Қазақ тілінен сабақ жоспары: 1- сабақ Сөз құрамын еске түсіреміз Сәулет өнері туралы не білемін? (3 сынып, II тоқсан )
Пәні: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Cәулет өнері
Сабақтың тақырыбы: 1- сабақ. Сөз құрамын еске түсіреміз. Сәулет өнері туралы не білемін?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;
3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар жасай алады:
- тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;
-Тыңдаған материалынан тірек сөздерді өз бетінше табады, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді
Оқушылардың көбі жасай алады:

- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрай алады;
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
- тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал.
Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.
архитектуралық ғимарат.
(Ұ) Мәтінді тыңдау, ондағы тірек сөздерді белгілеу. «Сәулетші» сөзінің шығу тарихымен танысу.
Оқушылар «Сәулет дегеніміз не?» деген мәтінді оқып, мәтіннен тірек сөздерді тауып, жазып алады.
Сәулет деген не?
Ертедегі адамдар алғашында үңгірлерде тұрған. Содан кейін олар өздеріне баспана тұрғыза бастаған. Ол кездерде адамдар баспананың әдемілігіне көңіл бөлмеді. Ең бастысы, ол адамды сыртқы жаулар мен табиғат апаттарынан қорғауы керек болды.
Баспаналар бір-біріне өте ұқсас еді. Әдетте олар бұтақтардан, қамыстан, аң терісі мен сүйектерінен, кейінірек саз балшықтан тұрғызылды.
Уақыт өте келе, өмір сүру шарттары өзгерді. Сонымен бірге баспана құрылысы да басқаша сипатта өрбіді. Бай адамдар өзінің ыңғайлы да жайлы баспанасын місе тұтпай, сәулетті сарайларда тұрғысы келді. Ондай күрделі құрылыстарды тұрғызу үшін шынайы шеберлік пен терең білім қажет болды.
Тұрғын үйлерден басқа да құрылыстар – ғибадатхана, стадион, театр, кітапханалар салына бастады.
Мұндай кешендер құрылысын ойлап тапқан адамды сәулетші деп, ал олардың туындыларын сәулет деп атайды (архитектура – гректің «архитектон» - құрылысшы деген сөзінен шыққан).
Сәулет өнері – адамдардың әдемі және ыңғайлы өмір сүруіне арналған өнер.
Тірек cөздepдiң ықтимaл тiзiмi: үңгір, баспана, тұрғын үй, сәулет, құрылыс, құрылысшы.
Осылайша зер салып оқу арқылы оқылым дaғдылapы дaмиды деп күтіледі. Бұл тaпcыpмa жұптa/тoптa opындaлaды.
«ДЖИКСО» стратегиясы бойынша әр топқа бір бет қағаз (ватман/флипчарт), түсті маркер беріледі.
Ескерту. Әр топқа бір түсті ғана маркер таратылады. Топтардағы маркердің түсі қайталанбайды.
Жұмысты орындауға уақыт шектеліп беріледі. Әр топ талқылаудан соң, ең ұтымды бір ашық, бір жабық сұрақты жазады.
(Т) Мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарды құрастыру. Басқа топтардың сұрақтарына жауап жазу. Әр топ өз сұрақтарына алған жауаптарын бағалайды.
Оқушыларға мәтін бойынша сұрақтар қою
1. Ерте заманда адамдар сыртқы жаулар мен табиғи апаттардан қалай қорғанған?
2. Олар үйлерін қандай заттардан салды?
3. Ертеде түрлі құрылыс кешендерін ойлап тапқан адамға байланысты пайда болған сөз қандай? (Сәулетші)
4. Сәулетшілер қандай құрылыс нысандарын жобалай бастады?
5. Сәулет өнері қандай өнер?
Оқушыларға архитектура, құрылыс туралы мағлұмат беру.
Архитектура – құpылыс салу, жобалау, сәулет өнеpi. Ал құрылыс дегеніміз – жобасы күрделі, биік, әсем етіп салынған
3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;
(ЖЖ) Тапсырма жұппен жұмыс жасауға арналады.Оқушылар төмендегі сызба бойынша «Сәулетші немен айналысады?»,
«Сәулетшінің ісін кімдер жалғастырады?» деген сұрақтарға жауап беру арқылы тұтас мәтін құрастырып айту талабы қойылады.
Сәулетші:
1) түрлі кешендердің құрылысын ойлап табады;
2) ғимарат дизайнын жоспарлайды;
3) құрылыстың жобасын сызады;
4) шығармашыл;
5) сурет сала біледі;
Ықтимал жауаптар. Сәулетші – түрлі ғимараттардың жобасы мен құрылысын жоспарлайды, жобасын сызады және сурет сала алады, шығармашыл адам. Сәулетшінің ісін құрылысшы, әрлеуші, шатыр жабушы жалғастырады.
Оқушылар сызба бойынша ой қорытады.
(ЖЖ) Бірге орындайық. Бұл тапсырма осы сабақта алған грамматикалық білімдерін меңгертуге, яғни оқушыларды берілген негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасай білуге үйретеді.
Ықтимал жауаптар:
1) әдемі+лік, шебер+лік.
2) ас+хана, кітап+хана.
3) жай+лы, ыңғай+лы.
4) бақытты, салмақты......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сипаттау мәтіні және оның құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: 27-сабақ Ч щ дыбыстары (3 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өмір кезеңдерінің тілін зерттеу Мазмұндама (3 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: 3-сабақ Мәтін (3 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: №108 Сан есім (3 сынып, IV тоқсан )

Іздеп көріңіз: