Қазақ тілінен сабақ жоспары: №8 сабақ Түбір сөздегі –ы -і өзгерісі Орын-орны Мойын- мойны Дауыс-даусы сияқты сөздер емлесі (3 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: №8 сабақ  Түбір сөздегі –ы -і өзгерісі Орын-орны Мойын- мойны Дауыс-даусы сияқты сөздер емлесі (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: №8 сабақ Түбір сөздегі –ы,-і өзгерісі. Орын-орны Мойын- мойны. Дауыс-даусы сияқты сөздер емлесі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың барлығы:
• түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау
• сызбада берілген мәліметтер негізінде бірлесе отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады;

Оқушылардың көпшілігі:
• сызбада берілген мәліметтер негізінде қарапайым нұсқаулық құрап жазады;
Оқушылардың кейбірі:
• сызбада берілген мәліметтер негізінде толықтыра отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады;
САБАҚ БАРЫСЫ: Күндей нұрланып
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқыра
Судай таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастайық
-Көңіл- күйлерің қандай?
-Бүгін қай күн?
-Ауа райы қандай?.....
Суреттегі нәрселердің атына жалғау жалғап жаз.
3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау
Қосымша жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді: кітап-кітабы, құрық – құрығы, әріп -әрпі.
(Ж) Қазақстанның сәулет өнерінің туындыларын тізбектеп жазу. Қарамен жазылған сөздерге ы, і әріптерін қосып жазу.
«Қазақстан» қонақ үйі, «Астана–Бәйтерек» тәуелсіздік монументі, «Бейбітшілік және келісім сарайы», «Ханшатыр» сауда-сауық орталығы.
Сөздерді түсініп оқы.
• Сөздерге ы, і әріптерінің тиістісін жалғап көшіріп жаз.
• Өзгерген әріптің астын – бір жалғаудың астын екі рет сыз.
• Түбір сөздің соңғы дыбысы неліктен өзгереді деп ойлайсың?
(МК,Т) «Біз саяхатшымыз» ойынын ойнау. Картаның көмегімен ғимараттардың орналасқан жерін анықтау және олар туралы тілдік нормаларды сақтап сөйлесу
Қазақ елінің ғажайып сәулетті өнері – ғимараттарға саяхат ойын арқылы ұйымдастырылады. Әр топтың өздеріне берілген ғимарат суреттерін (Айша бибі, Қарахан, Жошы хан, Алаша хан, А.Ясауи) картаға дұрыс орналастыруы және ол туралы жүйелі айтуы мұғалім тарапынан қадағаланады.
Жаңылпашты оқып, жатқа айт.
Балалар қар күреді,
Қарды ауладан ары күреді.
Күрегі бардың бәрі қар күреді.
• Қарамен жазылған сөздің түбірін тап.
• Түбір сөздің соңғы дыбысы неліктен өзгергенін түсіндір
Жақшаның ішіндегі әріптердің тиістісін қойып, мәтінді көшіріп жаз.
• Өзгерген әріптің астын – бір, жалғаудың астын екі рет сыз.
• Әріптердің өзгеру себебін түсіндіріп көр.
Үлкен ағаштың тү(п, б)інде әже ұршықпен жіп иіріп отырды. Қасындағы Әсем кіта (п, б)ын қолына алып, ертегі оқи бастады. Кенет шөптің арасынан ала күшік жүгіріп шықты. Ол біресе Әсемнің до(п, б)ына, біресе әженің ұршы(қ, ғ)ына қарады. Әсем кіта(п, б)ын қойып, күшікпен ойнауға кірісті.
Сөздерді көшіріп жаз.
Халық-халқы, ерік – еркі, құлып – құлпы, орын – орны, бөрік – бөркі.
• Сөздерді салыстыр, олардың бір-бірінен өзгешілігін тап.
• Түбір сөздің жазылуын өзгерткен қосымшаны ата.
• Сөздердің жазылуын есте сақта.
Тізбектің басында тұратын сөзді тауып, көп нүстенің орнына жаз. Түбір сөздерді қатыстырып сөйлем құра.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары №8 сабақ Түбір сөздегі –ы -і өзгерісі Орын-орны Мойын- мойны Дауыс-даусы сияқты сөздер емлесі 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, №8 сабақ Түбір сөздегі –ы -і өзгерісі Орын-орны Мойын- мойны Дауыс-даусы сияқты сөздер емлесі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]