Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ана тәрбиесі (5 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ана тәрбиесі (5 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер.
Сабақтың тақырыбы: Ана тәрбиесі
Жүзеге асатын оқу мақсаттары: 5.Ж3.Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру.
5ӘТН1 Орфографиялық норма. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: сурет желісі бойынша әңгіме құрастырады
Көптеген оқушылар: тілдік мақсаттарды қолдана отырып, әңгіме құрастырады.
Кейбір оқушылар: орфографиялық норманы сақтайды, тілдік мақсаттарға сүйене отырып әңгіме құрастырады.
Сабақ барысы: Мұғалім оқушылармен амандасады, оқушының дайындығына назар аударады
Қызығушылықты ояту/сабақ тақырыбына шығу
Мұғалім:
-Балалар мына суреттен не байқап отырсыздар?
-Қандай отбасылық дәстүрлерді білесіздер?
-Отбасылық дәстүрдің қандай маңызы бар?
-Біздің сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?
Ықтимал жауаптар
1. Суреттен әженің немересіне әлди айтып отырғандығын аңғарамыз
2. Әже мен ананың бала тәрбиесіндегі рөлін байқаймыз
Тақырыпқа шығу.
Мұғалім: Оқушылар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?
 Ана тәрбиесі
Оқыту мақсатымен мұғалім таныстырады.
Оқушылар оқыту мақсатына сәйкес сабақ мақсатын және жетістік критерийлерін құрастырады.
Сілтеме: презентацияның 3-4 беттері
Тапсырма. Жұптық жұмыс. Сурет мен жоспарға сүйене отырып шағын 70-80 сөзден тұратын әңгіме жазыңыз. Әңгімеде тілдік мақсатта көрсетілген сөздерді орынды қолдануға көңіл бөліңіз.
Тілдік мақсат:
Алып – анадан туады;
Туған жерге деген махаббат ананың сүтімен дариды;
Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада;
Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызынан құтыла алмайсың;
Әңгіменің жоспары
Ана махаббатына бөленген бала
Әже тағылымы
Алып – анадан туады
Оқушы әңгімесін сынып алдында «автор орындығына» отырып жариялайды
Бағалау: бағалау критерийі бойынша мұғалімнің кері байланысы.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Ана тәрбиесі 5 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Ана тәрбиесі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]