Қазақ тілінен сабақ жоспары: 44-сабақ Түбірлес сөздер (3 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 44-сабақ Түбірлес сөздер (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім: Уақыт
Сабақ тақырыбы: 44-сабақ Түбірлес сөздер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
- түбір сөзге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасайды;
- мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
Оқушылардың көбі:
- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
- туынды сөздердің құрамына ажырата алады;
- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;
Оқушылардың кейбірі:
- оқылған мәтіндегі маңызды тұстары бойынша сұрақ құрастырып, жауабында түсінік бере отырып, өз көзқарасын білдіреді;
- туынды сөздердің жасалу жолын түсіндіре алады,
туынды сөз жасайтын жұрнақтарды атай алады;
- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді
тауып, түзетеді;
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Ұ, Ж) «Жүйрік минуттар» әдісі
Бұл әдісте оқушылар екі топқа топтастырылады. Әр топ қарсы топқа өзара ақылдаса отырып, сұрақтар дайындап қояды. Дайындаған сұрақтарына топтар ортада тұрып, жауап береді. Сұрақтарға дұрыс жауап берген топ жеңімпаз атанады.
1-топ
1.Сөз неден тұрады?Мысал келтір:
2.Сөздің бөлінбейтін бөлігі не деп аталады?Мысал келтір:
3.Қосымша қандай қызмет атқарады?Мысалмен дәлелде:
4.Түбірлес сөздер қалай жасалады?
5. Берілген түбірлерге жұрнақ жалғап айт.- ойын, -баспа, -ем, -дәрі
2-топ
1. Түбір сөздер дегеніміз не? Мысал келтір:
2.Жұрнақтың қызметі қандай? Мысалмен дәлелде:
3.Жалғаулар сөзге не үшін жалғанады?
4.Түбірлес сөздер дегеніміз не? Мысалмен дәлелде.
5. Берілген жұрнақтардың түбірін тап. -лық, -шық,- қы, -хана
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
ІІ. Негізгі бөлім
(МК, Ө) Көркем жазу.
Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.
Ыы ыыы ЫЫЫ ынта ықылас ыстық ысырап ынталы ылғи
Осы сөздердің бірін пайдалана отырып алфавиттік сөйлем құрап жазуға болады.
3.2.3.1, 3.4.2.1 (Ұ; Т; Қ) 26-жаттығу. Мәтінді оқы.
• Сұрақтарға жауап бер:
1. Неліктен ағаштар «отындық», «кәделік» болып бөлінеді?
2. Ағаштың жасына қарай қандай түрлері бар?
3. Жас ағашты неге кесуге болмайды?
4. «Көктей соласың» деп неліктен айтады? Себебін топта талқыла.
• Мәтіннен түбірлес сөздерді тап.
• Мәтіннен түсініксіз сөздерді тауып, мағынасын түсіндірме сөздіктен біліп ал.
Оқушылар топтарға біріктіріледі. Мәтін мазмұнымен танысады. Әр топ сұрақ бойынша білетін мәліметтерін ортаға салып, ой бөліседі. Мәтінде кездескен түсініксіз сөздердің мағынасын сөздік арқылы біледі. Мәтіннен түбірлес сөздерді тауып, дәптерлеріне көшіріп жазады.
Түсіндірме сөздікпен жұмыс:
сүрегі- талшықты өсімдіктердің су өткізгіш талшығы.
тыйым- қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі. Жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақ болу.
Бағалау дескрипторы:
- мәтін мазмұнына байланысты сұрақтарға жауап береді;
- мәтіннен түбірлес сөздерді табады;
- сөздерді қатесіз жазады.
Сергіту сәті «Қосымша» өлеңі
Тұрады сөз құрамы
Жұрнақ пенен жалғаудан
Егер олар болмаса,
Сөзде болмас еш бір мән.
3.4.2.1, 3.3.5.1 (Ұ, Т) Өлеңді оқып, жатқа жаз.
Түбірлес сөздердің астын сыз.
Бояу түрін таңдап-ап,
Әсем сурет сала алған.
Суретші аға өнерін,
Өте жақсы көремін.
Мен де ағамдай боламын,
Таудай биік талабым.
Кең әлемге танымал,
Мен суретші боламын.
Каирова К. У.
Оқушылар өлеңді бірнеше рет хормен қайталап, жатқа жазады. Жазып болған соң дұрыс нұсқасын мұғалім интербелсенді тақтадан көрсетеді. Жіберілген қателерді түзетеді. Түбірлес сөздердің астын сызады. Қосымшалы сөзді сөз құрамына талдайды.
Бағалау дескрипторы:
- түбірлес сөздерді тауып, астын сызады;
- қосымшалы сөзді сөз құрамына талдайды;
- өлеңді қатесіз, сауатты жазады.
3.4.2.1, 3.3.5.1 (Ө; Ж; Қ) 27-жаттығу. Берілген сөздерден туынды сөздер жасап жаз.
Оқушылар өз бетінше берілген сөздерге жұрнақтардың тиістісін жалғап, туынды сөздер жасайды. Болған соң жұпта талқылап, тексереді. Өзара бағалау
(МК; Ұ) Суретпен жұмыс. 28-жаттығу. «Ойлан, тап!»
Оқушылар топта ақылдаса отырып суреттегі адамдардың жасына орай ағаштың қай түбірі сәйкес келетінін анықтап, ортада өз тұжырымдарымен дәлелдеп айтады.
Бағалау дескрипторы:
- туынды сөздер құрастырады;
- сөздерді қатесіз, сауатты жазады.
3.4.2.1 (Ұ, Ө. Т) Тест Саралау тапсырмасы.
1.Түбір сөзді тап
а)оқу ә) оқулық б) оқушы в) оқушылар
2. Қосымша түрін белгіле
а) түбір, жұрнақ ә) түбір, қосымша б) түбір, жалғау
в) жұрнақ, жалғау
3. Түбірлес сөзді тап.
а) малшы, әнші ә) күйші, сазгер б) сыйлық, сыйлы
в) қала, сабақ
4. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз
а) түбірлес сөз ә) туынды сөз б) негізгі сөз в) дара сөз
5. Түбірлес сөздер қалай жасалады?
а) бірнеше түбірден ә) екі түбірден б) бір түбірден в) әр түрлі түбірден
Бағалау дескрипторы:
- түбір сөздерді табады;
- түбірлес сөздерді ажырата алады;
- түбірлес сөздердің жасалу жолдарын анықтайды......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 49-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 11-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: №46-сабақ Түбір мен қосымша (3 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: 43-сабақ Түбірлес сөздер (3 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: 71-сабақ Негізгі және туынды зат есім (3 сынып, III тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары 44-сабақ Түбірлес сөздер 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, 44-сабақ Түбірлес сөздер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]