Қазақ тілінен сабақ жоспары: Уақытқа саяхатты елестету үшін драманы қолдану (3 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Уақытқа саяхатты елестету үшін драманы қолдану (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: Уақытқа саяхатты елестету үшін драманы қолдану
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу
Сабақ мақсаттары: Түрлі жағдаятта өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне тілек тілейді.
ІІ.Қызығушылық-мотивациялық кезеңі
Ойын:«Ойлан тап»
Төмендегі сұрақтарға жауап бер. Шыққан әріптерден сөз құра.
Мақсаты: Өткен білімдерін тексеру, қайта жаңғырту, бекіту.Сабақтың тақырыбын анықтау.
Мұғалім оқушыларың «Ішкі және сыртқы шеңбер» бойынша тұруларын сұрайды да, әрбір жұпқа тест тапсырмаларын таратып береді. Оқушылар өз жұбымен кез-келген сыныптағы ыңғайлы орынды таңдап, жауабын табады. Тапсырманы орындап болған оқушылар жұбы бір-бірінің қолын ұстап, бастапқы орындарына тұрады.
1. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінен тұратын сөйлем түрі.
А) бастауыш
Л) баяндауыш
У) жалаң
З) жайылма
2. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің арасына қай кезде сызықша қойылады?
Д) Егер сөйлем бастауыш пен баяндауыштан тұрса
Е) Егер сөйлем екі баяндауыштан тұрса
Н) Егер сөйлем баяндауыш пен бастауыштан тұрса
А) Егер сөйлем екі бастауыштан тұрса.
3.Жайылма сөйлем деп...
Қ) Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерден тұратын сөйлемді айтамыз
О) Тек қана тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемдерді айтамыз.
Л) Тек қана тұрлаусыз мүшелерден тұратын сөйлемді айтамыз.
А) Екі бастауыштан тұратын сөйлемді айтамыз.
4. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Э) Бастауыш пен толықтауыш
Ы) Бастауыш пен баяндауыш
Л) Баяндауыш пен анықтауыш
Р) Бастауыш пен пысықтауыш
5. Тиянақты аяқталған ойды білдіреді.
О) сөз
Т) сөйлем
А)сөз тіркесі
Н) буын
- Балалар, қандай сөз шықты?
/Уақыт/
- Осы сұрақтың жауабын табу үшін сендер не істедіңдер?
/Бір-бірімізбен ақылдастық, сөйлестік, диалог құрдық/
- Ендеше, бүгінгі сақта не туралы өтеміз деп ойлайсыңдар?
/Оқушылар өз ойларын ортаға салады/.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Бағалау критерийін шығару.
ІІІ. Іс-әрекеттің негізгі түрі:
(Ұ) «Сен маған, мен саған»
Мақсаты: Дұрыс сұрақ қою және жауап беру дағдыларын дамыту.
- диалог дегеніміз не?
- диалог пен монологтың айырмашылығы неде?
- диалог қандай стиль түріне жатады?
- диалог құру үшін нені ескеру керек?
-неге мән беру керек?
(Ұ, Ж) Суретпен жұмыс. «Суреттер сөйлейді» ойыны
Мақсаты: оберілген сурет бойынша жоспарлы, жүйелі түрде диалог құрастыра білуге дағдыландыру.
/Мұғалінің көмегімен ұжымдық жұмыс ретінде диалог құрастырады, диалог құрылымы бойынша сұрақтар қойылып, білімдері толықтырылады/.
(Ұ) «Атомдар мен молекулалар» ойыны
Мақсаты: топқа бөлу.
Мұғалім көңілді музыка қосады. Музыка әуені тоқтаған кезде оқушылар жұп құрулары керек. («Молекулалар» «атомдарға» айналады).
(Ұ,Ж) Сурет бойынша диалог құру.
Әрбір жұп сынып бөлмесінде жасырылған суреттерді тауып алуы керек.
1. Оқушылар берілген суреттер бойынша диалог құрастырады.
2. Әрбір жұп үш топқа бірігеді, де топ ішінде өздерінің құрастырған диалогтерін қорғайды. Бірін-бірі дескрипторлар бойынша бағалап, жоғарғы балл алған бір жұпты таңдайды.
3. Үш жұп құрастырған диалогтарын қорғайды (қойылым түрінде де көрсетуге болады).
Дескрипторлары:
 мәтін мазмұнына сәйкес диалог құрастырады;
 сөйлем құрылымын сақтайды;
 сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды;
 сөйлеу барысында қарым-қатынас мәдениетін сақтайды.
/4 баллдық жүйемен өзара бағалайды/.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: 4-тоқсан «Су – тіршілік көзі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) (3 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: №11-сабақ Әңгімелеуді үйрендім (3 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: №48-сабақ Түбір мен қосымшаның жазылуы (3 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Құрғақшылықты зерттейміз (3 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: 1-сабақ Уақыт туралы не білемін (3 сынып, II тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Уақытқа саяхатты елестету үшін драманы қолдану 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Уақытқа саяхатты елестету үшін драманы қолдану

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]