Қазақ тілінен сабақ жоспары: Екі дүркін олимпиада жеңімпазы (6 сынып, III тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары.
Сабақтың тақырыбы: Екі дүркін олимпиада жеңімпазы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.3.5.1. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу.
Сабақтың мақсаты: Көлемді ақпараттарды оқи отырып, ойын ықшамдап жинақы мәтін жазуға үйрену.
Сабақ барысы: Оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында алдымен мұғалім мынадай сұрақтар қоя отырып, тапсырманы орындауға шақырады:
1-тапсырма
Илья Ильин кім?
Ол туралы не білеміз?
2-тапсырма
Суретке қарап жинақы мәтіннің қалай жазылатынын еске түсіріңіз.
Оқушыларды жинақы мәтіннің жазылуы туралы ақпараттары аз болса, мұғалім қосымша толықтыра кету керек.
Жинақы мәтін – бастапқы мәтіндегі негізгі идеялар мен ақпараттарды сақтай отырып, мәтін көлемін ықшамдау және өңдеу.
Жинақы мәтін түпнұсқа мәтіннен 75 % дейін қысқа болады.
Өз ойыңды жинақы мәтінге қосуға болмайды. Жинақы мәтін тек автор идеясынан ғана тұрады.
1.Мұғалім оқушыларды мәтінді зейін қоя отырып оқуға және мәтіннен негізгі сөйлемдерді іріктеп, астын сызуға шақырады.
Олимпиада жеңімпазы
Тамыздың 4-і ауыр атлет Илья Ильин Қазақстан олимпиадалық құрамасының бесінші алтын медалін жеңіп алып, спортшы әлем рекордын жаңартты. Қазақстандық белгілі ауыр атлет Илья Ильин 94 килограмм салмақта сайысқа түсіп, аса тартысты бәсекеде Лондон олимпиадасының алтын жүлдесін жеңіп алды. Осылайша Ильин Қазақстан тарихында екі дүркін олимпиада чемпионы атанған алғашқы спортшыға айналды.
Тамыздың 4-і күні Лондонның ExCel спорт орталығында өткен ауыр атлеттер сайысында (94 килограмм) негізгі бәсеке қазақстандық Илья Ильин мен ресейлік Александр Ивановтың арасында өтті. Екі атлет жұлқа көтеруден бірдей 185 килограмм көтерген еді. Серпе көтеру бойынша Илья Ильин қарсыласынан 9 килограмм артық көтеріп (233 кг, жалпы - 418 кг), әлем рекордын да жаңартты, екі дүркін олимпиада чемпионы да атанды. Осы салмақта жарысқа қатысқан қазақстандық тағы бір ауыр атлет Алмас Өтешов те "А" күштілер тобына кіріп, жетінші орын алды.
Жарыс аяқтала салысымен тікелей эфирдегі телекамераға қарап сөйлеген ауыр атлет Илья Ильин әуелі Қазақстан халқына алғыс білдіріп жатты.
Қазақстан жалпы саны бес алтын медаль иеленіп, жалпы командалық кестеде сегізінші орынға көтерілді. Оның төртеуі - ауыр атлеттердің еншісінде.
2. Мұғалім оқушыларға мәтіннен іріктеген сөйлемдерді қолдана отырып, жинақы мәтін жазуды ұсынады.
3. Жазған мәтіндерін мұғалім алдымен топта оқып бөлісуге шақырады. Оқушылар топта бір-бірінің жазылымдарымен танысып, бір-бірінің жұмыстарының соңына «бір ұсыныс, бір тілек» жазу арқылы өзара бағалайды. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын аралап бақылап, қажет деп тапса, қосымша уақыт беру арқылы жұмыстарына түзету енгізіп, соңғы нұсқасын жазуларына мүмкіндік береді.
Оқушылар топта өзара ақылдаса келе орталарынан бір оқушының жұмысын сынып алдында бөлісуге ұсынады. Үздік жұмыстың иелері «автор орындығына» отырып оқиды.
ДЕСКРИПТОРЛАР
оқылым мәтінінен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді белгілейді;
қосымша ақпаратты білдіретін сөйлемдерді ажырата алады;
жинақы мәтін талаптарын есіне түсіреді;
жинақы мәтін жазады.....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ауыр атлетиканың аңызы (6 сынып, III тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бату хан (6 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қаныш Сәтпаев (6 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы көрікті жерлер (Бекет Ата жерасты мешіті Ақмешіт үңгірі) (6 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Араб әлеміндегі ең үлкен кітапхана Ұлттық академиялық кітапхана (6 сынып, IV тоқсан )

Іздеп көріңіз: