Қазақ тілінен сабақ жоспары: Табиғаттың жеті кереметі (6 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Табиғаттың жеті кереметі (6 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Әлемнің жеті кереметі
Сабақтың тақырыбы: Табиғаттың жеті кереметі
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.4.1.1. тақырып бойынша бірге, бөлек жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
 Сөздердің бірге, бөлек жазылуын ажырата алады;
 Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.
Сабақ барысы: Мұғалім оқушыларға табиғаттың жеті кереметіне аттанатынын айтады.
Осы сапарға шығу үшін төмендегілердің ішінен ең керек деген екі нәрсені, еш қажеті жоқ деген екі нәрсені таңдап алу керектігін айтады. Не себепті екенін түсіндірулері керек.
Ал мына сөздерді тақтаға жазып қояды, не болмаса экраннан көрсетеді.
Ағаш тарақ, киіз үй, жұпар сабын, алтын жүзік, тебен ине, шаш кептіргіш, ағаш қасық, қол сағат, ат арба, тандыр нан.
Оқушылар өзіне керегін таңдап алған соң, төмендегі сұрақтарға жауап береді.
• Ұсынылған сөздердің жазылуына назар аударыңыз.
• Бұл сөздер неге бөлек жазылған?
• Сөздер қай жағдайда бөлек жазылады деп ойлайсың?
Мұғалім сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, сабақ мақсаттары және бағалау критерийлерімен таныстырады, оқушылармен бірге талқылайды.
Мұғалім оқушыларға бөлек жазылатын сөздер туралы теориялық түсінік береді.
Тапсырма.
Мұғалім оқушыларға бірге, бөлек жазылатынын сөздерді ажыратып жазуын сұрайды.Оқушылар тапсырманы жеке орындайды, кейін мұғалім дұрыс жауапты өзі оқиды, оқушылар өзі-өзі тексеріп, дескрипторға сай бағалайды.
Беторамал, ешадам, бибилеу, біршөкім, жиырматоғыз, бастабақ, төсқалта, қойеті, асықжілік, біртүйір, қолұшын беру, қолүзу, тоқымажіп, шашкептіргіш, көшірмеқағаз,бірсәт,ҚазақстанРеспубликасы.
Дескриптор:
•Сөздердің қайсы бірге, қайсы бөлек жазылатынын ажырата алады;
•Емле ережесіне сүйеніп түсіндіреді.
Тапсырма.
Оқушыларға табиғаттың жеті кереметі туралы мәтін ұсынылады. Оқушылар мәтінді оқып, ішінен бөлек жазылатын сөздерді анықтайды, не себепті бөлек жазылатынын түсіндіреді.
Дескриптор:
• Мәтіннен бөлек жазылатын сөздерді тауып белгілейді;
• Не себепті екенін түсіндіреді.
Тапсырма.
Мұғалім оқушыларға күнделік жазуды тапсырады.
Жоғарыда мәтінде сөз болған табиғаттың жеті кереметінің біріне саяхаттап бардыңыз. Саяхатыңның бір күні туралы күнделік жазыңыз. Жазылымда бөлек жазылатын сөздерді орынды қолданыңыз.
Дескриптор:
•Саяхаты туралы күнделік жазады;
•Мәтіндегі ақпараттарды қолданады;
•Бірге,бөлек жазылатын сөздерді орынды қолданып жазады.
Жазылым тапсырмасын орындап болған соң, жұптар бір-бірінің жұмысына дескрипторға сай кері байланыс береді. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әлемнің жаңа жеті кереметіне саяхаттау (6 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Артемида ғибадатханасы (6 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Александрия шамшырағын қайта қалыпқа келтіру керек пе? (6 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Хан Кене (6 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әлемнің жеті кереметін уақыт өте жаңғыртып тұру керек? (6 сынып, I тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Табиғаттың жеті кереметі 6 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Табиғаттың жеті кереметі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]