Қазақ тілінен сабақ жоспары: Саяхат және демалыс (5 сынып, IV тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Саяхат және демалыс.
Сабақтың тақырыбы: Саяхат және демалыс.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/А2. Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру;
ӘТН2. Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы
ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу;
Ж1. Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру;
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар: сөздікпен жұмыс жасап, жаңа сөздерді меңгереді;
Көптеген оқушылар: мәтінде көтерілген мәселені түсіндіріп айта алады; қарапайым жоспар құра алады; жоспар негізінде мәтін құрап жазады;
Кейбір оқушылар: ілгерінді, кейінді ықпал заңдылықтарын түсіндіріп айта алады;
Сабақ барысы: 1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру. Күтілетін нәтижеге болжам жасау.
3. Егер сыныпта 12 оқушы болса, 3 түрлі-түсті қарындаштарды сауыттан кезек-кезек алу арқылы үш топқа бөлінеді.
1.Тыңдалымалды тапсырмасы: оқушылар қорапшадан бір-бір сөзден алып, сөздікпен жұмыс жасайды. Тақтаға жазып, мағыналарын түсіндіріп айтады. Оқушылар дәптеріне жазып алады: түбек, академик, құлпытастар, үстірт, Тұран, ойпат, қазаншұңқыр, реңі, шыңырау, зәулім, шаңқан таулар, тұңғиық.
2.Үш топ та бір тыңдалым мәтінін тыңдайды. Тыңдалам мәтінін алдын-ала таспаға жазып қоюға болады немесе өз даусыңызбен оқып берсеңіз де болады. 2 рет оқыңыз немесе тыңдатыңыз.
Тыңдалым мәтіні:
Байлық тұнған түбек атанған ғажап өңір Маңғыстау- Қазакстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Ол «мың қыстау» сөзінен шыққан. Картадан қарағанда әйел адамның сұлбасы көз алдыңа елестейді. Академик Қаныш Сәтбаевтың бұл өңірді «ұйқыдағы аруға» теңеуі тегін емес. Көктен караған адамға құлазыған құла түз көрінетін Маңғыстау небір ғажайыптарымен ерекшеленеді. Мұнда табиғи ескерткіштер, ежелгі құлпытастар мен көшпенді ата-бабаларымыздың қолтаңбалары самсап тұр.
Сондай-ақ Маңғыстау өңіріне Үстірт жоны мен Қарақия ойпаты қайталанбас өң береді. Қиялда ғана кездесетін қиыр-шиыр, шым-шытырық жер бедерін ежелде мұхит суының ағындары мен толқындары калыптастырған.
Тұран жазығы мен Арал теңізі, Маңғыстау түбегі мен Каспий теңізіндегі Қарабұғаз көлінің жағалауы аралығында тақтайдай жазық әрі белесті келген жер Үстірт деп аталады. «Үстірт» жер бетінен көтеріңкі, биік деген ұғымды білдіреді. Оның кемерлері тілімденген, шет жақтары тік құлама құз, жар болып келеді. Шығысында Қарақия ойпаты көсіліп жатыр. Ол - мұхит деңгейінен 132 метр төмен орналасқан алып қазаншұңқыр.
Миллиондаған жылдар бойы түзілген ғажайып жер реңі белгісіз бір жұмбақ планетаны елестетеді. Құдіреттің өзі тұңғиық су асты әлемінің құпия көрмесін қолмен әкеп орнатқандай. Мұндағы бір өзі бір көлдің аумағындай алып қазаншұңқырларды, тереңдігі жүздеген метрге жететін шыңырау құдықтарды, біріне-бірі жалғасып жатқан зәулім үңгірлерді, мұзтауларға ұқсайтын ақ шаңқан тауларды, жер астын жарып шыққан сарқырамаларды, көзге көрінбейтін, күркіреген үні ғана естілетін тұңғиықтағы өзендерді әлемнің басқа түкпірінен кездестіру қиын.
Айтылым тапсырмасы: «КРЕАТИВТІ МАТРИЦА»
Мәселені түсіндіру, байланыстыру.
КІМ? НЕ? Маңғыс-тау Қаныш Сәтбаев Қарақия Үстірт өзендер
ҚАНДАЙ? көтеріңкі тақтайдай жазық күркіреген ұйқыдағы арудай алып қазаншұң-қырдай
ҚАЙДА? Шығы-сында оңтүстік-батыс Картада Қазакстан Республи-касы жер асты
НЕГЕ?
Себебі, бұл жер картадан қарағанда әйел адамның сұлбасын көз алдыңа елестетеді
Тапсырма: бір топтағы 4 оқушы 2 оқушыдан жұптасады. Кім?, не?, қандай?, қайда? бағандарындағы берілген сөздерді бір-бірімен қарындашпен байланыстырып, мәтінде не туралы айтылғандығы туралы түсіндіріңдер. Ал неге? бағанына өз ойларыңды жазыңдар. ЖЖ.
Мысалы: Қаныш Сәтбаев «мың қыстау» өңірін «ұйқыдағы арудай» деп айтқан. Себебі, бұл жер картадан қарағанда әйел адамның сұлбасын көз алдыңа елестетеді.
3. Әр топтағы 4 оқушы жеке-жеке орындайды. Мәтіннен сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал түрлерін көрсетіп, түсіндіріп беріңіз. ЖО.
Мысалы: Маңғыстау «мың қыстау» сөздері кірігіп жасалғанда сөз аралығындағы ілгерінді ықпал бойынша, үнді Ң дыбысының әсерінен қатаң Қ дыбысы ұяң Ғ дыбысына айналған.
Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі Тап-сыр-ма № Дескриптор Балл
Оқушы
Әлеуметтік-мәдени, тарихи тақырыптарға байланысты мәтінде көтерілген мәселені түсіндіріп айта алады
ЖЖ сөздерді бір-бірімен байланыстырды;
мәтінде көтерілген мәселені түсіндіріп айта алды;
өз ойын қосып айта білді;
Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді ықпал заңдылықтарын біледі
ілгерінді ықпалды тапты;
кейінді ықпалды тапты;
Барлығы әр топ: 28балл
1.Сергіту сәті: «Билеп жүріп саяхат жасау»
Барлық оқушылар бір шеңбер құрап, дөңгеленіп тұрады. Барлықтарының қолына таза ақ қағаз және түрлі-түсті бояу беріледі. Оқушылар «Қара жорға» әніне бір бағытта билей жүріп, әрбір өзінің алдындағы оқушының арқасына қағазын қойып, дөңгелек бойымен жүре отырып, жоғарыдағы тыңдалым бойынша «Маңғыстау» өңірінің суретін сала бастайды. Мәтінде айтылған сөз тіркестерін, ақпараттарды еске түсіре отырып, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Ой-өрістерін, қиялын жетілдіреді.
2.Жазылым тапсырмасы: «Менің Маңғыстауға түйемен жасаған саяхатым» деген тақырыпта қалай саяхат жасағандығыңыз туралы және қалай демалғандығыңыз туралы қысқаша мәтін құраңыз. Ол үшін берілген мәтінге сәйкес және өздеріңіздің салған суреттеріңізге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құрыңыз. Сол жоспар негізінде мәтін құрап жазыңыз. 80-100 сөз........

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жануарлардың айлакерлігі (5 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 4 сабақ Жануарлар әлемі Күштілер мен әлсіздер дос болуы мүмкін бе? (5 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 2-сабақ Қазақстанның Қызыл кітабы (5 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Саяхат Демалыс туралы әңгімелерін айту - ойларын білдіру (2-сабақ) (2 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сиқырлы тон Үндестік заңы (5 сынып, I тоқсан )

Іздеп көріңіз: