Қазақ тілінен сабақ жоспары: 43-сабақ Түбірлес сөздер (3 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 43-сабақ Түбірлес сөздер  (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім: Уақыт
Сабақ тақырыбы: 43-сабақ Түбірлес сөздер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін/стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін)/жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу;
3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
- тірек сызбаларды басшылыққа алып, мәтін түрлері/стилі/ жанры бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды;
- түбір сөзге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасайды;
Оқушылардың көбі:
- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
- тірек сызбаларды басшылыққа алып, мәтін түрлері/стилі/ жанры бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды;
- туынды сөздердің құрамына ажырата алады;
Оқушылардың кейбірі:
- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді;
- мәтіндердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін сипаттайды;
- туынды сөздердің жасалу жолын түсіндіре алады,
туынды сөз жасайтын жұрнақтарды атай алады;
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Ұ, Ж) «Үйіңді тап!» ойыны.
Киіз үйлердің макетінде «жұрнақтар», «жалғаулар» деп жазылған. Оқушылар «жұрнақтар», «жалғаулар» болып, екі топқа біріктіріледі.
Әр топ алған қағаздарындағы жазудың қай үйге жататынын ой
елегінен өткізеді. (-ғыш, -шы, -лық, -лік, -ге, -қа,-дің,-ды,-ді)
Топта ақылдасып болған соң сөзді үйшіктерге орналастырады.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
ІІ. Негізгі бөлім
(МК, Ө) Көркем жазу.
Үү үүү ҮҮҮ үй үйлесім үйреншікті үлгілі үбірлі, үлкен, үнемі
Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.
3.2.3.1, 3.2.6.1, 3.4.2.1 (Т. Ж, Ұ. Ж) 22-жаттығу. Мәтінді тыңда.
• Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қой.
• Осы мәтінді «Ұтымды жауап» мәтінімен салыстыр. Мәтіндердің ұқсастығы неде? Айырмашылығы ше?
• Досыңнан сұрап алып, оның өмірбаянын айтып бер.
• Сурет-суретші, мал-малшы сөздерін өзара салыстыр. Олардың түбіріне назар аудар.
«Интервью» стратегиясы бойынша жұптық жұмыс ұйымдастырылады. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Құрастырған сұрақтарына басқа топтың оқушылары жауап береді.
Оқыған мәтіндерін «Ұтымды жауап» мәтінімен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады.
Досының өмірбаянын сұрап, әңгіме жүргізеді. Өмірбаян айтудың қадамдары бойынша өз ойын жинақтап, досының өмірбаянын топта жариялауға дайындалады.
«Автор орындығы» стратегиясы бойынша досының өмірбаянын айтып береді. Сурет-суретші, мал-малшы сөздерін өзара салыстырып,олардың түбіріне назар аударады. Жаңа ақпаратпен танысады.
Бір түбірден тараған сөздерді түбірлес сөздер деп атайды. біл-білім- білімді- білгіш:өнер-өнерлі- өнерпаз.

Бағалау дескрипторы:
- мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қояды, жауап береді;
- мәтіндерді салыстырып, айырмашылығы мен ұқсастығын табады;
- сөздерді салыстырып, түбірлес сөздердің жасалу жолдарына назар аударады;
3.4.2.1 (МК; Ө; Қ) 23-жаттығу.
• Жас атауларын өсу ретіне қарай жүйелеп жаз.
• Түбірлес сөздерді тап.
Оқушылар жас атауларын өсу ретіне қарай жүйелеп жазып, түбірлес сөздердің астын сызады.
Сергіту сәті: Дене қимыл жаттығулары жасалады.
(Т. Ж) 3.4.2.1 «Жасырынған жұрнақтар» ойыны
бала ?
тоқыма ?
би ?
кезек ?
оқу ?
Оқушылар топта ақылдаса отырып, жасырынған жұрнақты табады.
Ортада басқа топтармен ой бөліседі. Құрастырылған түбірлес сөздерді дәптерлеріне көшіріп жазады.
(Ж. Ж) 25-жаттығу.
• Суретке қарап, түбірлес сөздерді оқы.
• Түбірлес сөздерді тап.
• Қай сөз түбірлес сөздер тобына жатпайды? Неліктен? Себебін дәлелде.
Оқушылар жұпта отырып орындайды. Түбірлес сөздерді табады. Түбірлес сөздер тобына жатпайтын сөздерді дәлелдеп, түсіндіреді. Сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен іздеп, оқиды.
Бағалау дескрипторы:
- жас атауларын жүйелейді;
- түбірлес сөздерді табады;
- түбірлес сөздердің жасалу жолын біледі;
3.4.2.1 (Ұ. Ж) Шығармашылық үзіліс. Саралау
Терме диктант. Түбірлес сөздерді теріп жаз. Сөз құрамына талда.
суат, көл, өнерлі, оқушы, балықшы, сулық, оқулық, өнерпаз, қазан, дәптер, өзен, жаттығу
Берілген сөздер тізбегінен түбірлес сөздерді теріп жазады. Жұпта бір-бірін тексереді. Түбірлес сөздерді сөз құрамына талдайды. Соңында тақтаға дұрыс нұсқасы ілінеді. Қателері түзетіледі.
Бағалау дескрипторы:
- түбірлес сөздерді теріп жазады;
- түбірлес сөздерді сөз құрамына талдайды;.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: 3- сабақ Түбір сөз Сәулет туындыларын тамашалау (3 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өткенді пысықтау «Сәулет өнері» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау (3 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 49-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: 44-сабақ Түбірлес сөздер (3 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 11-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары 43-сабақ Түбірлес сөздер 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, 43-сабақ Түбірлес сөздер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]