Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кітапхана туралы Отырар кітапханасы (6 сынып, IV тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Әлемдегі ірі кітапханалар
Сабақтың тақырыбы: Кітапхана туралы. Отырар кітапханасы.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О4. Мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау
Сабақтың мақсаттары: Ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру.
Сабақ барысы: Сұрақтарға жауап беру
Сен тұратын жерде кітапхана бар ма?
Қазақ тілінде қандай кітап алдың?
Мектептегі кітапханада оқырмандар бөлмесі бар ма?
Сенің көркем әдеби кітаптарды оқитын достарың бар ма?
Олар қандай кітап оқығанды ұнатады? т.б.
Ой бөлісу.
Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелер таныстырылады.
Оқылымалды тапсырма
«Дерек жинау»
Сыныптың қабырғаларында бөлікке бөлінген мәтіндерді тұтас мәтін ретінде жинауы тиіс. Бір топ екі түрлі мәтінді жинайды.
Оқылым тапсырмасы
Екі мәтінді салыстырыңыз
1-мәтін
Отырар кітапханасы — моңғол билігіне дейінгі Отырарда орналасқан әлемдегі ірі кітапханалардың бірегейі болған. Тарихи деректер бойынша, бұл кітапхананың негізін салушы ретінде ғалым әрі философ Әл-Фараби делінеді.
XII ғасырдың соңындағы кітап жинақтардың қараушысы Сунақ руынан шыққан Хисамуддин болған екен. Кейбір деректерде: «Кітапхана ауқымы жағынан тек Александрия кітапханасынан ғана кіші болған», - делінеді. Шыңғысхан Отырарды қиратқаннан кейін, кітапханаға не болғаны әлі күнге дейін белгісіз. Ондағы кітаптар жайлы да жазба деректерде айтылмаған.
Қазіргі кезде Отырар кітапханасының кітаптарының «тағдыры» жайлы сан алуан әңгіме бар. Осы жағымен ол іздеушілерді өзіне тартады. Кейбір деректер бойынша моңғол шапқыншылығы кезінде кітаптардың жерасты жолдарында сақталуы мүмкін екен. Ал, кейіннен оларды жеті жасар бала тауып алады делінеді. Дегенмен мұндай болжамдар нақты дәлелдерге негізделмегендіктен ғылымда әлі күнге дейін мойындалмай келеді.
Профессор Еренғайып ОМАРОВ Отырар кітапханасы туралы сұхбатында: «Александрия кітапханасы 391 жылы өртелген болса, Отырар кітапханасы сол жылдан бастап бері қарай, яғни 830 жылдай әлемдегі ең үлкен кітапхана болып тұрған. Ал енді тым батыл шешім айтар болсақ, Александрия кітапханасының басым бөлігінің өртелуі б.д.д. 47 жылға тиесілі екенін ескерсек, өрттен аман қалған кітаптары бар болған күннің өзінде Отырар кітапханасының қорынан аз болуы мүмкін. Олай болса, Отырар кітапханасы 1000-1200 жыл шамасындай уақыт дүние жүзіндегі ең үлкен кітапхана болған!», - дейді. сөзсіз.
Дайындаған: Б.Ерман, ERNUR.KZ
2-мәтін
Көптеген атақты жазушылар, кітапханатанушылар сөз – дұрыс пайдаланушының қолында болса, мықты қару болып есептеледі, ешқандай кітап, плакат адамның сөзін алмастыра алмайды деп есептейді. Гете кітап көп нәрсеге үйретеді, бірақ ұстаз бен уағыздаушының күшіне жетпейді деген.
Орыс жазушысы А.Гончаров болса, қандай да бір керемет кітаптар өзінің дұрыс насихаттаушысын таппаса, ол сол беті өлі дүние болып қалады дейді. Сөйлей білу кітапханашы маманға аса қажет, себебі ол оқырмандармен, әріптестермен, қоғамдық мекемелермен үнемі қарым-қатынаста болады.
Кітапхана - мәдениеттің жоғары деңгейі.Кітапхана - мәдениеттің жоғары деңгейі және ақпарат пен білім әлемі ретінде онда жұмыс істеген адамнан еріксіз жоғары стильді талап етеді. Кітапхана бар білімнің қазынасын жинақтап, ақпаратты қызмет жүргізетін білім ордасы. Сондықтан кітапханаға келген әр адам, кітапханашыдан ерекше біліктілік пен мәдениеттілікті талап етеді. Кітапхана мәдени-ағарту мекемесі болғандықтан, біздің бойымыздан ешкімге ұқсамайтын мәдениеттілік желі есіп түру керек.Әр адамның бір-бірімен қарым-қатынасы сөз, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тылсым тыныштықта, білім қазынасының ортасында отырған кітапханашыдан біліктілік пен ізгіліктің, инабаттылық пен әдептіліктің нұры шомылып тұруы керек. Сөйлей білу де өнер, ол табиғи дарын. Ал біздің қызметте бойыңа дарындылықты бермесе, үйреніп, оқып, ізденіп, тіпті түрлі тіл жаттығулары арқылы сөйлеу мәдениетін игергеніміз жөн.
Әр оқырман кітапханашының алдына келгенде, оның бойынан парасаттылық пен біліктілікті көргісі келеді. 80% оқырман кітапханашыға кітап таңдауда ақылшы, көмекші ретінде үміт артып келеді. Осы ізгі ниетін жоғалтпас үшін кітапханашы оқырманға ерекше ықыласпен назар аударып, сөйлесу барысында адамның көзіне қарап, жылы жүзбен, ілтипатпен сөйлескені дұрыс.
Оқылымнан кейінгі тапсырма
Оқушылар жазған жазба жұмысын бір-бірімен алмасып, көршісінің жұмысымен танысады сол арқылы өзінің жұмысының қандай деңгейде болғанына қорытынды жасайды. Ең үздік жазба жұмысы сыныпта оқылады. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кітапхана (6 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Араб әлеміндегі ең үлкен кітапхана Ұлттық академиялық кітапхана (6 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Электронды кітапхана (6 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кітапхана мен кітап маңызы (8 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әлемдегі ең ірі кітапханалар (6 сынып, IV тоқсан )

Іздеп көріңіз: