оқушыға нүктенің қойылатын орындары туралы ақпарат, 2-оқушыға сұрау белгісінің қойылатын орындары туралы ақпарат береді. Оқушылар жеке оқып, бір-біріне түсіндіреді.
Анықтама.
Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері: нүкте (.), сұрау белгісі (?),
леп белгісі (!), көп нүкте (...). Бұлар – даралаушы қызмет атқарады.
Нүкте.
1. Нүкте тиянақталған ойды білдіретін хабарлы сөйлемдерден
кейін жəне лепсіз айтылған бұйрық,
тілек мəнді сөйлемдерден кейін
қойылады.
Ол торға салған бір асымдай тоң балықты босағаға тастай салды. (Ә.Н.)
Цифр не әріптер арқылы санамаланып айтылған сөйлемдерден кейін
Дүниядағы жұрттың тілі негізінде үшке бөлінеді: 1) Түбіршік тіл. 2) Жалғамалы тіл. 3) Қопармалы тіл. (А.Б.)
Драмалық шығармалардағы әр кейіпкердің атынан кейін
Ұмсынай. Мейлілерің, қарақтарым, мен не қылайын, тек іші құтты болсын. (Ж.А.)
Кейіпкердің сөзіне қатысы жоқ, автордың түсінігі ретінде айтылған ремаркадан кейін
Ораз. Омыраулама! (Мылтығын оқтанып.) Қалай аласың? (Ж.А.)
Бас әріптерінен не басқы буынынан қысқартылып алынған адам, кітап, газет, журнал, шығарма аттарынан кейін
Қазақ әдеби тілінің тарихы, басталу кезеңі, қалыптасу дәуірлері туралы Ғ.Мұсабаевтың да пікірлері бар. (С.И.)
Тағысын тағы, тағы сондайлар, тағы басқа деген сөздер қысқартылып алынғанда
Бұл кезеңнің әдеби тілін байқататын тілдік материалдар Махамбет, Шөже, Дулат, Шортанбай, Шернияз, Жанақ т.б. ақындардың шығармалары болып табылады. (С.И.)
Жақшаның алдындағы сөйлем аяқталып, тыныс белгілерінің бірі қойылса, қыстырма сөйлемнен кейін жақшаның ішінен нүкте қойылады
– Жоқ, көк тиыным жоқ, ағай, – деп бала шын пейілімен жыртық қалтасын айналдырып көрсетті. (Екінші қалтасын тігіп тастаған екен.) (Ш.А.)
Сұрақ белгісі.
Сұрау белгісі, оның қойылатын орындары
Сұрау белгісі, негізінен, сұраулы сөйлемнің соңына қойылатын таңба болып табылады. Сұраулы сөйлем деп жауап алу мақсатында жүзеге асатын сөйлемді айтады. Сұраулы сөйлем екі түрлі жолмен жасалады:
1) грамматикалық белгілер арқылы; 2) интонация арқылы.
Сұраулы сөйлемдерден кейін
Бірыңғай жеке сөздер не сөз тіркестері сұрау интонациясымен айтылғанда
Жауап қайтаруды тілейтін, таза сұраулық мәні бар, амандасқанда айтылатын толық сөйлемдерден кейін
Сөйлемдегі бір сөздің мәні екіұшты болып, күмән тудырғанда жақшаға алынады
Бала бұл жағын білмейтін, шынында балаға мұндайды біліп керегі не? (Ш.А.)
Шауып ала ма? Сотқа бере ме? Өлтіріп жібере ме? Өртеп жібере ме? Қалайда не бірін, не бәрін істеуге елдің беті түзелді. (Ж.А.)
– Е, Жаңбырбай, мал-жан аман ба? – деп Жылтыр ұшып түрегеліп, шұрқырай кетті. (Ж.А.)
Тарта берер алдыға, ұмтыла берем балаша (?)
Тапсырма.
Мұғалім оқушыларға мәтінді ұсынады. Оқушылар жұпта бірлесе оқып, тыныс белгісін қойып шығады.
Мәтін.
Бүгінгі балалардың немен қызығатыны туралы білесіз бе Бүгін ғаламтордан басқа нәрсеге қызығатын жастар туралы сөз етеміз Бразилияда өткен халықаралық ғылыми жұмыстар байқауында астаналық оқушылар алтын медальға ие болды.39 қазақстандық оқушы Бразилияның Нову Гамбург қаласында өткен халықаралық ғылыми жұмыстар байқауында бақ сынады
Байқау 33-ші "Mostra Internacional de Ciência e Tecnologia" (Mostratec) халықаралық білім беру жәрмеңкесі аясында ұйымдастырылды Mostratec көрмесінің мақсаты - оқушылардың жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылығын ынталандыру,ғылым мен техниканың түрлі салаларындағы шығармашылық қызметке тарту, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қолдау көрсету және оқушылармен жұмысқа мамандарды тарту болып табылады. Қазақстандық оқушылардың ғылыми жұмыстары жоғары бағаға ие болды
Тапсырма.
Мәтіндегі хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырып жазады.
Мәтін бойынша талқылау сұрақтарын құрайды.
Нақтылау сұрағы – сенің ойыңша ... деп ойлайсың?
Оқушылар құраған нақтылау сұрақтарын бір-біріне қояды.
Дескриптор.
Тыныс белгісін дұрыс қояды.
Қойылу себебін түсіндіреді
Хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырады.
Нақтылау сұрағын құрайды. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Оқушылардың ғылыми жетістіктері 6 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Оқушылардың ғылыми жетістіктері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]