Қазақ тілінен сабақ жоспары: Шоқтығы биік ғалым (6 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Шоқтығы биік ғалым (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі : Тарихи тұлғалар
Сабақтың тақырыбы: Шоқтығы биік ғалым
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.3.1.1 Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру.
Сабақтың мақсаты: Жазылым жұмысының құрылымын ескеріп, қарапайым жоспарын құруға үйрету.
Сабақ барысы: Мұғалім оқушылардың назарын сабақ тақырыбына аудару үшін тірек сөздерді ұсынады.
1-тапсырма
 Қандай геолог ғалымдарды білесіздер?
 Ғалым Әлкей Марғұлан туралы не білесіздер
2-тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, ғалымның мінездемесін жазуға қажетті ақпараттарды анықтайды.
Шоқтығы биік ғалым
Қазақстан археология мектебінің негізін салушы Әлкей Марғұлан этнография, тарих, шығыстану, әдебиттану, өнертану бойынша көптеген еңбек сіңірген. Филология ғылымдарының докторы ,академик, профессор. Ол 1904 ж. 11 мамырда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Əкесі Хақан – атақты Олжабай баҺадүрдің тікелей ұрпағы. Əлкейдің əкесі Хақан мен шешесі Нұрила көптеген халық ертегілері мен аңыз-әфсаналарын білген, үйінде халық əндері мен Абай əуендері жиі шырқалатын болған. Жай отындай жарқыраған, қағлез бала бес жасында оқып, жаза білуді үйренеді, бала кезінде «Қобыланды», «Алпамыс», «Көрұғлы», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» дастандарын пеш түбінде отырып оқып, жатқа білген. Хақанның шаңырағында белгілі ақын, ғалым Мəшһүр-Жүсіп Көпеев, Жаяу Мұса, Имантай Сəтбаев жəне қазақ даласына белгілі басқа да адамдар жиі бас қосқан. Құймақұлақ Əлкей бастауыш білімді ауыл мектебінен алды. 1915 жылы Баянауылда үш сыныпты орыс мектебінде оқыды. 15 жасыңда гимназияда оқу мақсатымен Екатеринбург қаласына сапар шегіп, алайда Азамат соғысында опат болып жатқан адамдардың жағдайы балаға әсер етуінің кесірінен оқи алмай қалады. 1919 жылы Əлкей Хақанұлы Павлодар қаласындағы мұғалімдер курсына түсіп, белгілі əнші Майраның үйінде тұрады. 1920 жылы курсты бітірген соң туған ауылына оралып, Далба мектебінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1921 жылы Əбікей Зейінұлы Сəтбаев сынды белгілі қазақ ағартушысы директор болған Семей техникумына оқуға түседі. Оны бітіпген соң біраз уақыттан кейін Ленинградқа оқуға түседі. Ленинградта оқып жүргенде-ақ зеттеушілікті бастаған Әлкей елге келгеннен кейін де көп ізденіп, зерттеуді қажет ететін сауапты істі одан әрі жалғастырып, Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария, Шу, Талас өзендері бойында және көне Отырар, Сауран, Сығанақ қалаларының орындарында түрлі қазба жұмыстарын жүргізіп, көне жәдігерлерді тауып, музейге тапсырады. Ол зерттеу жүргізуде сайын далада түз тағыларын жиі кезестіреді. Жинаған материалдарының негізінде «Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихы» деген монографиялық еңбек жазады. Кейін Әлкей Марғұлан енді Орталық Қазақстанды зерттеуге бет бұрады. Ұзақ жылғы зерттеу жұмысының нәтижесінде Ж.А. Ақышев, М.Қ. Қадырбаев, А.М. Оразбаевтармен бірігіп, «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті» атты кітап жазуға қатысып, оның редакциясын басқарды. Бұл кітаптың құндылығы жоғары бағаланып, оның авторларына Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлық беріледі. Ол қазақ халқының тарихы мен әдебиетін зерттеуге зор еңбек сіңірді. Оның қаламынан туған тарих, археология, этнография, әдебиет және өнер салаларына қатысты ондаған кітап, үш жүзден астам ғылыми зерттеу және жүзден астам энциклопедиялық мақалалар жарық көрді. Оған көшпенділер мен ата- бабаларымыздың өмірі, аңыздар мен мифтер дүниесі, кең дала, киіз үй етене жақын болды.
3-тапсырма
Мұғалім мәтіндегі ақпараттарға сүйене отырып, ғалымға мінездеме жазуды жоспарлауды ұсынады. Жазған жоспарларын топта бөлісіп, өзара бағалайды.
Мәтіннен анықтаған ақпараттарыңызға сүйене отырып, Әлкей Марғұланға мінездеме жазуға қарапайым жоспар құрыңыз. Жазған қарапайым жоспарларыңызды топта өзара бөлісіп, баға беріңіздер.
Оқушылардың жұмыстарын мұғалім тыңдап, кері байланыс береді, дескрипторлар бойынша өз-өздерін бағалатады.
ДЕСКРИПТОРЛАР
 Тірек сөздер арқылы сабақ тақырыбын болжайды;
 Мәтіннен жазылымға қажетті ақпараттарды анықтайды;
 Мінездеменің құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құрады.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Шоқтығы биік ғалым 6 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Шоқтығы биік ғалым

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]