Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бұқар жырау (6 сынып, II тоқсан )
Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тарихи тұлғалар
Сабақтың тақырыбы: Бұқар жырау
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.1.4.1 Мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау;
Сабақтың мақсаты: Жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды ажырата білуге үйрету.
Сабақ барысы: Оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында мұғалім кестедегі сөздердің мағынасын анықтауды ұсынады.
1-тапсырма
сөздер менің білгенім сөздіктегі мағынасы
көмекей
нөсер
кемеңгер
ерен
беделді
2-тапсырма
Оқушыларға тақырыпты, тыңдалым мәтінін оңай түсінуге көмектесу мақсатында берілген сөздердің синонимдерін тауып жазу ұсынылады.
атақты - ...
басқару - ...
беделді - ...
кемеңгер - ...
нөсер - ...
тұңғыш - ...
3-тапсырма
Тыңдалым мәтінімен жұмыс. Тыңдалым мәтінін мұғалім оқушыларға оқып беруіне болады. Оқушылар 2 рет мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
Қазақтың «көмекей əулиесі» — Бұқар жырау Қалқаманұлы
Халқымыздың асқан кемеңгер ойшылы, қоғам қайраткері, ақпа-төкпе жыр нөсері Бұқар жырау Қалқаманұлы қазақты билеген тоғыз ханға кеңесші болған. Кемеңгер би билік айтарда өлеңмен сөйлеген. Атақты шежіреші М.Көпейұлы «Өз заманында Бұқар «Көмекей əулие» деген атқа ие болған деседі. Жырау қара сөз білмеген, сөйлесе тек көмекейі бүлкілдеп жырлай бастайды екен» деп сипаттаған.
Бұқар жырау Тəуке хан тұсындағы ықпалды билердің бірі болған. Сөз өнерінің ерен жүйрігі атанған Бұқар Тәуке ханның ел басқару ісіне белсене араласады. Ол туралы Үмбетей жырау былай дейді:
Бұлбұл құстай сайрадың,
Тоты көрсең жайнадың.
Көріктей басқан күпілдеп,
Көмекейің бүлкілдеп,
Сөйлер сөзден таймадың.
Тəукенің болып жаршысы,
Халқыңның болып заршысы,
Белді бекем байладың.
Тəуке ханның тұсында Бұқар Қалқаманұлы белді жырау жəне беделді би ретінде өзінен жасы үлкен Қаз дауысты Қазыбек, Төле жəне Əйтеке билермен бірге қазақтың тұңғыш құқықтық құжаты «Жеті жарғыны» жасауға қатысады.
Р.С.Каренов
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
- Мәтінді екінші рет тыңдағанда Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Қалай? деген сұрақтарға жауап іздейді.
Тыңдалған мәтін бойынша негізгі ойды анықтау үшін журналистердің репортаж дайындау үшін қоятын сұрақтарын қолданады. Осы сұрақтарға тапқан жауаптар оқушыларға Бұқар жырау туралы мәліметті ретпен және жүйелі түрде зерттеуге мүмкіндік береді. Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Қалай? деген сұрақтар оқушыға негізгі мәліметті әртүрлі қырынан зерттеуге және қарастыруға мүмкіндік беретінін оқушы ұғынуы тиіс. Жауаптар жазылып болғаннан кейін оқушылар ойларын жинақтап, басқалармен бөліседі.
Ықтимал жауаптар:
- Кім? – Бұқар жырау туралы айтылған.
- Қашан? – Тәуке ханның тұсында беделді би болған.
Мұғалім оқушыларға орындаған жұмыстарымен оқып, бөлісулерін сұрайды. Сынып алдында оқушылар орындаған тапсырмаларын оқиды. Оқушылардың жұмыстарын мұғалім тыңдап, кері байланыс береді, дескрипторлар бойынша өз-өздерін бағалатады.
ДЕСКРИПТОРЛАР
мәтінге жетекші сұрақтар қояды;
сұрақтарға мәтіннен жауаптар табады;
мәтіннің негізгі ойын анықтайды...

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы көрікті жерлер (6 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Вел Баркер кубогын алған тұңғыш қазақ (6 сынып, III тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Астананың бойтұмары – «Бәйтерек» (2-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Астананың бойтұмары – «Бәйтерек» (1-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жаңа заманның байланыс құралдары (6 сынып, IV тоқсан )

Іздеп көріңіз: