Қазақ тілінен сабақ жоспары: №2-сабақ Хат жазамыз (3 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: №2-сабақ  Хат жазамыз (3 сынып, IV тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мерекелер. Демалыс мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: №2-сабақ Хат жазамыз
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттермен мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, презентация т.б.) құрастыру
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
- үлгі негізінде тірек сөздер және фото қолданып, хат мәтінін құрап жазады;
- мұғалімнің қолдауымен жіберілген грамматикалық және стилистикалық қателерді тауып, түзетеді
Оқушылардың көбі:
- мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
- үлгі негізінде фото қолданып, хат мәтінін құрап жазады;
- жіберілген грамматикалық және стилистикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді
Оқушылардың кейбірі:
- мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады; - фото қолданып, хат мәтінін өз бетінше құрай алады;
- жіберілген грамматикалық және стилистикалық қателерді тауып, түзетеді.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. (Т,Ж,Қ) «Ішкі және сыртқы шеңбер» (Карусель) әдісі.
Сынып оқушылары ішкі және сыртқы шеңберге орналасады. Оқушылар аналары туралы дайындағын таныстыруын бір біріне таныстырады.
Мұғалімнің белгісі бойынша сытрқы шеңбердегі оқушылар алдымен таныстырады. Ішкі шебердегі оқушылар тыңдап, сонан соң өздері жалғастырады. Оқушылар өзара ақпарат алмасқан соң қайта белгі беріледі. Сыртқы шеңбердегі оқушылар сағат тілмен бір орын жылжып тұрады. Сыртқы және ішкі шеңбердегі оқушылар кезекпен ақпаратымен бөліседі. Таныстыру осылай жалғасады. Арнайы қоңырау, сылдырмақ немесе шапалақтау арқылы белгі беруге болады.
Оқушылардың өзара кері байланыс беруін ұйымдастыруға болады. Ол үшін тапсырма соңында оқушылар өзіне қай таныстыру ұнағанын және неліктен ұнағанын айтады.
Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттарын таныстыру. Бағалау критерийлерін белгілеу, бағалау кестесін таратып беру.
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау (Ө; Т; МК; Қ) Хатты мәнерлеп оқу. Мәтіндегі негізгі ойды табу.
АНАМА ХАТ
Дүниеде не тәтті – Ананың сүті. Дүниеде не жұмсақ - Ананың алақаны. Ақ сүт берген, әлпештеген анашым, сіз мен үшін әлемдегі ең жақын да сүйікті жансыз. Сіздің бізге, яғни балаларыңызға деген ана махаббатыңыз шексіз. Дүниеге іңгәләп келгеннен - ақ, жүрегіңізге мейірім ұялап, түн ұйқыңызды төрт бөліп, аман өсіп, адам болуымызды тілеп жүресіз.
Аяулы анам, мен өзімді бақыттымын деп санаймын, себебі, анасы бар адамдар – бақытты жандар. Олар қанат астындағы балапандар сияқты үнемі ана жылуын, махаббатын, мейірімін сезініп жүреді.
Анашым сіз менің қамқоршымсыз, ақылшымсыз, тәрбиешімсіз. Әрдайым жақсыны үйретіп, жаманға жолаттырмайсыз. Жетістіктерге жетсем, менімен бірге қуанып, сүрінсем - жұбатып, бірге мұңаясыз, жігерлендіре түсесіз.
Мейірман анам, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеген де сізсіз. Сіз үйреткендей үнемі бисмилләмді айтып, жақсы адам болуға тырысып жүрмін.
Дархан анам, кей кездері ренжітсем, кешірім сұраймын. Бұдан былай қателіктерімді қайталамай, артымнан ерген іні-қарындасыма үлгі болуға талпынамын.
Жан анам, ақ анам, ардақты анам, менің тілегім - арманым әрқашан сіздің жадыраған жүзіңізді көріп, сіздің алдыңыздағы борышымды өтеу. Деніңіз сау болып, үнемі қасымыздан табыла беріңіз. Мен сізді сүйемін!
Талқылау
- Хат саған қандай әсер қалдырды?
- Хат иесі Нұрсұлтанның анасына деген қандай сезімін байқадың?
- Нұрсұлтан анасына айтқан қай сөздерді сен де анаңа айтқың келеді?
(Ө) Терме жазу. Нұрсұлтанның өзіңе ұнаған ана туралы сөздерін теріп жазып алу.
Сергіту сәті: Балалар есейіп, қалаға оқуға түседі, отбасынан жырақта жүреді. Сондай кездерде анасын сағынып ән-жыр арнаған көптеген ақын-жазушылар бар. Қазір «Анаға хат» әнін тыңдап көріңдер. Анаға хат әнін тыңдау
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, фотосуреттермен хат құрастыру
(Ұ,Т, Ө) Шығармашылық үзіліс. «Анамызды құрметтейік» тақырыбында хат жазу үшін РАФТ әдісі қолданылады. Хат құрылымы еске түсіріледі.
Р – өз рөлін белгілеу (бауыр, ересек аға/апа, журналист, )
А – аудитория, кімге арналады (балаларға, достарға, ересектерге)
Ф – қандай формада (хат)
Т – тақырып: Анамызды құрметтейік
«Сөйлем теннисі» тәсілі.
-Хат мазмұнын жоспарлау. Сөйлемдерін жетілдіру: топ оқушыларының бірі бастап сөйлемді айтады, келесі оқушы сол сөйлемді тағы 1 сөзбен толықтырып жетілдіреді, келесі оқушы осылай әрекетті жалғастырады да, соңғы шыққан сөйлемді жазып алады. Сөйлемді сөздермен толықтыру барысында көркем сөздерді, Нұрсұлтанның хатынан белгілеп жазып алған сөздерін қолдануын қадағалау керек.
Шимай жазу.
- Талқылау, таныстыру.
Жазу.
Дескриптор
- сызба, фотосуреттермен хат құрылымын сақтап жазады;
- сөйлемдегі сөздердің орын тәртәбән сақтайды;
- сауатты, қатесіз жазады.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары №2-сабақ Хат жазамыз 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, №2-сабақ Хат жазамыз

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]