Қазақ тілінен сабақ жоспары: Электронды кітапхана (6 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Электронды кітапхана (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Әлемдегі ірі кітапханалар
Сабақтың тақырыбы: Электронды кітапхана
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т\А2. Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау
Сабақтың мақсаттары: Әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (нұсқаулық, құттықтау, хабарландыру, өмірбаян, жаңалық, интервью) көтерілген мәселені талдау.
Сабақ барысы: Дүниедегі ең үлкен сөздік – «Неміс сөздігі» («Deutsches Wortetbuch»). Мұны Якоб ва Вильгельм Гримм 1854 жылдан бастап құрастыра бастаған. Бұл іске, кейінен, көптеген ғалымдар үлес қосып, 1971 жылы сөздік жазылып бітеді. 33 томдық бұл сөздік – 34519 беттен тұрады.
Әлемдегі ең атақты жазушылардың бірі һәм бірегейі – Агата Кристи. Оның детективті хикаялары 50-ден астам тілдерге аударылып, әліге дейін оқылым тақтасынан түспей келеді. Кристидің кітаптарының басылым саны – 2 млрд-тан асады.
Дүниедегі ең ауыр кітап Британия музейінде сақталған ХVII ғасырға тиесілі географиялық атлас екенін білесіз бе? Ол кітаптың ұзындығы – 1,9 мерт, ал салмағы – 320 келі тартады.
Сабақ тақырыбын болжайды. Оқушыларға сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелер таныстырылады. Оқушылар төрт топқа бөлінеді.
Тыңдалымалды тапсырмасы
 Берілген сөздер мен сөз тіркестері арқылы тыңдалым мәтінінің мазмұнына болжам жасаңыздар.
болашақтың қиял-ғажайып әлемі, жаһандық ақпарат орталығы, мәліметтердің алып қорынан, шынымен де мүмкін емес сияқты көрінетін, кешегі фантастика, онлайн оқу, қаз-қатар тізілген сөрелер емес, ақпараттық-іздеу қызметі, виртуалды күйде т.б.
ТЖ. Тыңдалым тапсырмасы
 Мәтіннің қысқаша мазмұнын шағын топта талқылаңыздар.
Төрт түрлі топқа әртүрлі тапсырма беріледі. Сөз көлемі-150-160.
1- топ:
Осы кітапхананы қолдану бойынша нұсқаулық жазыңыздар.
2-топ:
Кітапхана қызметкерлерімен диалогке түсіңіздер
3-топ:
Электронды кітапханада отырғандағы ойыңызды монолог түрінде жазыңыз.
4-топ:
Осы кітапханаға келген оқырмандардан интервью алыңыз.
Топтар өз жұмысын қорғайды, әр топқа кері байланыс беріледі.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:
 Қазақ елінің цифрлы жүйеге көшу бастамасына қалай қарайсыздар? Ой бөлісу....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Электронды кітапхана 6 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Электронды кітапхана

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]