Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бесікке бөленген сәби (5 сынып, I тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер
Сабақтың тақырыбы: Бесікке бөленген сәби
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж5 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.
5ӘТН1 Орфографиялық норма.
Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.
Сабақтың мақсаттары:
Оқылым материалдары бойынша негізгі ақпаратты сақтай отырып, жинақы мәтін жазу. Емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.
Барлық оқушылар: мәтіннің мазмұнын түсінеді, кілтті сөздер мен тіркестерді анықтайды. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды.
Көптеген оқушылар: тезистік жоспар құрады, мәтін негізінде жинақы мәтін жазады. Емлелік ерекшеліктерді ескеріп, орфографиялық норманы сақтап жазады.
Кейбір оқушылар: қабілеті жоғары оқушылар мәтінді креативті ықшамдап жаза алады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту кезеңі
Мұғалім оқушыларға бесік жырын тыңдатады. Оқушылар кілт сөздерді атайды.
Ықтимал жауаптар: Әлди-әлди, бесік, ана, ұйқыға бату, тербету, ән салу.
Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін анықтау, дескрипторлармен танысу.
Мұғалім интерактивті тақтадан оқу мақсаттарын, бағалау критерийлері мен дескрипторларды көрсетіп, оқушыларды жұмыс жоспарымен таныстырады.
Мағынаны тану кезеңі
Оқушылар фигураларды таңдау бойынша топтарға бөлінеді.
1-тапсырма. Суретпен жұмыс
Талқылау сұрақтары. Оқушылар топта талқылайды.
Әр топтан мұғалімнің таңдауы бойынша сұраққа жауап береді. Мұғалім балалардың есімдері жазылған таяқшалардың ішінен біреуін таңдайды (немесе әр топқа бір сұрақтан бөліп беруге болады, әр топ өз сұрақтарына ғана жауап береді)
- Бесікке баланы кім бөлейді?
- Бесік неден жасалады?
- Бесікке қатысты құрал-жабдықтарды білесіздер ме?
- Бесіктің қандай пайдасы бар?
- «Ел іші – алтын бесік дегенді қалай түсінесіздер?
Ықтимал жауаптар:
Бесіктің сәби денсаулығына, тазалығына пайдасы өте зор. Бесіктегі сәбидің бойы, қол аяғы түзу болады. Баланы ыстық пен суықтан қорғайды. Бесікке салу жолы үлкен әжелер мен әйелдерге тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап, баланы бесікке бөлейді.
Бесік ағаштан, негізінде талдан иіліп жасалады. Себебі тал иілмелі, оған құрт түспейді, жат иіс болмайды. Бесікке қатысты құрал-жабдықтар: жастық, мамық, жөргек, түбек, шүмек, қолбау, тартбау т.б.
2-тапсырма. Мұғалім оқушыларға мәтін таратып береді. Оқушылар жұпта жұмыс жасайды.
Бесікке салу
Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігіне байланысты ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптары да бар. Соның бірі – бала туылғаннан кейін баланы бесікке бөлеу дәстүрі.
Қазақ халқы «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп өмірге келер сәбиді асыға күткен. Себебі бала – өмірдің гүлі, жалғасы. Жас нәрестенің өмірге келуі, отбасы мүшелеріне әкесі мен атасына, нағашы жұртына үлкен қуаныш әкелген, жас нәресте өмірге келгенде арнайы адам жіберіп сүйінші сұратқан.
Қазақ баласын ағаш бесікке салып баққан. Ағаш бесік көшпелі өмірге өте қолайлы. Бесікті қазақтың құрмет тұтуы соншалық, кейде атасы жатқан бесікке немерелері жатқан. Қазақтың туған жерді алтын бесікке теңеуі де бесікті ардақтаудан шыққан.
Бесікке бөлеу рәсімін ауылдың қадірменді анасы іске асырған. Бесікке салушы бесіктің барлық жабдықтарын орын-орнына қойғаннан кейін, шашуға әкелген құрт, май, бауырсақты уыстап алып бесіктің түбек байлайтын тесігінен төмен өткізіп, бесік астынан қолын тосқандарға үлестіріледі. Бұл дәстүр тыштырма деп аталады. Тыштырма үйлестіріп болған соң, барлық отырғандарды қамшымен арқаларынан ұрып шығады. Сонан соң бесікті отпен аластайды.
Тапсырма.
1. Мәтінді оқып, әрбір бөлімнен кілтті сөздер мен тіркестерді анықтап, астын сызыңыз.
2. Бөлімдерге тезистік жоспар құрыңыз.
3. Негізгі ақпаратты сақтай отырып, жинақы мәтін жазыңыз.
«Автор орындығы»
Қалаулары бойынша 1-2 оқушы жазғандарын ортаға шығып оқиды. Қалғандары бағалайды.
«f» бағалау. Оқушылар өзара бағалайды.
Мұғалімнің кері байланысы
Оқушылар жазған жұмыстарын тапсырады......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тіл үйренейік (5 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ана тәрбиесі (5 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстан жерінде өсетін пайдалы өсімдіктер (5 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Хан Кене (6 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Араб әлеміндегі ең үлкен кітапхана Ұлттық академиялық кітапхана (6 сынып, IV тоқсан )

Іздеп көріңіз: