Қазақ тілінен сабақ жоспары: Астананың көрікті жерлері (1-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Астананың көрікті жерлері (1-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы
Сабақтың тақырыбы: Астананың көрікті жерлері (1-нұсқа)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)Т/А6. Сөйлеу мәдениетін дамыту.
6.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу.
Сабақтың мақсаттары: Тақырыпқа байланысты ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысуға, ойын анық жеткізуге үйренеді.
Сабақ барысы: Қызығушылығын ояту
Оқушыларға буындар жазылған қағаз қиындылары беріледі (конвертке салынады), олар осы буындардан сөйлем құрастырып, сабақтың тақырыбын анықтайды.
(АС- ТА- НА- НЫҢ КӨ- РІК- ТІ ЖЕР- ЛЕ- РІ)
Мұғалім сабақ мақсатымен таныстырады.
Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.
Тыңдалым алды тапсырма
Оқушылар бұл тапсырманы жеке орындайды, яғни «БББ кестесін» толтырады: «Мен елордамыз Астана туралы не білемін?»
«Білемін» деген жерге Астана туралы білетін мәліметтерін, «Білдім» дегенге жаңадан білгендерін, «Білгім келеді» дегенге Астана туралы не қызықтыратындықтарын атап қана жазып өтулері тиіс. Өткен сабақта алған білімдері негізінде Астана қаласының өткені, орналасқан жері туралы мәліметтерді жазуға болады. Саралау ретінде мұғалім кейбір оқушыларға бағыт беруіне болады.
Білемін Білдім Білгім келеді
Кестені толтырып болғаннан кейін мұғалім оқушыларды 4 адамнан тұратын топқа бөледі. Оқушылар толтырған кестесін топта оқып, талдайды.
Тыңдалым тапсырмасы
ЖЖ
Топ ішінде жұпқа бөлінеді.
Оқушылар «Астананың көрікті жерлері» атты бейнежазбаны тыңдап, тірек сөздерді анықтап жазып алады. Бейнебаян мазмұны бойынша ресми сөздер мен тіркестерді қолданып, жұппен диалог құрастырып сөйлеседі.
(Тірек сөздер: әдемілігі бар шаһар, баламасыз, экоғимарат, тиімді демалыс орны, конгресс, бірліктің белгісі, Астананың нышаны, оқушылар сарайы)
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
«Сандықтағы сұрақтар»
Әр жұп сабақ тақырыбына, тыңдалған материалдарға байланысты бір сұрақ құрастырады. Ооны қағазға жазып сандыққа салады. Содан кейін әр жұп сандықтан 1 сұрақ суырып, сол сұраққа жауап береді.
Ықтимал сұрақтар:
• «Хан шатыр» ғимараты әлемдік деңгейдегі қандай тізімге енгізілді?
• Астанада отбасылық демалысты қай жерде өткізуге болады?
• Океанариумның қандай ерекшелігі бар?
Өзіндік бағалау
Оқушылар «БББ» кестесіне оралып, «Білгім келеді» бөлігі бойынша бүгінгі сабақтан алған білімдері бойынша кері байланыс жасайды. Мұғалім мүмкіндігінше оқушылардың көп бөлігін қамтуы тиіс.
Дескриптор:
- диалогке қатысады;
- ресми сөздер мен тіркестерді орынды қолданады;
- ойын анық жеткізеді.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Астананың көрікті жерлері (2-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Астананың тұрғындары (2-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Астананың тұрғындары (1-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақ жазушыларының кітаптары Кореяның ұлттық кітапхана қорын толықтырады (6 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Технология жетістіктері (6 сынып, IV тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Астананың көрікті жерлері (1-нұсқа) 6 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Астананың көрікті жерлері (1-нұсқа)

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]