Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мұраттың бастауы (3 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мұраттың бастауы (3 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Су- тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Мұраттың бастауы
Оқу мақсаты: 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.2.2.1тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажырата білу,сөйлеу барысында қолдану;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
- тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіндірме сөздік көмегімен ажырата біледі,сөйлеу барысында қолданады;
- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
- мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
Оқушылардың көбі:
- тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын контексте ажыратады,сөйлеу барысында қолданады;
- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;
Оқушылардың кейбірі:
- тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын
ажыратады,сөйлеу барысында орынды қолданады;
- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған
сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап
береді;
- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар шеңбер жасап тұрады.
«Иә, жоқ»
- Су мөлдір (иә)
- Сусыз өмір жоқ (иә)
- Сусыз тазалық болады (жоқ)
- Су- біздің байлығымыз ( иә)
- Сусыз да тамақ піседі ( жоқ)
- Су айналыста болады (иә)
- Судың дәмі бар (жоқ)
- Су табиғатта үш күйде кездеседі (иә)
- Ауада да су болады (иә)
Сұрақтарға оқушылар жылдам жауап береді.
ІІ.Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
ІІІ. Негізгі бөлім
3.2.3.1, 3.2.2.1 (МК; Ө; Ұ)
Мәтінді тыңдау.Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді анықтау.
Мұраттың бастауы
Көктем кезі болатын. Ауыл сыртындағы сайдан алаң жасап алғанбыз. Қолымыз босай қалса, сонда барып ойнаймыз. Біздің алаңның арғы жағында, кішкене жартастың түбінде, шоқ құрақ өсіп тұрған. Бірде соның жанына барып, демалып отырдық
- Бұрын осы жерде қайнар болған дейді атам. Әне, жер дымданып жатыр. Қазып көрсе қайтеді? Мүмкін су шығар, - деді Мұрат деген бала біздің әрқайсысымызға шола қарап.
Әркім өзінше оның сөзін күлкіге айналдырып жіберді.
- Мейлі, өздеріңе жөн болса, күле беріңдер,- деп, Мұрат өкпелеген қалпы кетіп қалды.
Біз қайтадан ойынға кіріскенбіз.
- Мұрат келе жатыр, - деп, бір бала дауыстап жіберді.
Жалт қарастық. Шынында, Мұрат келе жатыр екен. Қолында күрегі, жанына кішкене балаларды ерткен. Ол келген бетте әлгі шоқ құрақтың астыңғы жағындағы ойпаң жерді қаза бастады. Кішкене балаларда да көмектесіп жатыр. Екі-үш күрек бойы қазғанда су шығып, бүлкілдеп аға бастады. Әп-сәтте ойық толып, суы мөлдіреп тұнды.
Бағанадан бері оны күлкіге айналдырған бізде үн жоқ. Состиып-состиып тұрмыз. Мұрат – жарқын жүзді, ішіне кек сақтамайтын бала. Біздің әрқайсысымызға тісін ақсита, күле қарап:
- Не тұрсыңдар, бастаудың мөлдір суынан ішіңдер, - деді.
Өзіміз де жүгіре-жүгіре қатты шөлдегенбіз. Тұнық, мөлдіреп шығып жатқан тап-тастай бастау суын қос уыстай іліп алып, ішіп жатырмыз. Шекеңнен өтетін салқын су, қандай тамаша десеңші!
Нағашыбек Қапалбеков
3.2.2.1 (МК, Ө) Көркем жазу.
Сс Сс Сс
Су- тіршілік көзі
 Сөйлемдерді қатесіз көшіріп жазады.
Қолымыз босай қалса, сонда барып ойнаймыз.
Қолында күрегі, жанына кішкене балаларды ерткен.
Не тұрсыңдар, бастаудың мөлдір суынан ішіңдер, - деді.
Екі-үш күрек бойы қазғанда су шығып, бүлкілдеп аға бастады.
 Қарамен берілген қолымыз, бастау сөзінің екі мағынада қолданылып тұрғанын дәлелдейді.
Жұпта жазба жұмысын тексеруді ұйымдастыру.«Қолымыз босай қалса, сонда барып ойнаймыз», «Не тұрсыңдар, бастаудың мөлдір суынан ішіңдер, - деді.» сөйлеміндегі «қолымыз», «бастау» сөзінің ауыспалы мағынада, «Қолында күрегі, жанына кішкене балаларды ерткен», «Екі-үш күрек бойы қазғанда су шығып, бүлкілдеп аға бастады» сөйлеміндегі «қолында» , «бастады» сөзінің тура мағынада тұрғанын топта дәлелдейді. Өзара бағаланады.
Дескриптор:
- сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын ажыратады;
- оларды дәлелдемелер арқылы түсіндіреді;
- сөйлеу барысында қолдана алады;
- қатесіз көшіріп жазады;
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
«Қағаздағы сұрақтар» әдісі арқылы алдымен бірінші топ мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады,сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Екінші топ сұраққа жауап береді. Ары қарай, екінші топ оқушылары бірінші топтың қойған сұрақтарына жүйелі, толық жауап береді. Мұғалім оқушыларға бағыт беріп тұрады.
1 2 2 1 3 4 4 3
Ықтимал жауаптар:
- Мәтін не себепті «Мұраттың бастауы» деп аталған?
-Бұл мәтінге тағы қандай ат қояр едің?
-Неліктен бастаудың суы салқын әрі мөлдір болады?
- Бастау сөзін қандай сөзбен алмастыруға болады? Т.б
«Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды.
Дескриптор:
- мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қояды;
- мәтіндегі сұрақтарға жауап береді;
- сөз мағынасын ажыратады;
Сергіту сәті.
Сәттілік біздер тілейік.
Мен саған, сен маған,
Күндей күліп жүрейік.
Күннің нұрын төгейік,
Мен саған, сен маған.
3.2.2.1(Ө; Ж ) Шығармашылық үзіліс. Саралау
«Ойлан, тап!»
Тура және ауыспалы мағыналы сөздері бар сөйлемдерді кестеге орналастыру.
І топ
Айдын қой бағып жүр. Дәптерді орнына қой.
Айгүл тәтті алма жеді. Сәби тәтті ұйқыға кетті.
Тура мағыналы сөзі бар сөйлем Ауыспалы мағыналы сөзі бар сөйлем
ІІ топ
Ол - өткір мінезді бала. Ет турайтын пышақ өткір екен.
Бүгін мақта туралы оқыдық. Сен Санжарды мақта.
Тура мағыналы сөзі бар сөйлем Ауыспалы мағыналы сөзі бар сөйлем
ІІІ топ
Он қабатты үй салынды. Топырақты есіктің алдына үй.
Әжем иненің көзінен жіп өткізді. Балалар көзге жаттығу жасады.
Тура мағыналы сөзі бар сөйлем Ауыспалы мағыналы сөзі бар сөйлем
Топ оқушыларына тапсырма үлестіріледі. Сөйлемдегі сөздердің қайсысы қай мағынада екенін топпен ой бөлісе отырып, ажыратады. Не себепті тура және ауыспалы екенін дәлелдеп, сөйлемді кестеге жазады.
«Бас бармақ» арқылы оқушылар бір - бірінің жұмысын бағалайды.
Дескриптор:
- сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын ажыратады;
- оларды дәлелдемелер арқылы түсіндіреді;.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: 40-сабақ Тура және ауыспалы мағыналы сөздер (3 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: 2- сабақ Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді пысықтау (3 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сауатты жазып үйренейік! (3 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 11-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 49-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, II тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Мұраттың бастауы 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Мұраттың бастауы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]