Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ақылды қала (6 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ақылды қала (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Ғылым мен технология жетістіктері
Сабақтың тақырыбы: Ақылды қала
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.2.5.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
Мәтінді оқып, негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырады.
Сабақ барысы: Мұғалім оқушыларға суретті көрсету арқылы тақырыпты болжатады.
Тақырыпты анықтағанан кейін оқушылар сабақтың тақырыбын, оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесе талқылайды.
Оқылымалдындағы тапсырма
«Ақылды қала» деген ұғымды қалай түсінесіз?
Оқушылар ақылды қала қандай болатыны туралы өз пікірлерін ортаға салады.
Оқылым тапсырмасы.
Ақылды қала
Google-дің еншілес компаниясы Sidewalk Labs, Канаданың Торонто қаласында аумағы 8 шаршы километр болатын «ақылды» технологиялардың бәрі дерлік қолданылатын Quayside "ақылды" ауданын тұрғызбақ. Ол қаланың шығыс жағалауында орналасады. Интернеттегі іздеу жүйесінің жергілікті бөлімі Google Canada бас кеңсесін сонда көшіреді. Компания осы жерде тұратын резидентке айналып, аймақтың дамуына 50 миллион доллар жұмсамақшы. Негізі жобаның құны шамамен $ 1 млрд, бұған Торонто билігі қосымша $1,25 млрд ақша қоспақ. Смарт шахарды салушылар қала өміріндегі барлық (саяси, технологиялық, дизайнерлік) шешімдер миллиондаған сенсордан алынған ақпараттар негізінде қабылданғанын қалайды. Сондай-ақ жоспарда көлік жүйесін толық жетілдіру көзделген. Барлық автомобильдер өздігенен жүретін жүйеге ауысады. Бұл деген сөз, болашақта роботакси қызметтері де іске қосылады. Сондай-ақ баспананы қолжетімді ету де жоспарда бар. Сонымен қатар жеке өмірдің құқығын қорғауда қатаң талаптар қойылмақ. Бұдан бөлек "ақылды" аудандарда экологиялық тұрғыдан барынша таза энергетикалық жүйе мен автономды транзиттік желілер пайда болады. Датчиктердің кең желісі ауа сапасы мен шу деңгейінен бастап, азаматтардың күнделікті қызметімен аяқталатын барлық ақпараттарды жинап инфрақұрылымды жақсартуға көмектеседі. IT-компаниялар жаңа әрі қызықты қосымшаларды жасай алуы үшін Sidewalk Labs барлық бағдарламалық әзірлемелерін тегін етті. Егер Торонтодағы жоба сәтті іске асса, Сан-Франциско, Денвер, Лос-Анджелес және Бостонда ақылды аудандар салынбақ.
Оқылым тапсырмасы.Оқушыларға мәтіннің негізгі ойы мен қосымша ақпаратын тануға көмектесетін сұрақтар беруге болады.
1. Мәтін не туралы? Неліктен екенін дәлелде?
2. Мәтін қай салаға байланысты ақпараттарды ұсынады?
3. Авторы кім?
4. Мәтін қандай мақсатта жазылған?
5. Мәтіннің мақсатты аудиториясы.
6. Мәтінде термин, кәсіби сөздер қолданылған ба?
7. Мәтінде әдеби көркемдегіш құралдар кездесе ме?
8. Мәтіндегі басты ой не? Негізгі ақпараты не?
9. Мәтіндегі қосымша ақпарат қалай көрінеді?
Б. Мұғалім оқып, оқушының жұмысына кері байланыс ұсынады.
Ж Тапсырма. Оқылым мәтіні бойынша берілген кестені толтырыңыз.
Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат
«Төрт сөйлем» тәсілі.
1. Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.
2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.
3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.
4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.
Дескриптор
 Оқылым мәтінінін оқып, сұрақтарға жауап береді.
 Ақпараттарды ажыратып, кестені толтырады.
 Оқылым мәтініне қорытынды жасайды.
 Нақтылау сұрақтарын құрастырады.
Оқушылар авторға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырады.
"Яғни, сіздің айтуыңыз бойынша …?", "Егер мен дұрыс ұқсам, онда …?", "Мен қателесуім мүмкін, бірақ, Сіздің ойыңызша…?" Демек ақылды қала....? Осындай пікірде болуыңызға не әсер етті...?....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Ақылды қала 6 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Ақылды қала

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]