Қазақ тілінен сабақ жоспары: Исатай - басшы мен - қосшы (6 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Исатай - басшы мен - қосшы (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі : Тарихи тұлғалар
Сабақтың тақырыбы: Исатай - басшы, мен - қосшы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.4.3.1 Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу.
Сабақтың мақсаты: Мәтінге сүйене отырып көнерген сөз, эвфемизм, дисфмизмдерді анықтауға үйренеді.
Сабақ барысы: Ой шақыру
Оқушылар тақтада берілген өлең үзіндісін оқиды. Өлеңнің мазмұны не туралы екендігін айтады, өлең мазмұнына қатысты сұрақтарға жауап береді.
Ақындықтың адуын басы болған Махамбет,
Азаттық үшін Жәңгірдің қасы болған Махамбет,
Ереуіл жыры көңілімнің қошы болған Махамбет,
Исатайдың арылмас досы болған Махамбет.
(Т.Қайбуллаев. Қызғыш құс. 68-бет)
 Өлеңде ақын Махамбетті қалай сипаттаған?
 Махамбет пен Исатайдың достығы туралы не білесіздер?
 Махамбеттің Жәңгірге қас болу себебі неде?
Оқылым тапсырмасы
 Өлеңді зейін қоя мәнерлеп оқиды.
 Мәтіннен не түйгендігін айтады.
Махамбет Өтемісұлы
Тайманның ұлы Исатай
Арғымақтан туған қазанат,
Шабуыл салса нанғысыз.
Қазанаттан туған қаз мойын,
Күніне көз көрінім жер шалғысыз.
Айырдан туған жампоз бар,
Нарға жүгін салғысыз.
Аруанадан туған мая бар,
Асылын айуан десең нанғысыз.
Жаманнан туған жақсы бар,
Атасын айтса нанғысыз.
Жақсыдан туған жаман бар,
Күндердің күні болғанда,
Жарамды бір теріге алғысыз.
Тайманның ұлы Исатай
Ағайынның басы еді,
Алтын ердің қасы еді.
Исатайды өлтіріп,
Қырсық та шалған біздің ел!
Оқылымнан кейінгі тапсырма
Оқушылар оқылым мәтінінен көнерген сөздер, эвфемизмдер мен дисфемизмдерді табады, олардың мағынасын анықтап, дәптерлеріне жазады. Жұпта бөлсіп, бір-бірін бағалайды.
Сөздер Мағынасы
Дескриптор:
- мәтінге байланысты сұрақтарға жауап береді;
- мәтіннен түйгенін айтады;
- мәтінінен көнерген сөздерді табады;
- мәтіннен эвфемизмдерді табады;
- мәтіннен дисфемизмдерді табады;
- олардың мағынасын анықтайды.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Исатай - басшы мен - қосшы 6 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Исатай - басшы мен - қосшы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]