Қазақ тілінен сабақ жоспары: №2-сабақ Cөз таптары (3 сынып, III тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: №2-сабақ Cөз таптары (3 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: №2-сабақ Cөз таптары
Оқу мақсаты:3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау;
3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарғажауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
-мұғалімнің қолдауымен жай сөйлемдерді жазуды /құжаттар редакторында басуды;
-сөз таптары кестесін қолданып, сөйлемнен сөз таптарын табады;
Оқушылардың көбі:
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
-мұғалімнің қолдауымен зат есім, сын есім және етістіктерді қолданып, жай сөйлемдерді жазуды /құжаттар редакторында басуды;
-сөз таптарының сұрақтарын қолдана отырып, сөйлемнен сөз таптарын таба алады;
Оқушылардың кейбірі:
- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді;
-зат есім, сын есім, етістіктерді және көмекші сөздерді қолданып жай сөйлемдерді жазуды / құжаттар редакторында басуды;
-сөйлем құрамындағы сөздерді сөз таптарына ажыратып, олардың орнын тәртібін біледі.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Қағаз қиындылары арқылы топқа бөліну.
Ұлттық аспаптар суретін төрт бөлікке қиып, араластырып оқушылырға таратылады. Оқушылар сол қиындылардан суретті құрастырып, сол сурет бойынша бірігіп, топқа бөлінеді.
І топ Домбыра
ІІ топ Жетіген
ІІІ топ Қобыз
ІV топ Сылдырмақ
Ұлттық аспапар туралы әр топ қысқаша мағлұмат береді.
«Ассоциативті қатар» Мұғалім тақтаға бір сөз немесе сабақтың тақырыбын (сөз таптары) жазады. Оқушыларға бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсынады.Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға жазып шығу керек. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып тастап,сабақ тақырыбын тұжырымдайды.
Мұғалім парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған ойларды қорытындылайды.
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
ІІІ. Негізгі бөлім
3.2.3.1, 3.4.2.3 (МК; Ө; Ұ;Ж)
Мәтінді түсініп оқы.
Күміс көмей
Қайракештің бір әдеті - кешке жұмыстан келген соң, домбыра тартып, дем алады. Жұмысқа кетерде домбыраны биікке іліп кетеді. Неге екенін кім білсін, жұмыстан келгенде, домбыра диванның үстінде тұрады.
- Осы домбыраға кім тиісіп жүр?- деп ашу шақырды бірде.
- Мен тартып жүрмін,- деді Жанар отты көзі жалт ете түсіп.
- Сен әлі кішкентайсың. Пернелерге қолың жетпейді. Тиіспе, домбыраны сындырасың.
Жанар қолын аузына салып, жылап қоя берді.
- Баланы жылатпашы, - деді шешесі кейіп. – Біраз болды,сындырмай тартып жүр ғой.
- Жарайды ендеше. Бірақ сындырып алма.
- Сындырмаймын, - деді Жанар, көзі жарқ – жұрқ етіп.
- Қапаш, Мақпал тәтелерімдей әнші боламын....
Арада біраз уақыт өтті. Клубта мерекеге арналған концерт жүріп жатты.
- Енді 3- сынып оқушысы Жанар Күпекова ән шырқайды, - деді жүргізуші.
Сахнада домбыра өзі жүріп келе жатқан тәрізді. Иесінің бірден көзге түсе қоймағаны – бойы аласа, нәзік қыз еді. Ол жайлап басып келіп, сахна ортасындағы орындыққа отырды.
Домбырасын ыңғайлап алып, шертіп- шертіп жіберді. Күміс тәрелкеге төгілген алтын бұршақтай ғажайып үн сыңғыр – сыңғыр төгілді. Ән қайырмасына келгенде бұрынғыдан да шарықтай түсті.
Жанар небәрі 10 жаста ғана. Қазірдің өзінде домбырамен ән айтуға қалыптасып қалған. Достары оны «біздің Мақпал» деп мақтан етеді.
-Мәтін неліктен «Күміс көмей» деп аталған?
1.Көркем жазу
Аа Аа Аа
Арқаға барып әншімін деме,
Атырауға барып күйшімін деме.
2. Сөйлемдерді қатесіз көшіріп жаз, сөз таптарына талда.
Жанар небәрі 10 жаста ғана. Қазірдің өзінде домбырамен ән айтуға қалыптасып қалған. Достары оны «біздің Мақпал» деп мақтан етеді.
3. Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған неліктен?, қалай ойлайсың? сұрақтарына жауап беретін екі сұрақ құрастыр.
Бұл тапсырма «Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою» әдісі арқылы орындалады. Жұптағы А оқушы В оқушыға сұрақты жазбаша дайындап, оларды қояды, ал В оқушы жауап береді. Сонан соң В оқушы екі сұрақты А оқушыға қояды. Мұғалім бірнеше оқушының жауабын тыңдайды. Сұраққа басқа оқушылар да жауап беруіне болады. Мұнда басты назарды жауаптарға емес, сұрақтарға аударған жөн. Мұғалім сұрақ жазылған парақтарын жинап алғаны тиімді.
Жұп оқушылары бір – бірін өзара бағалайды.
Бағалау дескрипторы:
- мәтінді түсініп оқиды;
- пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
- сұрақтарға жауап береді;
- сөз таптарына ажырата алады;
Сергіту сәті
Бейнежазбадағы әуен ырғағымен билеу.
3.1.4.1 (МК; Ө; Ұ )
Берілген жоспар бойынша «Мен өнерлі баламын» тақырыбына мәтін құрастыр. Тірек сөздерді қолдан.
Тірек сөздер: өнер мектебі, домбыра тарту, ән айту, жарыс, жүлделі орын
Жоспар
1.Менің өнерім
2.Өнер сайысы
3.Менің жеңісім
Бұл тапсырма «Бағытталған жазу» стратегиясы арқылы жүзеге асады. Мұндай жұмыс түрі шамамен 5–10 минутты қамтиды. Жазба жұмыстарында жіберілген қателерінің түріне байланысты оқушылар топтастырылады. Тапсырманы қатесіз орындағандар өз алдына топ құрайды және оларға өз бетінше жұмыс беріледі. Жазба жұмысы тексеріледі.
Бағалау дескрипторы:
- тірек сөздерді орынды қолданады;
- мәтін мазмұнын жоспарға сай жазады;
- сөз таптарын қолданады;
3.4.2.3 (МК; Ө; Ж ) Саралау. Шығармашылық жұмыс
Шашылған сөздерден сөйлем құрастырып жазу. Сөз таптарына талдау. Бұл тапсырма «Ретімен орналастыр» әдісі арқылы орындалады.
Арқалан, болсаң, өнерпаз. Жарыстан, бас жүлде, бишілер, алды. Әдемі, естілді, әуен. Оқушылар, барды, концертке.
Жұпта жұмыстарын өзара тексеріп,бағалайды.
Бағалау дескрипторы:
- сөздерден сөйлем құрастырады;
- сөз таптарын ажыратады;...

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары №2-сабақ Cөз таптары 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, №2-сабақ Cөз таптары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]