Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы (2-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары:  «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы (2-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы
Сабақтың тақырыбы: «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы (2-нұсқа)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) О6.Оқылым стратегияларын қолдану
6.2.6.1 - оқылым стратегияларын қолдану:
комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу.
6.4.3.1. неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу
Сабақтың мақсаттары: Оқылым стратегияларын қолданады: комментарий жасайды, іріктеп оқиды.
Мәтіннен термин сөздерді ажырата алады, орынды қолданады.
Сабақ барысы: Қызығушылығын ояту
Мұғалім сабақты «Адасқан әріптерден» құралған сөздерді көрсетумен бастайды. Оқушылар «Адасқан әріптерден» сөз құрайды (р,ш,а,ы,т,н,х,а) осылайша сабақ тақырыбын анықтайды. Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады.
Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.
Сынып оқушыларын бір топта төрт-бес адам болатындай етіп, бірнеше топқа бөледі. Сабақ мазмұнына сай «Хан шатыр», «ойын-сауық», «Норман Фостер», «Тілек ағашы» деген топтарға бөлуге болады.
Оқылым алды тапсырма
«Саяхаттаушы ақпараттар» әдісі
Сыныптың әр бұрышына мұғалім «сәулетші», «өнер туындысы», «орталық белдеу», «экоғимарат» деген сөздердің мағыналарын ақ параққа жазып іліп қояды. Оқушылардың қолдарына осы сөздерді карточкаға жазып береді. Оқушылар сыныпты айналып жүріп, өзінің қолындағы сөзге қатысты парақты табады. Мұғалім әр сөздің мағынасын ашу үшін толықтырулар жасайды және термин сөздер туралы түсінік береді: «Термин сөздер дегеніміз – ғылым, техника, өндіріс және т.б. саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларын білдіретін сөздер.
Термин сөздердің басты белгілері:
- термин ғылым мен техниканың әр саласына тән болуы керек;
- термин сөздер дара, бір ғана мағыналы болуы керек;
- Термин сөздердің көпшілігі дүние сөзі тілдерінің халықтарына ортақ болуы керек».
сәулетші - сәулет өнеpiнiң маманы, аpхитектоp.
белдеу – белгiсi бip паpаллельдеp аpалығындағы жеp бөлiгi.
экоғимарат – табиғи ғимарат
тропикалық - ....
Оқылым тапсырмасы
«INSERT» әдісі
Жұмыс алгоритмі: Тапсырманы оқып, түртіп алу жүйесі бойынша жұмыс жасалады: W- білемін; + жаңалық; - білмеймін; ?- білгім келеді» деген кесте жүйесі бойынша жұмыс жасайды.
«Әлемді аузына қаратқан «Хан шатыр» мақаласы әр оқушыға жеке таратылады. Оқушылар мәтінді оқып отырып, «INSERT» кестесіндегі белгілерді қояды.
Әлемді аузына қаратқан «Хан шатыр»
мақала
Астана қаласының сол жағалауында орналасқан әлемдік сәулет өнерінің кестесінен орын алған тамаша өнер туындысы - "Хан шатыр" ойын-сауық орталығы. Есімі әлемге кеңінен танылған әйгілі сәулетші лорд Норман Фостердің қиялынан туған бұл баламасыз архитектуралық өнер туындысы сәні мен салтанатын жарастырып келе жатқан Астана келбетіне айшықты көрініс беріп тұр. Орталықтың өзіндік архитектурасы — ғимарат алып мөлдір шыныдан жасалған шатыр. Ғимарат президент Резиденциясы мен үкіметтік ғимараттар кешенінен бастау алатын қаланың басты орталық белдеуін аяқтап тұр.
"Хан шатырды" британдық Foster & Partners фирмасы жобалаған болатын. Оның биіктігі 150 метрді құрайды, аумағы - 127 мың шаршы метр.
Тағы бір атап өтетін жайт, "Хан шатыр" - Forbes Style журналының нұсқасы бойынша әлемнің ең үздік он экоғимараттарының тізіміне енді. Мұндай құрметке ТМД елдерінен Қазақстан ғана лайықты болып отыр.
20 метр цемент іргетасқа орнатылған қаладағы ең биік және әлемдегі киіз үй пішіндес ең үлкен ғимараттың құрылысы кезінде пайдаланылған көптеген технологиялар мен материалдар теңдесі жоқ болып табылады, олардың кейбірі әлемдік тәжірибеде тұңғыш рет қолданылып отыр.
Шатырдың ерекше қабаты оны Астана халқына үйреншікті болып кеткен боран мен аяздан қорғап, іште қысы-жазы қолайлы климат ұстап тұруға мүмкіндік береді. Әрдайым жайдары ауа-райы мен күн нұрының төгілуі – «Хан Шатырға» тән белгі болмақ. Түрлі климаттық белдеулерде өсетін жасыл-желектерді мұнда сатылы террасадан кездестіруге болады.
Ғимараттың орталығындағы кең алаң көрме және ойын-сауық шараларына арналған. Ғимараттың орталығында орналасқан "Тілек ағашындағы" жетім балалардың тілегі жазылған конвертті ашқан адам оны міндетті түрде орындау керек.
Тропикалық су бағы мен алыс Мальдив аралдарынан арнайы әкелінген жұмсақ құм төселген керемет жағажай - орталықтың ең қызықты орындарының бірі. Хауыздардың бірінде орналасқан жасанды толқын әсерлі көрініс береді. Осы жерде жылдың кез келген мезгілінде тура Жерорта теңізінде демалып жатқандай сезімге бөленіп, рахат алуға болады.
Айгерім Сматуллаева
Оқылымнан кейінгі тапсырма
«Еркін микрофон» әдісі (Саймон Браунхилл бойынша)
Жұмыс алгоритмі:
- сынып оқушыларының санына байланысты бірнеше оқушы қолына микрофон ұстап, сабақ мазмұнына (Әлемді аузына қаратқан «Хан шатыр») байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.
Ықтимал сұрақтар:
- «Хан шатыр» деп аталу себебі неде?
- «Хан шатыр» орталығының өзіндік ерекшелігі неде?
- «Тілек ағашында» не болады?
- Орталықтың ең қызықты жері қайсы?
Өзіндік бағалау
Мұғалім бұл сабақта графикалық бағалау әдісін қолдана алады. Оқушылардың сабақтағы белсенділігіне қарай әртүрлі стикерлермен марапаттайды, қолдау көрсетеді.
Дескриптор:
- мәтіннен қажет кем дегенде бір ақпаратты іріктейді;
- мәтінді оқуда комментарий жасап түйінді ой айта алды;
- «Еркін микрофон» кезінде термин сөздерді қолданып сөйледі.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы (1-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Астананың бойтұмары – «Бәйтерек» (2-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Саяхат Көлік – оқылым (1-сабақ) (1 сынып, 5 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Саяхат Көлік – оқылым (2-сабақ) (1 сынып, 5 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Астана – мәдениет пен өнер ордасы Неологизм (6 сынып, II тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы (2-нұсқа) 6 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы (2-нұсқа)

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]