Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 61-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 61-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Сәулет өнері»
Сабақ тақырыбы: № 61-сабақ Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.2.1* мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
3.4.2.7 сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;
3.4.2.8 мұғалімнің көмегімен жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырату.
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;;
-сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату:
-үлгі негізінде жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратып, құрастырады,
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады
Оқушылардың көбі:
- тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
-сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;
-сөйлем сызбасы негізінде жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратып, құрастырады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады
Оқушылардың кейбірі:
- сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады;
-сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;
-жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратып, құрастырады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Ұ) Психологиялық ахуал. Парталас жұбына ыстық лебіз білдіру.
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқып, бағалау критерийлерін бірге құрастырады.
ІІІ. Негізгі бөлім
3.1.2.1 (МК, Ұ, Қ) Мәтіннің тақырыбы мен сызбаны қолдана отырып мәтіннің мазмұнын болжау.
Тапсырма 1. «Әлемнің жеті кереметі» (Ұлы Қытай қорғаны мен Тәж-Махал) тақырыбында көрсетілген уақыт аралығындағы бейнематериал немесе суреттер көрсетіледі. Бейнематериал немесе суреттер негізінде ассоциация құру. Топта талқылау. Топ жұмысын таныстыру.
Әлемнің жеті кереметтерінің бірі ретінде танылатын Ұлы Қытай қорғаны мен Тәж-Махал жайлы не білетіндері талқылана отырып, ортақ шешімге келіп, ортақ бір ассоциация құрады. Сызбаны толықтырады. Ассоциация құру барысында тірек сөздер анықталады.
Ассоциативті қатар: Жеті кереметтерінің бірі, сәулет өнері, алып құрылыс, саяхатшылар, мәрмәр, сұлулығына тамсану, миллион, жарқыраған, тәнті болу т.б.
Тапсырма 2. Сызбаға сүйеніп, «Әлемнің жеті кереметтері» туралы әңгімелеу мәтінінің мазмұнын болжау, құрастыру. Мәтіннің жоспарын құру. Мәтінге ат қою.
(МК; Ұ) Түсіндірме сөздік бойынша миллион, мәрмәр сөздерінің мағынасы ашылып, талдау жасалады.
3.3.6.1 (МК; Ө; Қ) «Бірлесіп жазу» стратегиясы бойынша тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, мәтіннің мазмұнын жазу. Өзін-өзі тексеру, бағалау. Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, көркем шапшаң жазулары қадағаланады.
Бағалау дескрипторы:
-сызбаны қолдана отырып, тірек сөздер пайдаланып әңгімелеу мәтінін құрады;
-құраған мәтінді каллиграфиялық дағдыларды сақтай отырып жазады.
3.4.2.7 (Ұ; Т; Қ) Сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату.
Тапсырма 1. «Кубизм» стратегиясы бойынша жұмыс ұйымдастырылады.
1. Талқыла. Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не? Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?
2. Ажырат. Тұрлаулы (бастауыш пен баяндауыш) мүшелердің түрлерін ажырат.
3. Салыстыр. Тұрлаулы мүшелер мен тұрлаусыз мүшелерді салыстыр.
4. Мысал келтір. Тұрлаулы (бастауыш пен баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерге мысал келтір.
5. Қолдан. Тұрлаулы (бастауыш пен баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерді пайдаланып әңгіме құра.
6. Зертте. Тұрлаулы (бастауыш пен баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелердің ерекшеліктеріне тоқтал.
Жұмыстарын топта таныстырады. «Бағдаршам» әдісімен түстерді көрсету арқылы бірін-бірі бағалайды.
(Ө) Тапсырма 2. Оқулықтың 116-бетіндегі 2-тапсырманы орындау. Берілген сөздерден сөйлем құрап, сөйлем мүшелеріне талдау.
Сергіту сәті!
3.4.2.8 (МК; Ө; Ж; Қ) Жай сөйлемнің түріне ажырату.
Тапсырма 3. Оқулықтың 116-бетіндегі 2-тапсырманы орындау барысында құрастырған жай сөйлемдерді жалаң және жайылма сөйлемдерге бөліп екі бағанға орналастырып жазады. Екі бағандағы сөйлемдердің бір-бірінен айырмашылығын салыстырып, талдау жасайды.
Жалаң сөйлемдер Жайылма сөйлемдер
3.4.2.7 (Ө; Ұ; Қ) Сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату. «Бас бармақ» әдісімен өзін-өзі бағалау.
Тапсырма 4. Оқушыларға дайын мәтін ұсынылады. Мәтіндегі сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдайды. Сөйлем мүшелерінің байланысын сұрақ қою арқылы анықтайды. Соның негізінде оқулықтың 116-бетіндегі 3-сызбаны толықтырады. Сызбаны түсіндіріп, дәлелдейді.
Мәтін: Ахмет Яссауи кесенесі Түркістан қаласында орналасқан. Кесене әлемнің сегізінші кереметіне жатқызылады. Ол мемлекеттік қорғауға алынған.
Тапсырма 5. Оқулықтың 117-бетіндегі 4-тапсырма орындаталады.
Мәтіндегі көп нүктенің орнына тұрлаулы мүшелердің бірін қойып оқиды. Үшінші сөйлемді сызбамен алмастырады. Автордың сөйлем ішінде бастауыштың алатын орны мен маңызын қалай түсіндіргеніне назар аудартылады.
Бағалау дескрипторы.
-жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратады;
-сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажыратады.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары № 61-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, № 61-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім?

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]