Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы көрікті жерлер (Шерқала) (6 сынып, I тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Қазақстандағы көрікті жерлер
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы көрікті жерлер(Шерқала)
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.2.2.1. Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану
Сабақтың мақсаттары: Ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік қүралдар арқылы тану.
Сабақ барысы:
Оқушылар сурет арқылы 4 топқа бөлінеді. (Мұғалім оқушыларға Шерқала туралы бейнебаянды көрсетеді)
1-тапсырма: «Джигсо» әдісі арқылы оқушылар мәтінді өздері түсініп оқып болғаннан кейін басқа топтарға түсіндіреді.
1-топқа:
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Шетпе елді мекені маңында «Шерқала» деп аталатын тау бар. Ерте кезде бұл жерде адайлар мен түркімендер арасында қырғын соғыс болған. Түрікпен-қазақ қырғынында осы ұшпаға түрікпендер орналасып алып, жаугершілік жасаған. Бұл ұшпаның жан-жағы тегіс тас, өтетін жері, жолы болмаған. Тек бір ғана жолы ішінде су алатын түрікпендердің тіршілік еткен көзі үлкен шыңырауы болған. Жоғарыдағы жауға ештеңе істей алмай, құруға жақын қалған қазақтар ақыры амалын тауыпты. Олар шыңыраудан қауіпсіздеу бір шетін тесіп, сол жерден түрікпендердің су алуға түсірген қауға, шелегін кесіп тастап тұрған. Ақырында шөлден қырылып, қаталаған түрікпендердің жартылай қолы «Шерқаланы» тастап қолға түскен екен. «Шерқаланы» түрікпенше алынбайтын қамал дегенді білдіреді екен. «Шерқала» тауы - Маңғыстау қазақтарының «киелі» деп санайтын жерінің бірі.
2-топқа:
Журналист Жанболат Аупбаевтың бөліскен пікірі:
ШЕРҚАЛА… Осы бір жер атауын есіме түсірсем болды, көз алдыма төмендегі оқиға ке¬леді. 1992 жылдың қыр¬күйек айы болатын. Маңғыстаудағы ежелгі мәдениет ескерткіштерінің жай-күйімен танысуды алдарына мақсат етіп қойған жұмысшы тобы Алматыдан Ақтауға келіп, іле Үстірт үстіне аттанды.
Жорықтың екінші күні түске таман сайын даладағы сынап сағым толқытып тұрған ғажайып бір табиғат құбылысына жақындадық. «Кордильер!» – деді жел мүжіп, жаңбыр шайған кызыл керіш шоқылардан көз алмаған кинорежиссер Сергей Азимов. «Атакама… жо-жоқ, Колорадо шыңырауларынан аумайды ғой мынау», – деген суретші Виктор Журавлевтің даусы естілді екінші жақтан. «Ешқайсысы да емес, – деді осы сәтте оларға жазушы Сәтімжан Санбаев. – Бұл – Шерқала!
Шерқала… Сұлу да сұсты жер бұл. Құпиясы да жетерлік оның. Содан болуы керек, 1851 жылы геологиялық экспедицияның құрамында Маңғыстауда болған поляк революционері Бронислав Залесский: «Шерқалаға алыстан карағанда Римнің керемет пантеондарын, ежелгі замандардың ескерткіштерін көргендей боласың. Жақындап келгенде табиғаттың өзі жасаған жеке қабырғалар колонналарын, қираған мүсіндер сияқты бағандарды көресің», – деп жазыпты.
3-топқа:
Төңкерілген кеседей қырқа палеоген дәуірінің әктасты, сазбалшықты жыныстарынан түзілген. 1851 жылғы геологиялық экспедицияның құрамында Маңғыстауда болған поляк революционері Б. Залесский: “Шерқалаға алыстан қарағанда, Римнің керемет пантеондарын, ежелгі замандардың ескерткіштерін көргендей боласың. Жақындап келгенде, жеке қабырғалардың колонналарын, қираған мүсіндер сияқты ақ таулардың бағандарын көресің”, — деп жазып, Шерқала қырқасының суретін салып алған. Бұл сурет Залесскийдің “Қырғыз даласындағы өмір” атты альбомында 1856 жылы Парижде, 1989 жылы Алматыда қазақ тілінде жарық көрді. Қырқа арабша “жолбарыс қала” деген мағынаны білдіреді. Кезінде Бозащы түбегінен Хорезм мен Хиуаға жүретін жол бойындағы осы қырқалы тауда әскери қамал болған. Пирамида тәрізді таудың солтүстік-шығыс беткейінің түбінен жол тартылған. Шерқаланы үңгіп қазылған тоннель жоғарылаған соң екі тарау болып, қырқалы тау үстіне шығады. Қамалдың ұзындығы 300 м. Ернеулерінде сыйымдылығы екі-үш адамдық атқыш-садақшылар үшін орын бар.
4-топқа:
Шерқала – Бозашыдан Хорезм мен Хиуаға баратын жол бойындағы тау, қамал аты. Арабшадан аударғанда «жолбарыс» деген мағынаны білдіреді. Төңкерілген кеседей болған таудың жан-жағы биік құз, шығатын жол жоқ. Таудың солтүстік етегінде әскери бекініс орны бар. Пирамида сияқты таудың солтүстік-шығыс бетінен түбіндегі туннелге жол тартылған. Тауды үңгіп қазылған туннель жоғарылаған сайын екі тарау болып, тау үстіне шығады. Қамалдың ұзындығы 300 метр. Ернеуінде сыйымдылығы екі-үш адамдық атқыш-садақшылар үшін орын бар.
Шерқала тауы жөнінде халық арасында айтылатын аңыз әңгімелер көп. Белгілі ақын Оңайгүл Тұржанова өзінің «Шерқала» атты өлеңдер жинағында мынандай аңызды келтіреді. «…Тауды табанынан тесіп кіріп, жоғары қарай үңгіп қазып, елу метрлік шыңның төбесін ойып шыққан туннельді көргеніңіз бар ма? Маңғыстаудағы Шерқала сондай тау. Тау басында, шың баурайының әр жерінде 2-3 адам сиярлықтай ұяшықтарда қашалған адайдың «үш әліп», түрікменнің «жарты ай» таңбалары Шерқаланың қолдан қолға өткенін сыбырлап қана айтып тұрғандай..."
1989 жылы Шерқала маңында белгілі әнші С.Ротару ән шырқап, Бүкілодақтық теледидарға түсті. Ол Мәскеуден әлденеше рет көрсетіліп, бұрынғы Кеңес одағының бүкіл жұртшылығы Шерқала тауына тәнті болған. Бұл тау Маңғыстау өңіріндегі табиғаты сұлу, көрікті жерлердің бірі болып табылады.
2-тапсырма: Әр топ өз мәтіні бойынша ұсынылған тапсырманы орындайды.
Мәтіндегі ауызекі сөйлеу стиліндегі тіркестер: Мәтіндегі көркем сөйлеу стиліндегі тіркестер Қолданылу себебі
Әр топ өз жұмысын ұсынады, жасалған жұмысқа мұғалімнің кері байланысы беріліп, бағаланады. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы көрікті жерлер (6 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы көрікті жерлер (Алтын Емел ұлтық саябағы) (6 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы көрікті жерлер (Бекет Ата жерасты мешіті Ақмешіт үңгірі) (6 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы көрікті жерлер (Түркістан Шарын шатқалы Балқаш көлі Ақсай сынтастары Баянауыл ұлттық паркі) (6 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Үй телефоны мен ұялы телефон (6 сынып, IV тоқсан )

Іздеп көріңіз: