Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстан барысы (6 сынып, III тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстан барысы (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан барысы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.2.1.1 мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру.
Сабақтың мақсаты: Оқылым мәтінінен негізгі, қосымша, детальді ақпараттарды анықтап, түсіндіре білуге үйрету.
Сабақ барысы: 1-тапсырма.
Оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында мұғалім оқушыларға сабақ мазмұнына байланысты суреттер мен сұрақтар ұсынады.
- «Қазақстан барысы» қандай спорт түрінен өткізіледі?
- «Қазақстан барысы» атанған жеңімпаздарды білесіздер ме?
- Суреттегі спортшыларды танисыздар ма?
2-тапсырма
Мұғалім оқушыларды мәтінді мұқият оқуға шақырады. Оқушылар мәтінді мұқият оқып, мәтіннің мазмұнын топта қысқаша талқылап, мәтінге қатысты тапсырмалар орындайды.
Қазақстан барысы-2018
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жүлдесі мен Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған қазақ күресінен "Қазақстан Барысы" VIII республикалық турнирі аяқталды. Биылғы балуандар бәсекесінде Ержан Шынкеев жеңімпаз атанды. Өткен жылы "Қазақстан барысы" атанған Еламан Ерғалиев биыл чемпиондық атағын қорғай алмады. Балуан ширек финалда "Әскер барысы" Ерасыл Қажыбаевтан жеңілді. Балуандар тең түсіп, белдесуде Еламанның қолы белбеуден босап, жарысты аяқтады. Естеріңізде болса, Еламан да өткен жылы "Әскер барысы" атанып барып, "Қазақстан барысында" бақ сынаған еді. Жартылай финалда Ерасыл Қажыбаев Түркістан облысынан келген балуан Ерсұлтан Мұзаппаровпен белдесті. Бірден ұпай алып, шабуылда ширақтық танытты. Әйткенмен екі балуанның салмағы бірдей емес. Ерасыл – биылғы балуандар бәсекесіне қатысушылар арасындағы ең ауыр салмақты спортшы. Ерсұлтаннан 60 кг-ға ауыр болды, дегенмен жекпе-жек соңында Түркістан облысынан келген балуан намысты қолдан бермеуге тырысты. Үстін-үстін әдіс жасап, ұпай алғанмен, алып қарсыласынан айласын асыра алмады. Жартылай финалдағы Айбек Нұғымаров пен Ержан Шынкеев арасындағы белдесу аса тартысты өтті. Жанкүйерлердің ықыласына бөленіп, қос балуанның әдіс-айлалары ерекше болды. Белдесудің соңында Ержан ұтылып тұрып, шығыс қазақстандық балуанды өз әдісіне түсірді. Нәтижесінде финалға жолдама алды.
Биылғы "Қазақстан барысына" алып балуандар шықты. Ерасыл Қажыбаевтың салмағы 151 кг (ең ауыр балуан) болса, Ержан салмақ өлшеу рәсімінде қарсыласынан 20 кг жеңіл шыққан болатын. Финалдық белдесуді Ержан Шынкеев ширақ бастады. Бүк ұпайын алып, оны жамбас ұпайына айналдыра білді. Ал Ерасыл жарақаты барын аңғартып, ауырсына жүріп белдесті. Ержан шеберлігін танытып, алғаш рет Қазақстан барысы атанды. Ал алғаш рет Қазақстан барысына қатысқан Ерасыл Қажыбаев күміс белбеу иегері атанды.
3-тапсырма
Мұғалім оқушыларды мәтінді қайта оқып шығуға шақырады.
Мәтінді екінші қайтара оқып, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңыздар. Олардың астын сызу арқылы ажыратыңыздар. Негізгі ақпараттардың астын жасыл, қосымша ақпараттардың астын қызыл түсті қаламмен сызыңыздар. Тапсырманы орындап болғаннан кейін жұпта бөлісу арқылы не себепті негізгі, не себепті қосымша ақпаратқа жатқызғандарыңызды түсіндіріңіздер.
4-тапсырма
Оқушылар мәтінмен жұмыс жасау арқылы детальді ақпараттарды анықтайды және не себепті детальді ақпарат екенін түсіндіреді.
ДЕСКРИПТОРЛАР
 Мәтіннен негізгі ақпараттарды анықтап түсіндіреді;
 Мәтіннен қосымша ақпараттарды анықтап түсіндіреді;
 Мәтіннен детальді ақпараттарды анықтайды, түсіндіреді;....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Қазақстан барысы 6 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Қазақстан барысы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]