Қазақ тілінен сабақ жоспары: Астананың тұрғындары (2-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары:  Астананың тұрғындары (2-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы
Сабақтың тақырыбы: Астананың тұрғындары (2-нұсқа)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.2.1.1 мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру
6.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу.
Сабақтың мақсаттары: Мәтінді түсініп оқу, негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау;
Сөйлесу кезінде дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып диалогке қатысу, ойын анық жеткізу.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
Біле жүр!
Мұғалім оқушыларға «Біле жүр!» айдарындағы мәліметті ұсынады. Кейін бұл мәліметті диалогқа пайдалануға болатындығын ескертеді. Оқушыларға картадан осы екі астананы табу тапсырылады. Оқушылардың назарына Дүниежүзі географиялық картасы мен Қазақстан картасы ұсынылады.
Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.
Оқылым алды тапсырма
«Галереяны шарлау» әдісі
Тапсырма сыныппен орындалады. Мұғалім сынып бөлмесінің қабырғаларына Астанадағы түрлі мәдени орындардың суреттері ілінеді. Оқушылар «галереяны» аралап жүріп, бір-бірімен білетін ғимараттары бойынша тәжірибелерімен бөліседі.
 «Керуен» сауда орыны
 «Думан» ойын-сауық орталығы
 Бәйтерек
 Хан шатыр
 Опера және балет театры
 Silkway сауда орыны
Оқылым тапсырмасы
«Түртіп алу» стратегиясы
Мұғалім барлық оқушыларға екі мәтін береді. «Астана тұрғындары» деп аталатын мәтіндерде Қазақ Ұлттық өнер университетінің 9-сынып оқушысы Ақбике Алғи және Астанадағы Б.Момышұлы атындағы №70 мектеп-лицейдің 3-сынып оқушысы Әмина Қайырбековамен болған сұқбаттан үзінді берілген. Оқушылар мәтіндерді түсініп оқиды, негізгі және қосымша ақпараттарды түртіп алады.
Оқылым кейінгі тапсырма
«Паб куиз (Pub quiz)» әдісі
Оқушылардың оқу материалынан сұрақ құрастыра отырып және сұрақтарға жауап бере отырып меңгеруіне көмектесу үшін мұғалім осы әдісті ұйымдастырады.
Жұмыс алгоритмі:
- оқушыларды топтарға біріктіреді;
- әр топқа бір тақырып таратады;
- әр топ тақырыпқа байланысты 10 сұрақтан дайындайды;
- оқушылар шеңбер құрып отырады;
- сұрақтарын кезекпен қояды;
- сұрақтарға кезекпен жауап береді.
Әр топқа ұсынылатын тақырыптар:
1. Елордамызды әлемге танытудағы Ақбике Алғидың үлесі
2. Елордамызды әлемге танытудағы Әмина Қайырбекованың үлесі
3. Шетелдіктердің Астанаға деген қызығушылығы
4. Кейіпкерлердің отансүйгіштігі
Тапсырманың шарты:
- Мәтін мазмұнындағы негізгі және қосымша ақпараттарды қолдану.
- «Сергіту сәтіндегі» Астана қаласының географиялық орналасуы туралы мәліметтерді пайдалану.
Дескриптор:
• мәтін мазмұнын түсінеді;
• мәтіннен Астана қаласы туралы сөйлемдерді табады;
• мәтіндегі сөз тіркестерін пайдаланып, сұрақ-жауапқа қатысады;
• сөйлесуде кейіпкер туралы ақпараттарды пайдаланады.
Бағалау
Мұғалім оқушыларға «Үш минуттық эссе» жазуды ұсынады. «Үш минуттық эсседе» оқушы төмендегі үш сұрақты қамтуы тиіс:
1) Бүгінгі оқып білгеніңнің ішіндегі ең маңыздысы не болды?
2) Қай сұрақ есіңде қалды?
3) Сен үшін қиындық тудырған сұрақ? ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Астананың тұрғындары (1-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Астананың көрікті жерлері (1-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Астананың көрікті жерлері (2-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақ жазушыларының кітаптары Кореяның ұлттық кітапхана қорын толықтырады (6 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Технология жетістіктері (6 сынып, IV тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Астананың тұрғындары (2-нұсқа) 6 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Астананың тұрғындары (2-нұсқа)

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]