Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әлемнің жеті кереметі (6 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әлемнің жеті кереметі (6 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Әлемнің жеті кереметі.
Сабақтың тақырыбы: Әлемнің жеті кереметі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.2.1.1 - мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру
Сабақтың мақсаттары:
• Мәтін мазмұнын түсінеді;
• Мәтіннен қосымша және негізгі ақпаратты анықтайды, түсіндіреді.
• Мәтіннен детальді ақпаратты анықтап, түсіндіреді.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту.
Оқушыларға 1 мин ішінде «жеті керемет» ұғымына бір сөйлеммен анықтама беру тапсырылады, жекелеген оқушылардың жауаптары тыңдалады.
Жұпқа бөлу.
Әлемнің жеті кереметінің суреттері арқылы оқушылар өз жұптарын табады.
Мұғалім сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды.
Оқылым алдындағы тапсырма.
Талқылау сұрақтары:
• Мәтіндегі негізгі ақпарат дегеніміз не?
• Мәтіндегі қосымша ақпарат дегеніміз не?
• Негізгі және қосымша ақпаратты қалай ажыратуға болады деп ойлайсыз?
• Детальді ақпарат дегенді қалай түсінесіз?
Мұғалім жұптарға талқылау сұрақтарын ұсынады,оқушылар өз ойларын ортаға салып талқылайды. Кейін мұғалім негізгі, қосымша, детальді ақпараттарды анықтау бойынша түсінік береді.
Оқылым тапсырмасы.
Қатар отырған жұптар төмендегі тапсырмаларды орындайды.
Оқушыларға Хеопс пирамидасы туралы екі ұқсас мәтін беріледі. Мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтайды. Берілген мәтінді оқиды, кестені толтырады.
Хеопс пирамидасының сырлары.
Хеопс пирамидасы салынғалы бергі 4 мың жыл бойы осы бір сұрақ кімді де болсын мазалауын қояр емес. Ол туралы аңыз да көп. «Осыншалық алып дүниені адам салуы мүмкін емес» деп күмәнданатындар да кездеседі. Біреулері «жындар салған болуы ықтимал» десе, бәзбіреулері «бұл - жер бетінде болған басқа өркениеттің белгісі» дейді, енді бірі «жоқ, мұндай кереметті бөтен ғаламшардан келгендер салған» деген болжамдарын ұсынып бағады.
Неге олай? Себебі, бүгінге дейін және технология дамыған қазіргі заманда да дәл осындай теңдессіз құрылысты адамдар әлі өз қолымен сала алған жоқ. Мысалы, 1989 жылы Париж қаласындағы Лувр мұражайының жанына салынған сәулетші Пэйдің шыны пирамидасының биіктігі 22 метрден аспайды. 1972 жылы АҚШ-тың Сан-Франсиско қаласында пирамидаға еліктеп салынған халықаралық штаб-пәтердің алып құрылысы бар. 48 қабаттан тұратын ғимараттың биіктігі 260 метр болғанмен, көлемі Хеопс пирамидасының жартысына жетпейді. Сондықтан да, Хеопс пирамидасы - адамзат тарихындағы 7 кереметтің бірі. Грек тарихшылары 7 кереметке: Олимпиядадағы Зевстің статуясын, Галикарнастағы мавзолейді, Ирактағы Семирамиданың аспалы бағын, Родос аралындағы 32 метрлік Гелиос алып мүсінін, Александрия маягын, Эфестегі Артемида ғибадатханасын жатқызады. Бірақ, осылардан бүгінге дейін аман жеткені осы Хеопс пирамидасы ғана. Аңыздарға қарамастан оны салғызған иесі мен қалай тұрғызылғаны жөніндегі деректердің анықталғаны рас. Енді сол тылсым қызықтарға кезек берейік.
Таңғаларлық деректер
Мысырдың Гиза жазығында тұрған Хеопс пирамидасын «Ұлы пирамида» деп те атайды. Себебі, 4 мың жылдан аман жеткен жалғыз жәдігер - биіктігі 147 метрге жететін әлемдегі ең алып ғимарат. Әрі өте дәл құрастырылған, ең ірі тастан жасалынған бірден-бір құрылыс. Хеопс пирамидасының жалпы салмағы 5 млн. тоннаға жетеді. Бүкіл құрылысты салуға 2 млн. куб тасблок жұмсалған. Пирамиданың ірге көлемі 5,15 гектар жерді алып жатыр. Оған 200 теннис алаңын, Римдегі Әулие Петрдің екі шіркеуін орналастыруға болар еді. Кезінде Наполеон Гизадағы басты үш пирамиданың тас блоктарымен Францияның барлық шекарасын 3 метр биік, 30 см қалың қорғанмен қоршауға жетеді деген қызық есеп шығарған екен. Осындай ақылға сия бермейтін алып дүниені IV әулеттің екінші басқарушысы перғауын Хуфу б.э.д 2551-2528 жылдары Ніл өзенінің батыс жағалауына өзінің болашақ моласы етіп салғызған. Пирамидадан бүгінге жетпей жоғалғаны - құрылыстың ұшар басынан көз шағылыстырып тұратын үшбұрышты сом алтын, пирамиданың сыртын түгелдей қаптап, алыстан аппақ қардай етіп көрсететін әктас тақталар.
Ең әуелі пирамидалардың өте дәлдікпен салынғаны таңғалдырады. Соншама көп тастардың қандай жолмен өңделіп, қалай жеткізіліп, қалайша қаланғаны да жұмбақ. Геометриялық орналасуы да ғажап: оның төрт жағы дүниенің төрт бұрышына бағытталған, бар-жоғы 8 минуттық ауытқу байқалады. (20 см). Ал, Хеопске көрші 143,5 метрлік биік Хафр пирамидасы, келесі 65 метрлік Менкаур пирамидасы үшеуі биіктен қарағанда, батысқа қарай дәл өлшеммен шұбырта бағытталып салынған (2-сурет). Хеопс пен Менкаур пирамидаларына қатарласа қаз-қатар үш-үш кіші пирамидалар орналасқан. Ол перғауындардың әйелдері мен апа-қарындастарына арналған молалар болған. Олардың да өзара өлшем ұқсастықтары егіз тамшыдай.
Мәтін түрі Негізгі ақпарат
Негізгі ойды жеткізіп тұрған сөйлемдер, ойлар Қосымша ақпарат
Негізгі ойды толықтырып тұрған сөйлемдер, ойлар Детальді ақпарат
Сандар, нақты атаулар т.с.с
1-мәтін
2-мәтін
Оқушылар өз жазғандарын толықтырып, ойларын ортаға салады. Бағалау критерийлері арқылы жұпаралық бағалау жүзеге асады.
Дескриптор:
• Мәтіннен негізгі ақпаратты анықтайды
• Мәтіннен қосымша ақпаратты табады;
• Детальді ақпаратты анықтайды
• Түсінік береді.
Оқылымнан кейінгі тапсырма.
Оқушылар РАФТ стратегиясы арқылы оқылым мәтінін негізге алып, шығармашылық жазылым тапсырмасын орындайды.Ұсынылған рөлдердің бірін таңдап, соған сай мәтін құрайды. Оқылым мәтініндегі негізгі және детальді ақпараттарды тиімді қолданады.
Рөл Аудитория Форма Тақырып
Тарихшы Оқушылар Баяндама Мысыр пирамидаларының тарихы
Туристік фирма қызметкері Саяхатшылар Жарнама Мысырға саяхаттауға асығыңыздар
Суретші Сурет көрмесіне қатысушылар Картиналарды көпшілікке таныстыру Мысыр пирамидаларының құпиясы
Дескриптор:
• Рөлді таңдап, аудиторияны ескеріп жазады;
• Формасын сақтайды;
• Мәтіндегі негізгі, детальді ақпараттарды пайдаланады.
«Галереяны шарлау» .
Оқушылар жұмыстарын сынып қабырғасына іледі. Оқушылар аралап, бір-біріне кері байланыс береді.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Әлемнің жеті кереметі 6 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Әлемнің жеті кереметі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]