Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жануарларды қорғау- адамзаттың парызы (5 сынып, II тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі
Сабақтың тақырыбы: Жануарларды қорғау- адамзаттың парызы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О3 Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату:
Хат, хабарлама (смс), жарнама, нұсқаулық (инструкция), хабарландырудың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар:
Үндеу хат пен жарнама мәтінінің құрылымы мен рәсімделуі арқылы ажыратады.
Көптеген оқушылар:
Үндеу хат пен жарнама мәтінінің құрылымы мен рәсімделуі арқылы ерекшеліктерін ажыратады.
Кейбір оқушылар:
Үндеу хат пен жарнама мәтінінің құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратады.
Сабақ барысы: Қызығушылығын ояту кезеңі
«Ой қозғау» әдісі арқылы оқушылар қойылған сауалдарға жауап бере отырып, сабақтың мақсатын анықтайды:
• Суреттерде не бейнеленген?
• Суреттер арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыздар?
• Суреттегі мәтіндер қандай стильде жазылған?
• Ресми ме әлде бейресми стильде ме?
• Берілген суреттер біздің сабағымыздың мақсатымен қандай байланысы бар деп ойлайсыз?
Сабақтың мақсаты анықталып, жетістік критерийлері белгіленеді.
«Ойлан-жұптас-бірік» әдісі арқылы оқушылар берілген мәтіндердің жанрлық ерекшеліктерін жұпта талқылайды.
Хат – пошта арқылы салынатын, мазмұны әртүрлі құжаттардың жалпы аты. Ол мекемелермен, жеке тұлғалармен хабар алысу құралы қызметін атқарады, әртүрлі мәліметтер жіберуге, оқиғалар туралы құлақтандыруға мүмкіндік береді. Хат мәселені басқа құралдар арқылы (жеке әңгіме, телефон арқылы сөйлесу) шешу мүмкін болмағанда қолданылады. Хаттың көптеген түрі бар: жауапты талап ететін өтініш, ұсыныс, шағым, сұрау салу хаттары т.б. Хабарлама, ақпарат, бас тарту, ескерту т.б. мазмұндағы жауапты талап етпейтін хаттар да кездеседі.
Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo — жар саламын) — тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу. Жарнама – көпшілік ақпарат құралдары (теледидар, радио, газет, Интернет, проспектілер, плакаттар, т.б.) арқылы жүзеге асырылатын коммуникацияның ақылы түрі болып табылады. Кез келген Жарнама хабарламалық, болмаса назар аудартушылық сипатымен ерекшеленді.
Оқылым алдындағы тапсырма
1-тапсырма. «Миға шабуыл» әдісі арқылы сауалдар қойылады:
1. Адамзат табиғатқа қандай зиянын тигізеді?
2. Жануарлар мен өсімдіктерді қалай қорғай аламыз?
Оқылым тапсырмасы
2-тапсырма. Оқушыларға екі түрлі мәтін ұсынылады. Мәтіндердің құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратады. Әр мәтіннің ақпаратты берудегі стильдік ерекшелігін тану жұмыстарын жүргізеді.
А мәтіні
«Табиғатты қорғайық!»
Табиғат – бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп - өнер мекені. Табиғат – адамға қажет баға жетпес байлық, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі сондықтан халқымыз «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі» деп дәріптеген. Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиіс. Адам өзінің де, табиғаттың да досы, санасыз іс-әрекет жасаса, жауы бола алатындығын ұмытпағаны абзал. Адамзат жануарлар мен өсімдіктерге зиян келтіруді тоқтатуымыз қажет. Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге ең ұлы қамқоршысы екенін ешқашан естен шығармауымыз керек. Жануарларға қиянат жасауға жол жоқ! Ә мәтіні
«Айболит» – қамқор дәрігер
Сіздің сүйікті жануарыңыз ауруға шалдықты ма? Сіз ем таба алмай шарқ ұрып жүрсіз бе? Онда сізге көмекке тек қайырымды дәрігер Айболит қана келе алады. Егер сіз Айболит дәрігерге келсеңіз айықпас аурудан айықтырып, деніне саулық сыйлап, дертіне шипа табады. Дертін жылдам анықтап, табиғи шөптермен лезде емдеп береді. Аң атаулы үшін дәрігер Айболиттен артық дәрігерді алты қабат аспанның ар жағынан да таба алмассыз. Сіз әлі де ойланып тұрсыз ба? Уақытты жоғалтпай Айболит дәрігерге келіңіз, сүйікті жануарыңызды ауруынан айықтырыңыз, екінші өмір сыйлаңыз.
А мәтіні Ұқсастықтары Ә мәтіні
«Вендиаграмма » әдісі арқылы екі мәтін ерекшеліктері мен ұқсастықтарын ажыратады.
Бағалау критерийлері:
мәтіннің мазмұнын түсінеді;
мәтіннің құрылымы мен рәсімделуін анықтайды;
жанрлық ерекшеліктерін ажыратады.
жанрлық ұқсастықтарын ажыратады.
үндеу хат пен жарнамаға салыстырмалы талдау жасайды.
Сағат тілінің бағытымен бір-бірінің жұмыстарымен танысады. Астына қосатын, алатын ұсыныстарын жазып кетеді. Әр топтың пікірлерін ескере отырып, жинақтап, мәтіндердің түрлі жанрларда жазылатындығына және олардың стильдік ерешеліктеріне көз жеткізеді......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тіл үйренейік (5 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көлік түрлерін білесің бе? (5 сынып, III тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кітапхана мен кітап маңызы (8 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Рақмет саған анашым! (8 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: 6-сабақ ЖЕҢІС КҮНІ ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ (7 сынып, IV тоқсан )

Іздеп көріңіз: