Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тіл үйренейік (5 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тіл үйренейік (5 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім тақырыбы: Мәдениет: тіл және қарым-қатынас
Сабақтың тақырыбы: Тіл үйренейік
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 5Ж2 Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру: Жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу.
5ӘТН1 Орфографиялық норма: Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар
Тақырыпқа байланысты жарнама жасауға қатысады;
Үндестік заңын сақтайды;
Көптеген оқушылар
Жанрлық ерекшеліктеріне сай хабарландыру құрастырып жазады;
Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескереді;
Кейбір оқушылар
Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазады;
Жазылымда орфографиялық норма ережесін сақтайды.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру
Сынып оқушылары «Балмұздақ таяқшалары» арқылы 4 топқа бөлінеді. Ту суреттері берілген парақшаларды суырады.
Қазақ тілі Ағылшын тілі
Қытай тілі Француз тілі
Сыныпқа сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттары, жетістік критерийі таныстырылады.
Мағынаны тану
ТЖ
1-тапсырма
«Тіл үйренейік!» тақырыбында жарнама жасаңыздар.
Әр топ өздеріне түскен тілді өзге оқушылардың үйренуі үшін қызықты жарнама жасайды.
Кері байланыс
1. Қай жарнама сәтті шықты деп ойлайсыз? Неліктен?
2. Қай жарнама қызықтырақ болды? Неліктен?
3. Сіз үшін шет тілін білу маңызды ма? Неліктен?
4. Сіз үйрену үшін қай тілді таңдар едіңіз? Неліктен?
2-тапсырма
Жуық арада «Полиглот» оқу орталығы ашылғанын хабарлап, тіл үйренушілерді арнайы курстарға шақырыңыз. Хабарландыру жазыңыз.
1) Курстың мақсатын, өту орнын, мекен-жайын, уақытын жазуды ескеріңіз.
2) Үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін, орфографиялық норма ережесін сақтаңыз.
Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолдануыңызға болады:
шет тілін білу, көп тіл білу, оқу орталығы, тіл үйренушілер, тегін онлайн-ресурстар, шет тілінде еркін сөйлеу т.б.
Бағалау
№ Бағалау критерийі Дескриптор
1 Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап хабарландыру жазады хабарландыру жазады;
хабарландырудың жанрлық ерекшелігін сақтайды.
2 Жазылымда үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін, орфографиялық норма ережесін сақтайды. үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескереді;
офографиялық нормаға сай жазады......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Тіл үйренейік 5 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Тіл үйренейік

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]