Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасындағы әкенің рөлі (6 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасындағы әкенің рөлі (6 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ұлттық және отбасылық құндылықтар
Сабақтың тақырыбы: Отбасындағы әкенің рөлі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып мінездеме құрастырып жазу
Сабақтың мақсаттары: Мінездеме жазу.
Сабақ барысы: Оқушыларға әке туралы мақалдардан алынған сөздер ұсынылады. Оқушылар топтасып, мақалдарды құрастырып шығулары қажет.
Алты аға бірігіп әке болмас,
Жеті жеңге бірігіп ана болмас.
Әкелі бала жаужүрек,
Әкесіз бала сұмжүрек
Жақсы әке жаман балаға,
Қырық жылдық ризық.
Әкең болса ауылда, дастарқаның жаныңда.
Мақалдарды құрастырғаннан кейін топта ақылдасып, мақалдың мәнін түсіндіріп береді, бүгінгі сабақтың тақырыбын болжайды.
ТЖ. Жазылымалды тапсырма.
Оқушылар «Тұрағұл Абайұлы: Әкем Абай туралы» мәтінімен танысады.
Оқушылар мәтін негізінде Абайдың мінезін ой картасына салады. Тұрағұлдың әкесіне деген қарым-қатынасын анықтайды.
Тапсырма:
Мәтінді мұқият оқыңдар. Мәтін негізінде Абайдың мінезін, қасиеттерін анықтап, ой картасын сызыңдар. Тұрағұлдың әкесіне деген қарым-қатынасын анықтаңдар.
Дескриптор:
1. Абайдың мінезін (кемінде 5) анықтайды.
2. Мәтіннен дәлел келтіреді.
3. Тұрағұл мен Абай арасындағы отбасылық құндылықты анықтайды.
4. Мәтіннен дәлел келтіреді.
Топтар ой карталарымен алмасады.
Бағалау.
Стикерлерге дескриптор бойынша топтың жетістіктері мен өз ұсыныстарын жазады.
Оқушылар ресми мінездеме мәтінімен танысады. Абай туралы жазылған мінездеме мен ресми мінездемені құрылымы, тілдік ерекшелігі, стилі бойынша салыстырады, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын Венн диаграммасы бойынша анықтады.
Тапсырма:
Ә мәтінін мұқият оқыңдар. А және Ә мәтінін салыстырыңдар, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын Венн диаграммасына салыңдар.
Дескриптор:
1. А және Ә мәтінінің құрылымы бойынша ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.
2. А және Ә мәтінінің тілдік ерекшеліктері бойынша ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.
Топтан өкілдер сайланады. Басқа топқа өз диаграммаларын таныстырады.
Бағалау.
Өкілді тыңдаған топ оқушылары дескриптор бойынша кері байланыс береді, бағалайды.
Оқушылар ресми мінездеменің құрылымын топта талқылап, тақтаға жазады.
Ж. Жазылым тапсырмасы.
Оқушылар әкелерінің мінездемесін ресми мінездеменің үлгісінде жазады.
Тапсырма:
Әкелеріңнің немесе ағаларыңның мінездемесін жазыңдар.
Дескриптор:
1. Мінездеменің құрылымдық ерекшеліктерін сақтап жазады.
2. Мінездеменің тілдік ерекшеліктерін сақтайды.
3. Орфографиялық норманы сақтап жазады.
Жазылымнан кейінгі тапсырма.
Оқушылар Тұрағұл Абайұлы жазған мәтіннің үлгісімен өз әкелерін әдеби стильде мінездейді.
Тапсырма:
Тұрағұл Абайұлы жазған мәтіннің үлгісімен өз әкелеріңді әдеби стильде мінездеңдер.
Дескриптор:
1. Мәтін құрылымын сақтайды.
2. Кейіпкердің ерекше қасиеттері мен мінездерін сипаттайды.
«Ыстық орындық» әдісі.
Оқушылар бір-бірден сыныптың ортасына қойылған орындыққа отырып, өз мінездемелерін айтады. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Отбасындағы әкенің рөлі 6 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Отбасындағы әкенің рөлі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]